Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1373 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу, жайластыру және күтіп ұстау жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмысын белгілеу және ұйымдастыру ережесінде:
9-тармақта:
төртінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау органдары олар ұсынған материалдарды қарайды және бір ай мерзімде бастамашыға өз қорытындысын жібереді. Бастамашы барлық материалдар мен мемлекеттік органдардың қорытындыларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жібереді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәселені шекаралас мемлекетпен келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті бойынша тиісті келісім жобасын дайындайды.»;
10-тармақтағы «Бастамашы» деген сөз «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы «бастамашы өз құзыреті шегінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |