Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1291 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі« деген 5-бөлімде:
2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда:
4-бағандағы «2005-2008» деген сандар «2005-2009» деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағандағы «2131658» деген сандар «1958670» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «438500» деген сандар «131550» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «1177658» деген сандар «704670» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «606950» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
7-6ағандағы «1000000» деген сандар «1491950» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «2806568» деген сандар «1806568» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «826405» деген сандар «1334455» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
4-бағандағы «2005-2008» деген сандар «2005-2009» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «185000» деген сандар алынып тасталсын;
8-бағандағы «1147885» деген сандар «747885» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «585000» деген сандармен толықтырылсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
8-бағандағы «33083374» деген сандар «31724238» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «27610337» деген сандар «30104493» деген сандармен ауыстырылсын;
дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 66-жолда:
5-бағандағы «1110153» деген сандар «1053015» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «664661» деген сандар «607523» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 67-жолда:
5-бағандағы «761864» деген сандар «756106» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «338571» деген сандар «332813» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
7-бағандағы «14706428» деген сандар «14643532» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 543-жолда:
4-бағандағы «2004-2008» деген сандар «2004-2009» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «200000» деген сандар «262896» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «893853» деген сандар «724105» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «106852» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 544-жолда:
4-бағандағы «2004-2008» деген сандар «2004-2009» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «1350323» деген сандар «678622» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «671701» деген сандармен толықтырылсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
7-бағандағы «99529462» деген сандар «99592358» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «170049106» деген сандар «169207657» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «32842402» деген сандар «33620955» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
011 «Білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасында:
«Астана қаласында дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат салу» деген жолдағы «438500» деген сандар «131550» деген сандармен ауыстырылсын;
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті университеттік қалашығының екінші кезектегі объектілерін салу» деген жолдағы «1000000» деген сандар «1491950» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы көру кемістігі бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернатының құрылысы 185000» деген жол алынып тасталсын;
012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:
«Астана қаласы № 19 көшесінің оңтүстігіне қарай 1200 орындық мектеп салу, сол жағалау» деген жолдағы «664661» деген сандар «607523» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласының Промышленный кентінде 600 орынға арналған мектеп құрылысы» деген жолдағы «338571» деген сандар «332813» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында сол жақ жағалауда 3 шағын аудан бірінші тұрғын ауданында 1200 орынға арналған мектеп салу» деген жолдағы «200000» деген сандар «262896» деген сандармен ауыстырылсын;
3) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 249-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру (технико-экономикалық негіздемесі бойынша 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 2-208/04 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы);» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «14» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
«Пайдалануға берілген білім беру объектілерінің саны - 6 объект; құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін орындау - 14 объект бойынша;» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |