Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1289 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Денсаулық сақтау ісін реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 126-жолда:
4-бағандағы «2008» деген сандар «2009» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «670 000» деген сандар «867 216» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «382 602» деген сандар «156 939» деген сандармен ауыстырылсын;
9-баған «28 447» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 127-жолда:
5-бағандағы «1 350 589» деген сандар «1 153 373» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «448 089» деген сандар «250 873» деген сандармен ауыстырылсын.
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
8-бағандағы «27 617 748» деген сандар «27 392 085» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «59 961 175» деген сандар «59 989 622» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:
005 «Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша:
«Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешенін Оренбург көшесінде (Агроқалашық ауданында) (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) салу» деген жолдағы «670 000» деген сандар «867 216» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешен (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы, Грязнов - Колхозная - Репин көшелерінің бойынан) салу» деген жолдағы «448 089» деген сандар «250 873» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |