Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі« деген 5-бөлімде:
2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 73-жолда:
4-бағандағы «2005-2009» деген сандар «2005-2008» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «3 000 000» деген сандар «4 000 000» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «1 000 000» деген сандар алып тасталсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолдағы «10 156 707» деген сандар «11 156 707» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламадан тыс» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 303-жолда:
5-бағандағы «1 689 000» деген сандар «689 000» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «1 689 000» деген сандар «689 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламадан тыс жиыны» деген жолдағы «155 629 262» деген сандар «154 629 262» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |