Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1342 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.11.12. № 2091 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; |
«Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі» деген жолдағы «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Ахметов Тілеукен Зейнікенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |