Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
тақырыбында «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен, кіріспесінде, 2-бөлімнің тақырыбында аударымдарды есептеудің» деген сөздерден кейін «және аударудың» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың екінші абзацындағы және 7-тармақтың төртінші абзацындағы «тиісті» деген сөзден кейін «қаржылық» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақта:
алтыншы, жетінші, және сегізінші абзацтардағы «тиісті» деген сөзден кейін «қаржылық» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «3 пайызы» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;
2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы»;
сегізінші абзацтағы «құрайды» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын;
2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.»;
Ережеге 1, 2-қосымшаларда «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |