мемлекеттік резервтердің материалдық құндылықтарын сапалы және сандық сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету;
тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резервтер саласында тексеріс (тексеру) жүргізуге тарту;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тексеріс (тексеру) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуын тексеріс (тексеру) жүргізу.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) бар.
17. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын, жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
18. Бұл мақсаттарда Министр:
1) Министрліктің иелігіндегі мемлекеттік басқару салаларындағы, төтенше жағдайлар аясында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) мемлекеттік органның ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және мемлекеттік органда жүргізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрліктің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну және құрметті атақтар беру үшін ұсыныс енгізеді;
7) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Министрлік қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқама береді;
8) бөлімшелердің, ведомстволар мен ұйымдардың қызметтерін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) бірыңғай кадрлық саясатты жүргізеді;
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын және ол туралы ережені Министр бекітеді.
20. Жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады, оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимитінің шегінде Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрдің ведомстволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша, Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді;
15) Министрліктің бюджеттік тапсырысын дайындауды, оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетін Министрге бюджеттік тапсырысты ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келіскеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіліктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Өзіне жүктелген міндеттерін орындау үшін жауапты хатшы не жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
4. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады, және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Министрлік егер заңмен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.