15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келісілгеннен кейін органның қаржыландыру жоспарларын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
24. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан алқаның саны мен дербес құрамын бекітеді.
25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
27. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.