Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1259 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы, «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 409-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесінде:
2-тармақтың үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«босатылатын баға - бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегіндегі амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізу нәтижелері бойынша белгіленген босатылатын дәрілік заттардың бағасы;»;
«өтеу коэффициенті - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушіге дәрілік заттың босатылатын бағасынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейтін өтеу коэффициенті;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ерекше тәртіпті қолданыла отырып жүзеге асырылады.»;
17-тармақтың екінші абзацында «Бюджеттен тыс» деген сөздер «Бюджеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |