Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1252 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
1-тармақта «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң)» деген сөздер Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті» деген сөздер «облыстың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «жеке немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақта «жеке немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақта:
1), 2) тармақшаларында «техникалық» деген сөз алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны; қабылдау, сақтау, тазалау және беру, мақта талшығы мен мақта тұқымын ақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.»;
6-тармақта:
2) тармақшада «заңды тұлға үшін - «деген сөздер алынып тасталсын;
3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
8) тармақшада:
бірінші абзацтағы «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
«тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген сегізінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
«тиеу-түсіру тетіктерінің»;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«өрт сөндіру құралдарының»;
«қоршау құрылыстарының»;
9) тармақшада:
екінші абзацтағы «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
«тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
«тиеу-түсіру тетіктерінің»;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«өрт сөндіру құралдарының»;
«қоршау құрылыстарының»;
10) тармақшада «жеке тұлға немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтың бірінші абзацында «Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда,» деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтың 2) тармақшасында «жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.»
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
3) тармақшада:
төртінші абзац алынып тасталсын;
«тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген жетінші абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
«тиеу-түсіру тетіктерінің»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«өрт сөндіру құралдарының»;
4) тармақшада «орналасқан орыннан тыс жердегі» деген сөздер «тұрған жерден тыс орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тиеу-түсіру техникасының (жабдығының)» деген алтыншы абзац мынадай редакцияда баяндалсын:
«тиеу-түсіру тетіктерінің»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«өрт сөндіру құралдарының»;
5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.«.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |