Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 Қаулысы
(2006.02.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің облыстық, қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлiмдерi болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне төрағаның үш орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) қайта аталған мемлекеттік мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2005 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттiк) Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiктiң ережесi мен оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
4. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Агенттiктiң облыстарда және Астана, Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады.
7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесi, 41.
8. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке Агенттіктiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгі міндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
3) мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау болып табылады.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау және оны жетілдіру геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
нормативтік құқықтық кесімдер мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің осы талаптарды сақтауын қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу;
жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің бекітуіне енгізу;
жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
өз құзыретіне кіретін, жерді беру және оны алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын дайындау;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерімінің деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер теңгерімін жасау;
жердің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату;
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізy;
ұйымдардың жерге орналастыру жөніндегі, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын белгіленген тәртіппен жүргізуі бөлігінде олардың қызметін үйлестіру;
мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргізу;
географиялық ақпараттық жүйелер құру және жүргізу;
халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, басқа елдердің тиісті қызметтерімен қатынастарды қолдау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және өту сызықтарын тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарын жер кадастр карталарымен және жер учаскелерінің жоспарларымен қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар:
белгіленген тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібін анықталған бұзушылықтары жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсірулер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді шоғырландыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету;
жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасы мен техникалық талаптардың бұзылу фактілері белгіленген жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелерді бекіту; геодезиялық пункттерді есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторигін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін функциялар:
топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау мен есепке алу;
аэротүсірілімдік, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тіркеу, есепке алу және оларды жүргізуге рұқсат беру;
геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау; су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы және сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беру.
12. Агенттiктiң өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөніндегі және геодезия мен картография саласындағы қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңнамалық кесiмдерде көзделген негiздемелер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтары мен жердi пайдалану құқықтарын тоқтату туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгiзуге;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) жергілiктi атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетiн шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) геодезиялық, картографиялық және топографиялық өнімді міндетті сертификаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) геодезиялық және картографиялық жабдықтарды, аспаптарды және құралдарды метрологиялық бақылау мен қадағалауды жүргізуге құқығы бар.
3. Агенттiктiң мүлкi
13. Агенттiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14 Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктің бекiтілiп берiлген мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттікке заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Агенттiк төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттік төрағасының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
2) өзiнің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгiлейдi;
3) заңнамаға сәйкес Агенттіктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
5) Агенттіктің құрылымы мен штаттық кестесiн, сондай-ақ Агенттіктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекітедi;
6) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттiкті бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
19. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Астана қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2005 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
2. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақкөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
3. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Астрахан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
4. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аршалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
5. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Атбасар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
6. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бұланды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
7. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
8. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшілдер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
9. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ерейментау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
10. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Есіл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
11. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жақсы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
12. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жарқайың аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
13. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зеренді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
14. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қорғалжын аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
15. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сандықтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
16. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Целиноград аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
17. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шортанды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
18. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шучье аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
19. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көкшетау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
20. Ақмола облыстық аумақтық Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқармасы
21. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Әйтеке би аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
22. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
23. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Байғанин аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
24. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ырғыз аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
25. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарғалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
26. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қобда аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
27. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мәртөк аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
28. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мұғалжар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
29. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Темір аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
30. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Хромтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
31. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ойыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
32. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шалқар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
33. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтөбе қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
34. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
35. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
36. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алакөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
37. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Балқаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
38. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшіқазақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
39. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ескелді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
40. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
41. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Іле аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
42. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарасай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
43. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
44. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Кербұлақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
45. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көксу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
46. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Панфилов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
47. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Райымбек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
48. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарқант аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
49. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талғар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
50. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұйғыр аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
51. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талдықорған қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
52. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қапшағай қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
53. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
54. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жылыой аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
55. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Индер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
56. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Исатай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
57. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Құрманғазы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
58. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылқоға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
59. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мақат аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі