Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапасы: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
159-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 530 мың теңге (бес жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 284 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына материалдық көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезінде немесе босатылғаннан кейін әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауыру салдарынан қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін әлеуметтік көмекті уақытында қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қаза болған, қайтыс болған әскери қызмет- шілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер | Қаражатты облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері (басқармалары) ұсынған қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата- аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақы төлеміне қажеттіліктер туралы өтінімге сәйкес аударуды ұйымдастыру. | Жергілікті атқарушы органдардың берген өтініштеріне сәйкес жыл бойы. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақыларды төлеу.
Алушылардың жылдық болжамды орташа саны - 6 адам.
Түпкі нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын материалдық қолдау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына:
- әскери қызметін өткеру кезеңінде немесе жарақат, контузия, ауру себебінен әскери қызметтен босатылғаннан кейін (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 87750 теңге көлемінде.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктеріне сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдерді уақытында беру.
Сапасы: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер түрінде мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
160-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 61325 мың теңге (алпыс бір миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 8 , 9-баптары; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттар бойынша жүргізу: 1. Кәсіпорындарда қолданылатын қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғану құралдарының сапасын бағалау. 2. Қазақстан Республикасының экономикасының жетекші салаларындағы қызметкерлердің еңбек өнімділігіне өндірістік ортаның зиянды факторларының әсер етуі. 3. Еңбек жағдайының зиянды өндірістеріндегі қызметкерлерге дәрумендік дәрі-дәрмектер мен емдік-сауықтыру тағамдарын қолдану негізінде еңбек жағдайларына адам ағзасының бейімделуі мен қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін зерттеу. 4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуге қойылатын талаптарды ғылыми негіздеу. 5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға тәуелсіз аудит жүргізудің ғылыми қағидаттарын әзірлеу. 6. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер ағзасының қол күші жұмысынан физиологиялық өзгерулері мен бейімделуін және нақты өндірістік жағдайларда ауыр жүктерді қолмен тасымалдау және көтеру кезіндегі өндірістік жүктемелердің регламенттелуін зерттеу. 7. Өнеркәсібі кәсіпорындарындағы кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі қызметкерлердің медициналық қызмет көрсетудегі тиімді жүйесін жасау. 8. Экономиканың жетекші салаларында еңбекті қорғаудың басқару жүйесі үшін қауіпсіздік критерийлерін әзірлеу. 9. Аймақ көлемінде өндірістік жарақат алуды талдау мен ақпараттық жүйеге келтіру есебін жасау. 10. Еңбекті қорғау қызмет жұмыстарын ұйымдастыруды бағалау және оның жарақат алуды төмендетуде әсерін белгілеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5 %, санитария-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1 %, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8 % төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 6 132,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
161-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8210718 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз он миллион жеті жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;
- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу;
- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;
- Орталықтандырылған деректер қорының (Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры) жұмыс істеуін қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету | Зейнетақылардың; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің; мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылардың; жерлеуге берілетін жәрдемақылардың; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің; радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға зейнеткерлерге бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылардың; бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың; бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақылардың; ақталған азаматтар - саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін ақшалай өтемақылардың төленуін қамтамасыз ету. Зейнетақылар мен жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін алушылардың іс-қағаздар макетін калыптастыру. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу мен жұмыс берушілерге қате төлемдерді қайтару. Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген есебін жүргізу, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді уақытында аудару. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерден жүргізілген ұстап қалулар туралы алушыларды хабарландыру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына қате аударылған төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Деректерді беретін корпоративтік желілерді қолдау үшін байланыстың жоғарғы жылдамдықты арналарын жалдау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметтер шегінде есептік техника, резервтік орталық үшін жабдықтар, жиһаздар, өзге де материалдық және материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық, қалалық, аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын автоматтандыру.
Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер деректер базасының тиімді жұмыс істеуі.
Орталықтандырылған деректер қоры және Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын қолданушылар (Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың филиалдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттері, Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары) арасындағы деректер берудің корпоративтік желілерінің жұмыс жағдайын қолдау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақылардың, жәрдемақылардың және әлеуметтік төлемдердің толық, дұрыс және уақытылы төленуін қамтамасыз ету;
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік жарналардың және Қордан әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын және толық есепке алуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың шоттары арқылы өткізілетін қаржылық ағымдарға әкімшілік ету шығындарының үлесі "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатысты 1,32 пайызға дейін төмендейді.
Уақтылығы: бір жыл ішінде күн сайын.
Сапасы: зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы және толық төленуін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
162-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64757 мың теңге (алпыс төрт миллион жеті жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтама- сыз ету | Жұмыспен қамту базасы бойынша бағдарламалық -қолданбалы бағыныңқы жүйені сүйемелдеу, қолдау: - өңірлер ақпараты базасында жұмыспен қамту деректер базасын актуализациялау; республикадағы еңбек рыногының күйі бойынша ақпараттық-талдау материалын даярлау. Шетелдік жұмыс күшінің әкелінуіне мониторинг жүргізу: - өңірлер, қызмет түрлері бойынша өзге елдерден мамандарды тартатын жұмыс берушілер базасын қолдау; - өтініштер мен олар бойынша берілген рұқсатнамалар жөніндегі деректер базасы; - шетелдік мамандарды дербес есепке алудың деректер базасы; - қосымша жұмыс орындарын құру, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының қайта оқытылған азаматтарының саны туралы деректер базасы. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бағдарламалық-қолданбалы бағыныңқы жүйесін сүйемелдеу, қолдау: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақылар алушылардың өңірлік базасын сүйемелдеу. Өзге де активтерді сатып алу: (оны платформа ретінде қолданатын серверлік қосымшаларға арналған операциялық жүйе, қосымша модульдері бар кәсіби кеңселік десте, желіге мониторинг жүргізу және оны қорғау жөніндегі құралдар, құжат айналымын автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасау, сайтты сүйемелдеуге арналған әзірлеме құралдары, деректерді резервтік көшірмелеу және деректерді қалпына келтіру, вирусқа қарсы және т.б. құралдар). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу. Пайдаланудағы деректер базасын кеңейту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. «Әлеуметтік Карта» ақпараттық жүйесінің жаппай енгізілуін ескере отырып «Атаулы әлеуметтік көмек» ақпараттық-есептеу жүйесін дамыту. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар ақпараттық жүйесін облыстарда, Астана, Алматы қалаларында әзірлеу және енгізу.
Түпкі нәтиже:
- орталық және өңірлік атқару органдарын ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; www.enbek.kz сайтында халықты елдің еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс жағдайы жөнінде ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенің енгізілуі пайдаланушылардың еңбек өнімділігін орта есеппен 10 пайызға арттырады.
Уақытылылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: қабылданған шаралар кедейлікті төмендетудің белсенді саясатының іске асырылуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Халықтың елдегі еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың күйі жөнінде хабардар етілуі халықтың еңбек ұтқырлығына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
163-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық
жүйесін дамыту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 750000 мың теңге (жеті жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысы 2-тармағының 5.1.2.-тармақшасы; «2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысының 10-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін жасау және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына бақылау жасау және мониторинг ұйымдастыру;
- зейнетақы жүйесіне қатысушылар (салымшылар) шарттарының бірыңғай қорының өзектендірілуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесін дамыту | 1. Мүгедектердің Орталықтандырылған Деректер Қорын құру: 1. Жүйені қолданушылар үшін корпоративтік телекоммуникациялық желіні ұйымдастыру, Деректер Банкіне толығымен кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету. 2. Компьютерлік жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын және электр жабдықтарын сатып алу. 3. Oracle лицензиялық өнімдерді сатып алу. 4. МОДБ деректерін сақтайтын жүйені кеңейту. 2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің тиімділігін қамтамасыз ету және міндетті зейнетақы жарналары бойынша "бір салымшы - бір қор" принципін жүзеге асыру: 1. Зейнетақы жинақтарының мониторингі бойынша бағдарламалық өнімді сатып алу және іске қосу. 2. Компьютерлік, ұйымдастыру техникаларын және электр жабдықтарын сатып алу. 3. Oracle лицензиялық өнімдерді сатып алу. 4. Аналитикалық жүйе бойынша бағдарламалық өнімді әзірлеу және іске қосу. | Сәуір-мамыр-маусым. Сәуір-мамыр-маусым Сәуір-мамыр-маусым Шілде-тамыз-қыркүйек Тамыз-қыркүйек-қазан Сәуір-мамыр-маусым Сәуір-мамыр-маусым Шілде-тамыз-қыркүйек | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ҚР ЕХӘҚМ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменттеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріндегі жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектерді есепке алу 98%-ға жеткізілетін болады.
Зейнетақы аударымдарының жалпы санындағы қайтарымдардың абсолюттік сомасын 2-3%-ға дейін төмендету.
Зейнетақы салымдарының 100% құпиялылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
164-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген,
адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» деген 016 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 267 424 мың теңге (бір миллиард екі жүз алпыс жеті миллион төрт жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 945-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- таратылған заңды тұлғалардың бірінші кезектегі, кредиторлар алдындағы, зиянды өтеу жөніндегі мерзімді уақыттық төлемдерді капиталдандыру бөлігінде өтеу;
- зардап шеккендерге тиесілі сомаларды заң актілерінде қарастырылған тәртіппен уақтылы төлеу.