Банктiң салымдық тәуекел дәрежесi бойынша
сараланған активтерiнiң есебiне түсiндiрме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетiлген құны аталған активтер аумағының 50 процентiнен кем емес қамтамасыз етуi бар (салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі), осы тармаққа сәйкес банкте түзетiлген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкiндiк беретiн осыған ұқсас есепке алу жүйесi болған жағдайда түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесiмен сараланған активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн заемдар.
Түзетiлген қамтамасыз ету құны (салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:
салымдардың 100 проценттiк сомасы, оның iшiнде осы банктегi қамтамасыз ету ретiнде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берiлген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 процентi;
қамтамасыз етуге берiлген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 процентi.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етiлмеген бөлiгi салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесi бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырылған) банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесi бойынша (банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) сараланған активтердiң есебiне қарызгердiң тәуекелi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, заемдардың, инвестициялардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлдiң (сақтандырылушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
3. Осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылады:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға, тәуекел дәрежесi осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген қамтамасыз етудiң барлығына қатыссыз, салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiнiң кестесiне сәйкес сараланады.
4. Осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылады:
1) Оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелген, бірақ Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "AA-"-дан төмен емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар немесе мiндеттемелерiнiң барлық сомасының қамтамасыз етуi ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар бас ұйымның тиiстi кепiлдiгі барларына;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты болып табылатын немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар немесе мiндеттемелерiнiң барлық сомасының қамтамасыз етуi ретіндегі борыштық рейтингi аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиiстi кепiлдiгi барларына, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе уәкiлеттi орган белгiлеген оффшорлық аймақ тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттер азаматтарына қойылатын талаптардан басқа не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзiлген немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты болып табылатын не аталған оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға қойылатын талаптардан басқаларына тәуекел нөл дәрежесi бойынша сараланады.
5 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Банктің салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерін есептеу мақсатында:
ипотекалық тұрғын үй заемы ретінде жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық заем түсініледі;
тұтынушылық кредит ретінде жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингi болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
7 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелдi ескере отырып, активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген активтерден басқа кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланатын активтердiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлмейдi.
8. ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен алып тасталды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген
шартты және ықтимал мiндеттемелер кестесi
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициентi проценттермен |
I топ |
1 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: StaNdard да Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); банк өкіміне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен; StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "AA-"-ден төмен емес тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, StaNdard & Poor's агенттiгiнiң жоғары және "АА-"-ден деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерi шығарған осы нұсқаулықтың 17-бабында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер. | 0 |
3 | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналар бойынша: StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен; банк өкіміне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер; | 0 |
4 | Банк талабы бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын болашақта заемдар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
5 | Банктiң сыртқы заемдарын тартқан және борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде банктiң еншiлес компанияларының пайдасына берiлген банктiң мiндеттемелерi мен кепiлдемелерi. | 0 |
5-1 | Банк берілген заемдарды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ |
6 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен 6 салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
7 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: StaNdard & Poor's агенттiгiнен "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 20 |
8 | Банк аккредитивтерi мыналар бойынша: StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "AA-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегі рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер. | 20 |
ІІІ топ |
9 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер. | 50 |
10 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "BBB"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Sta№dard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiкпен (кепiлдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерiмен; StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен; StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-ден "AA-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер. | 50 |
11 | Банк аккредитивтерi мыналар бойынша: StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ"-ден "AA-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiкпен (кепiлдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерiмен; StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "BBB"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен; StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; StaNdard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 50 |
12 | "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
IV топ |
13 | Банкке қаржы құралдарын сату және банк керi сатып алатын мiндеттемесi туралы келісім | 100 |
14 | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
15 | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
16 | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
Кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген
банктiң шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң
есебiне түсiнiктемелер
2 абзац 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi (орыс тіліндегі мәтінін қара)
Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелiн ескере отырып шартты мен ықтимал талаптары және мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелер валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбатты металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелердi қоспағанда кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлмейдi.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 3-қосымшасы
Туынды қаржы құралдарына арналған кредит тәуекел
коэффициенттерiнiң (проценттермен) кестесi
Өтеуге дейiн қалған мерзiм | Сыйақы ставка- сымен байла- нысты опера- циялар | Валюта және алтын ба- ғамдарының өзгеруiне байланысты операциялар | Акция- лармен байла- нысты опера- циялар | Алтыннан басқа қымбат металдармен байланысты операциялар | Қымбат металдардан басқа құндылықтар мен байланысты операциялар |
Бір жыл және одан да кем | 0 | 1 | 6 | 7 | 10 |
Бір жылдан бес жылға дейiн | 0,5 | 5 | 8 | 7 | 12 |
Бес жылдан астам | 1,5 | 7,5 | 10 | 8 | 15 |
Осы кестеде көрсетiлген бірде бір санаттарына жатпайтын туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялары "Қымбат металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар" санатында көрсетiлген кредит тәуекел коэффициенттерi бойынша өлшенуге тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 4-қосымшасы
Халықаралық қор биржалары болып мойындалған
сауда-саттық ұйымдастырушылардың тiзiмi
1. Чикаго тауар биржасы (Chicago MercaNtile ExchaNge)
2. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
3. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (LoNdo№ INterNatio№al FiNa№cial Futures aNd OptioNs ExchaNge)
4. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (Fre№ch INterNatioNal FiNa№cial Futures ExchaNge MATIF)
5. Франкфурт қор биржасы (FraNkfurt Stock ExchaNge)
6. Стокгольм қор биржасы (Stockholm ExchaNge)
7. Стамбул қор биржасы (IstaNbul Stock ExchaNge)
8. Шанхай қор биржасы (ShaNghai Stock ExchaNge)
9. Шэньчжень қор биржасы (SheNchzhe№ Stock ExchaNge)
10. Америка қор биржасы (AmericaN Stock ExchaNge)
11. Афина қор биржасы (AtheNs ExchaNge)
12. Австралия қор биржасы (AustraliaN Stock ExchaNge)
13. Испания бірлескен қор биржасы (ВМЕ SpaNish ExchaNges)
14. Италия қор биржасы (Borsa ItaliaNa SPA)
15. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
16. Монреал қор биржасы (Bourse de MoNtreal)
17. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)
18. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board OptioNs ExchaNge)
19. Копенгаген қор биржасы (CopeNhage№ Stock ExchaNge)
20. Немiс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
21. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Amsterdam)
22. Брюссельдегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Brussels)
23. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext LisboN)
24. Париждегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Paris)
25. Кұрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кiретiн бірлескен қор биржасы (Hex INtegrated Markets Ltd.)
26. Гонконг қор биржасы (HoNg KoNg ExchaNges aNd CleariNg)
27. Ирландия қор биржасы (Irish Stock ExchaNge)
28. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock ExchaNge)
29. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities ExchaNge South Africa)
30. Оңтүстiк Корея қор биржасы (Korea Stock ExchaNge)
31. Лондон қор биржасы (LoNdoN Stock ExchaNge)
32. Мальта қор биржасы (Malta Stock Excha№ge)
33. Үндiстан ұлттық қор биржасы (Natio№al Stock ExchaNge of INdia Limited)
34. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock ExchaNge)
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New ZealaNd ExchaNge)
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities ExchaNge)
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
38. Фйлиппин қор биржасы (PhilippiNe Stock ExchaNge)
39. Сингапур қор биржасы (SiNgapore ExchaNge)
40. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss ExchaNge)
41. Токио қор биржасы (Tokyo Stock ExchaNge)
42. Австрия қор биржасы (WieNer bourse AG)
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 5-қосымшасы
Уақытша аралығы бойынша ашық позицияларды бөлу
Ай- мақ- тар | Уақытша ара- лықтар | Ашық пози- циялар | Өлшеу коэф- фици- енті | Ашық өлшенген позициялар | Жабық өлшен- ген пози- циялар | Өлшенген ашық по- зициялар жиынтығы |
| | ұзақ | қыс- қа | ұзақ | Қыс- қа | ұзақ | қыс- қа |
1 | 1 айдан кем | | | 0,00 | | | | | |
1-3 айлар | | | 0,002 | | | | | |
3-6 айлар | | | 0,004 | | | | | |
6-12 айлар | | | 0,007 | | | | | |
1 аймақ жиынтығы | | | |
2 | 1-2 жылдар | | | 0,0125 | | | | | |
2-3 жылдар | | | 0,0175 | | | | | |
3-4 жылдар | | | 0,0225 | | | | | |
2 аймақ жиынтығы | | | |
3 | 4-5 жыл | | | 0,0275 | | | | | |
5-7 жыл | | | 0,0325 | | | | | |
7-10 жыл | | | 0,0375 | | | | | |
10-15 жыл | | | 0,0450 | | | | | |
15-20 жыл | | | 0,0525 | | | | | |
20 жылдан астам | | | 0,06 | | | | | |
3 аймақ жиынтығы | | | |
Аймақтар бойынша жиынтығы | | |
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 6-қосымшасы
Проценттiк тәуекелдiң жалпы есебi
Позициялар атауы | Сомасы |
Аймақтар бойынша өтемақы берiлген, өлшенген позициялардың есебi | |
1 аймақ | |
Уақытша аралығы бойынша өлшенген жабық позициясы бойынша жиынтығы | |
Өлшенген ашық позициясы (ұзақ) | |
Өлшенген ашық позициясы (қысқа) | |
Ашық позиция жиынтығы бойынша өлшенген жабық позиция | |
Өлшенген ашық позициясы | |
2 аймақ | |
Уақытша аралығы бойынша өлшенген жабық позициясы бойынша жиынтығы | |
Өлшенген ашық позициясы (ұзақ) | |
Өлшенген ашық позициясы (қысқа) | |
Ашық позиция жиынтығы бойынша өлшенген жабық позиция | |
Өлшенген ашық позициясы | |
3 аймақ | |
Уақытша аралығы бойынша өлшенген жабық позициясы бойынша жиынтығы | |
Өлшенген ашық позициясы (ұзақ) | |
Өлшенген ашық позициясы (қысқа) | |
Ашық позиция жиынтығы бойынша өлшенген жабық позиция | |
Өлшенген ашық позициясы | |
1 және 2 аймақтар аралығында жабық позиция | |
2 аймағы бойынша қалдық ашық позициясы | |
1 аймақ бойынша қалдық ашық позициясы | |
2 және 3 аймақтар бойынша жабық позиция | |
3 аймақ бойынша қалдық ашық позициясы | |
2 аймақ бойынша қалдық ашық позициясы | |
1 және 3 аймақтар бойынша жабық позиция | |
1 аймақ бойынша қалдық ашық позициясы | |
3 аймақ бойынша қалдық ашық позициясы | |
Ашық өлшенген қалған позиция | |
Аймақтар бойынша өлшенген жабық позициялар сомасының 10 проценттерi | |
1 аймақ бойынша өлшенген жабық позициялардың 40 проценттерi | |
2 аймақ бойынша өлшенген жабық позициялардың 30 проценттерi | |
3 аймақ бойынша өлшенген жабық позициялардың 30 проценттерi | |
1 және 2 аймақтар аралығында өлшенген жабық позициялардың 40 проценттерi | |
2 және 3 аймақтар аралығында өлшенген жабық позициялардың 40 проценттерi | |
1 және 3 аймақтар аралығында өлшенген жабық позициялардың 100 проценттерi | |
Өлшенген ашық қалған позицияның 100 проценттерi | |
Жалпы проценттiк тәуекел жиынтығы | |