213. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы.
214. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы.
215. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта өндіру мен жүнді қайта өңдеу бөлігінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы (бұдан әрі - реттелетін сала), тамақ өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен өзіне жүктелген арнайы атқару, бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын орындайтын ведомство және уәкілетті орган болып табылады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің реттелетін саладағы аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламалары мен жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдары мен банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесі.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалаларда, аудандарда аумақтық инспекциялары, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттері бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлімшелері болады.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру жөніндегі құқықтар берілген жағдайда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласын және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін саладағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады;
2) пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін жүргізеді;
3) селекция, сұрыпты сынау және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырады;
4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
5) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
7) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастырады;
8) халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда уақытша ветеринариялық шаралар енгізеді;
9) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өcipу, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға қатысады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды жүзеге асырады;
11) ветеринариялық есеп, есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады;
12) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
13) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшалау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
14) аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы күресуге арналған пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын жасайды;
15) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үлестіреді;
16) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық іс-шаралар ұйымдастырады, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық іс-шаралар жүргізудегі қызметін, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды үйлестіреді;
17) фитосанитариялық есеп жүргізуді және есеп беруді ұйымдастырады;
18) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объектілердің болуы және олардың таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор жасайды;
19) реттелетін саладағы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
20) республика бойынша өсімдік шаруашылығы өнімі мен тұқымдар теңгерімдерін жасайды;
21) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асырады;
22) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды;
23) астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешімдер қабылдайды;
24) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
25) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды, лицензиялар беруді, қайтарып алуды, тоқтата тұруды, тоқтатуды, олардың қолданылуын жаңғыртуды жүзеге асырады;
26) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді.
11. Комитет мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттамалар жасайды және нұсқамалар береді;
3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция жүргізеді;
4) тұқым шаруашылығы және астықтың сапасы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын, сандық-сапалық жай-күйін бақылайды;
6) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (иесі бүркемеленгендерін қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (иесі бүркемеленгендерін қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астық сақтау, астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауды бақылайды;
7) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
8) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуді және тасымалдауды (алып жүруді) бақылауды жүзеге асырады;
9) бірегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
10) ветеринариялық препараттардың партияларын (серияларын), приборларды, аспаптарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды жарнамалау кезінде олардың сапасын анықтауды, тіркеу сынақтарын, бақылауды ұйымдастырады;
11) жаңа ветеринариялық препараттарға, приборларға, аспаптарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар және тіркеу куәліктерін береді;
12) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтан өткізуді және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді қолдану құқығына тіркеу куәліктерін береді;
14) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
15) мыналарды:
фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
16) әкелінетін және әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, сондай-ақ жіберілетін пунктін ескере отырып, карантиндік тексеріс, зертханалық сараптама және фитосанитариялық сертификаттау жүргізеді;
17) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі карантинге жатқызылған импорттық өнімнің карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын тексеруді ұйымдастырады;
18) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттарының негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп әзірленген карантиндік шараларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
19) мыналарды:
әкетілетін карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттар;
карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдауға карантиндік сертификаттар;
карантинге жатқызылған өнімді әкелуге импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
20) өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді бақылайды;
21) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
22) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (иесі бүркемеленгендерін қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы сертификатын беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
23) мал шаруашылығында жаңа селекциялық жетістіктердің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
24) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді жүзеге асырады;
25) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
26) базарларда, өндіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды жүзеге асырады;
27) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөліктерін анықтайды, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асырады, импортталатын елге растама береді және оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
12. Комитет негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының реттелетін сала мәселелері жөніндегі заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың бақылау объектілеріне кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға нұсқамалар беруге;
3) ерекше жағдайларда соттың шешімінсіз көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап бере отырып, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе тыйым салуға;
4) карантинге жатқызылған жүктерге және объектілерге тексеріс, фитосанитариялық сараптама жүргізу кезеңінде және зарарсыздандыру қажет болған кезде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау немесе шетелдерден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртіп қоюға;
5) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органына хабарлауға;
6) басқа мемлекеттерден әкелінетін фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтері зерделенбеген карантинге жатқызылған өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);
7) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін іріктеп алуға;
8) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
9) мемлекеттік органдарға реттелетін сала мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
10) сотқа талаптармен жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оларды қарауға қатысуға;
11) ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
12) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның, субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің, сондай-ақ субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы құқығын куәландыратын аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады әрі негізгі және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Комитет төрағасының ұсынымы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) Комитет қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
2) Министрлікпен келісім бойынша Комитеттің аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді.
19. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
құрылымы
Басшылық
Фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасы
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік басқармасы
Мемлекеттік сатып алу және әкімшілік жұмысы бөлімi
Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспекция бөлімi
Астық нарығын реттеу, тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік инспекция бөлімi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
Ақмола облысы
1. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы
2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы
3. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы
5. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы
6. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы
7. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы
8. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы
9. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясы
10. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы
11. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы
12. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы
13. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы
14. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы
15. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы
16. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы
17. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы
18. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Щучье аудандық аумақтық инспекциясы
19. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы
20. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Степногор қалалық аумақтық инспекциясы
Ақтөбе облысы
21. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы
22. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы
23. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы
24. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы
25. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы
26. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы
27. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы
28. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы
29. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы
30. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы
31. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы
32. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы
33. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы