7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгізу деңгейі мен мониторингі және медициналық технологияларды тиімді пайдалану; денсаулықты нығайтуға бағытталған БДҰ-ның "Ауруханалар" жобасын іске асыру сапасын бағалау; Медициналық орталықтың мекемелері мен кәсіпорындарына әзірленген және енгізілген ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру бағдарламалары - 2 бірлік; медицина ұйымдарының аурулары мен қызметшілерін басқару жөніндегі халықаралық бағдарламаларды енгізу - 4 бірлік; Медицина орталығы өткізетін барлық іс-шараларды техникалық сүйемелдеу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлімет алуын, біліктіліктерін және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасын 100 пайыз арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне жобаланған шығын көлемі шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бірлік байланыс құралының, жабдықтың орташа құны - 117,5 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы: мемлекеттің көрсететін қызмет деңгейіне қанағаттану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
456-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 127740 мың теңге (бір жүз жиырма жеті миллион жеті жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдегі дұрыс имиджін нығайту.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халықты хабардар ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу | Жоғары кәсіптік деңгейде бейнематериалдар дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын негізгі материалдардың негізінде кәсіби бейне-касеталар мен лазерлік компакт-дискілер арқылы толықтыру. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын хронология бойынша жүйелендіру. Бейне материалдар әзірлеу және республикалық телеарналар, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша көрсету. Қазақстан Республикасы Президентінің бейне мұражайын материалдармен толықтыру. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметі туралы деректі фильм шығару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің опеpативтік ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық іс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейі - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсіби, жоғары сапалы, көкейкесті, уақыт талаптарына сай 12 деректі бейнефильм шығару.
Tүпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларды халыққа жеткізу мақсатында әзірленген бейнематериалдарды республикалық телеарналарға одан әрі орналастыру, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі телерадиокомпаниялармен өзара қызмет ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір деректі фильмді өндіруге жұмсалатын шығынның орташа құны 4543 мың теңге;
бейнематериал әзірлеудің, оны көрсетудің, сондай-ақ бейнемұрағатты толықтырудың бір сағаты - 139,2 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген жұмыс кестесі бойынша орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы ақпарат орналастыру арқылы халықты толық хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
457-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 167070 мың теңге (бip жүз алпыс жеті миллион жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Орман кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бурабай таулы-орман кеңістігінің экожүйесінің тұтастығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бурабай таулы-орман кеңістігінің бірегей табиғи кешенін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту | "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін ұстау үшін орман, жануарлар дүниесін қорғау бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін орман, жануарлар дүниесін, су ресурстарын сақтау, қорғау және молайту саласында "Бурабай" МҰТП-ның "Табиғат шежіресінде" табиғи процестер мен құбылыстарды тіркеу" ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 264 штат санын ұстау. Орман шаруашылығы, орман өсімдіктері, өрт сөндіруге қарсы, орман қорғау, биотехникалық, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: табиғи кешеннің сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған жолақты күту, 83 511 ға алаңында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
Сатып алу: катер - 1 бірлік, автокөлік КАМАЗ - 1 бірлік, УАЗ-31512 - 2 бірлік, турбоаэратор - 1 бірлік, мотоцикл - 4 бірлік, косилка - 1 бірлік, компьютер - 6 бірлік.
Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 2 000, 6 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.
Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10 пайыз алаңның азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
458-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін
салу және реконструкциялау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12 970 964 мың теңге (он екі миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астананың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының абыройын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізу жағдайын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс бойынша жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инвестициялық жобаларын іске асыру: 1) 30000 көрерменге арналған жабық стадион (өзеннің сол жағалауында); 2) Есіл өзенінің сол жағалауындағы 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж қосымша үй-жайларымен; 3) авиациялық техника тұрағы және "Бүркіт" авиакомпаниясының техникалық ғимараты; 4) Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесінің мұражай аумағындағы визит-орталығы; 5) Министрліктер үйі. Дизельдік шағын станция; 6) Үкімет үйі мен Министрліктер үйі ғимараттары арасындағы өткел (Мемсараптама 2006 жылғы 10 наурыз 12-117106). 7) Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласындағы «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 2-481/06 қорытындысы)»; 8) Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясы. Астана қаласындағы № 1 учаскені абаттандыру (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 2-142/07 қорытындысы); 9) Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 2-151/07 қорытындысы); 10) Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту (ТЭН-ге арналған «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 7-130/07 қорытындысы); 11) Астана қаласында 240 орындық балабақша салу; 12) Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу; 13) Астана қаласында Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы Бейбітшілік және Келісім сарайы (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-684/06 қорытындысы); 14) А-319 әуе кемесіне ангар салу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 30000 көрерменге арналған жабық стадион, Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесінің мұражай аумағындағы визит-орталығы, дизельдік шағын станция, Үкімет үйі мен министрліктер үйі ғимараттары арасындағы өткел құрылысын аяқтау, Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж, авиациялық техника тұрағы және "Бүркіт" авиакомпаниясының техникалық ғимаратын салу мыналар бойынша мемсараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама:
Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық, Астана қаласындағы 240 орынға арналған балабақша, Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту;
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясының № 1 учаскесін абаттандыру, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайын салу, А-319 әуе кемесіне авиациялық ангар салу
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының абыройын арттыру мақсатында объектілерді пайдалануға беру, мемлекеттік органдарды жаңа, қазіргі заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: экономикалық тиімділік Астананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: бекітілген шартқа және жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
459-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 560 024 мың теңге (бес жүз алпыс миллион жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту | Автокөлік сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 45 кем емес бірлікпен толықтыру.
Түпкі нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 25045,0 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.
Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
460-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7935 мың теңге (жеті миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру | Шетелдік жетекші клиникаларда және ғылыми орталықтарда дәрігерлердің біліктілігін мынадай тақырыптар бойынша арттыру: - әлеуметтік медицинаның, денсаулық сақтау экономикасының өзекті мәселелері; - хирургиядағы, урологиядағы, пульмонологиядағы эндоскопиялық диагностика және емдеу; - шұғыл жағдайдағы терапия; - диагностиканың қазіргі заманғы әдістері (магниттік-резонансты томография); - ультрадыбыс диагностикасындағы жаңа технологиялар; - функционалды диагностикадағы жаңа технологиялар (электронейромиография). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медициналық мекемелердің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өткен дәрігерлер саны - 13 бірлік.
Түпкі нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 15 бірлік.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 610,4 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралары бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.
Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 3,5 пайыз дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
461-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Күйгенжар» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 522088 мың теңге (бec жүз жиырма екі миллион сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелес арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | "Күйгенжар" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | "Күйгенжар" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: шарттық міндеттерді орындау деңгейі - 100 пайыз.
Түпкі нәтиже: "Күйгенжар" АҚ қаржылық жағдайын сауықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Күйгенжар" АҚ табысын және тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу.
Сапасы: шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
462-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені»
КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 тамыздағы Заңның 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін баяндау арқылы халық арасында патриотизмді насихаттау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" Коммерциялық емес АҚ жарғылық капиталын ұлғайту үшін арнайы компьютерлік жабдық сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: Мемлекет Басшысының қызметіне, оның ел аймақтары бойынша жұмыс сапарларына және өзге де маңызды іс-шараларына сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: компьютерлік жабдықтың орташа құны - 7142,9 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халыққа толық ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1225 қаулысына
463-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратын ұстау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2 185 049 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бес миллион қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.