жабдықтардың, операциялық жүйелердің және деректер қорының жұмысқа қабілеттілігін қолдау және олардың кенеттен бұзылуын болдырмау;
мемлекеттік органдардың Серверлік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
412-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын басқаруды
қамтамасыз ету» деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 729836 мың теңге (жеті жүз жиырма тоғыз миллион сегіз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған ғарыштық қызметті дамыту туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» туралы қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және телехабар тарату ұлттық спутнигінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: басқа елдермен - Халықаралық Электр байланыс Одағының мүшелерімен қазақстандық спутникке орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізу; байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыруды қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымның жерден басқару кешенінің қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету | Қазақстандық спутниктің орбиталық позицияларын үйлестіруді жүзеге асыру, байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыру, ғарыштық қызмет нәтижесінде залал келтірген үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ұстау үшін "Ғарыштық байланыс радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамына түрлі басқа ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) талдау, жиілікті-орбиталық жоспарларды негіздеу және талдау, KAZSAT жүйесіне жиіліктер беруді халықаралық үйлестіру; Тапсырыс берушінің Байланыс әкімшісіне және тікелей Тапсырыс берушіге беру үшін жиіліктердің жоспарлы және жоспарланбаған жолақтарына халықаралық өтінімдік құжаттар жобаларын талдау, ресімдеу және әзірлеу, KAZSAT жүйесіне жиіліктер беруді халықаралық үйлестіруді жүргізу; Зерттеу комиссияларында жиіліктердің тиісті жолақтарын регламенттеу мәселелерін қарау кезінде ұсыныстарды негіздеу және жасау; үйлестіруді ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету; жиіліктерді беру жүйесін халықаралық үйлестіру және тіркеу бойынша есептерді жүйелі негізде әзірлеу және ұсыну; арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау (түрлеу);
2) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыру, ғарыштық қызмет нәтижесінде залал келтірген үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
3) "метеостанция-2" мүліктік кешенінің ағымдағы ұсталуы.
Түпкі нәтиже: байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік сатып алу үдерістерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізу.
Уақтылығы: қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншікті орбиталық позицияларын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сақтандыру оқиғасы туындағанда қорғауды қамтамасыз ету, «Метеостанция-2» мүліктік кешенінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
413-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін
ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 623 633 мың теңге (үш миллиард алты жүз жиырма үш миллион алты жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы; «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерде қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2007 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы | Субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының залалдарына өтемақы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3623633 мың теңге көлемінде.
Түпкі нәтиже: жалпы 70-80 пайыз ауылдық елді мекендерден 7 660 телефондандырылған ауылдық елді мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 5928 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
414-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын,
әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем
тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттер»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 29 673 мың теңге (жиырма тоғыз миллион алты жүз жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтерін ребаланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысы; «Телекоммуникацияның қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төлем тарифтерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін жоғарылату жағдайында телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылауын өтеу ережесіне сәйкес осы қызметтерге тарифтер жоғарылаған жағдайда әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерінің төлемақысын өтеуге төлемдерді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға тоқсан сайын әкімшіліктердің тапсырыстар ұсынуы бойынша тұрғын үй жәрдемақысы тетігі арқылы телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге арналған мақсатты ағымды трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 33 840 телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға компенсация төлеуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғауын қажетті деңгейде ұстау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қалалық телекоммуникация желілерінің әлеуметтік қорғалатын 1 абонентіне шаққанда шығатын шығын - айына 69 теңге және соған сәйкес, жылына 828 теңге.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес мақсатты ағымды трансферттер аудару.
Сапасы: абоненттік төлемдерге тарифті көтеру бөлімінде қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалған азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
415-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 211 289 мың теңге (үш миллиард екі жүз он бір миллион екі жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестенгізу нөміріне (бизнес сәйкестенгізу нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік электрондық қызметтерге халықтың жылдам және сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;
«электрондық үкіметтің» қызметтеріне қолжетімділікті қалыптастыру және қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып азаматтарға жаппай тиімді ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
«электрондық үкімет» инфрақұрылымын ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
деректерді беру ашық желісі арқылы қорғалған электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігімен әртүрлі банкалық төлем жүйелеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдаланушылардың бірыңғайландырылған қолжетімділігінің тетігін құру;
жағымды ұстанымдылықтың әйгіленуін және барлық мемлекеттік электрондық қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | 100 | | Мемлекеттік дерекқор құру | 1. «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Адрестік тіркелім» және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ жобаларды басқару, әзірлеу, дамыту және ендіру бойынша қызметтерді сатып алу. 2. «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» МДҚ сертификаттау бойынша қызметтерді сатып алу. 3. Техникалық құралдарды сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
3 | | 101 | Мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесін құру | 1. ЭҚАБЖ бағдарламалық платформаны дамыту бойынша талдаулық жұмыстар. 2. Жеке және заңды тұлғалардың, МО ЭЦҚ қолданумен ЭҚАБЖ тәжірибелік пайдалану нәтижелерінің талдауы және электрондық мұрағаттар, жеке және заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесінде ЭЦҚ қолдану бөлігінде стандарттарды бекіту. 3. Жүйенің өндірімділігін оның ішінде есеп берудің механизмдерін қалыптастыруды оңтайландыру үшін IBM Content Manager шешімін қолданумен ЭҚАБЖ БҚ жетілдіру. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында бейімделген СЭА БҚ жетілдіру. 5. Мемлекеттік органдардың арасында ведомстволық электрондық құжат айналымы үшін электрондық құжаттардың бірыңғай форматтарын пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету мақсатында лицензияланған БҚ мемлекеттік органдарды орталықтандырылған қамтамасыз етуінің тұжырымдамасын және жүйесін әзірлеу. 6. ЭҚАБЖ "Сusloner Rеlаtіоnshіp Маnagmеnt" (СRМ) жүйесіне тұжырымдамасын және техникалық тапсырмасын әзірлеу. 7. Мемлекеттік органдардың ЭҚАБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуінің жобасын басқару. 8. Мемлекеттік органдардың ЭҚАБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуі бойынша консалтингтік қызметтер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
4 | | 102 | Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру | 1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталы мен шлюзін дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу. 2. МО куәландырушы орталығын құрудың жобасын басқару. 3. Рұқсат етілетін құжаттардың (лицензиялау) есеп жүргізуінің саласында АБА АЖ құрудың жобасын басқару, ендіру және дамыту, техникалық тапсырманы және техно-жұмыстық жобаны жетілдіру. 4. МО Серверлік орталығының дизелдік станцияға қарастысының ғимараты Құрылысының жобасы бойынша дизель-генераторларды монтаждауды жүргізу үшін техникалық құжаттаманы сатып алу. 5. Техникалық құралдарды сатып алу. 6. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 7. Негізгі ақпараттарды алып жүрушілерін сатып алу (Пикард). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
5 | | 104 | "Электрондық үкіметтің" құзырет орталығын құру | 1. Қазақстан Республикасында ақпараттандыруды дамытудың болашағы мен ахуалының мониторингі. 2. «Электрондық үкіметті» қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету және білгірлігін жоғарылату. 3. Адамзат әлеуетін жоғарылату және дағдыларды дамыту. 4. Ақпаратты-коммуникациялық технологиялардың нарығын маркетингтік зерттеу. 5. Жобаны басқару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
6 | | 105 | Қол жеткізудің және халықты электрондық үкіметпен өзара іс-қимыл жасау негіздеріне оқытудың жалпыға ортақ желілерін құру | 1. Жобаларды басқару. 2. Жобаның аудиті. 3. Техникалық құралдарды сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 5. Санайтын құрылғыларды сатып алу (мультикартридер). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7 | | 106 | "Goverment tо Goverment", "Goverment" to Consumer" қызметтерін көрсететін кешенді жүйе құру | 1.«Интранет-порталдың»2-ші кезеңін іске асыру: 1) техникалық тапсырманы жетілдіру; 2) техно-жұмыстық жобаны әзірлеу; 3) Интранет-порталды дамыту (тәжірибелік пайдалануды, әкімшілендіру жүйесін оқытуды, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, пайдалануды енгізу); 4) аудит; 5) жобаларды басқару; 6) әкімгерлерді және жүйелерді пайдаланушыларды оқыту. 2. Техникалық құралдарды сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
8 | | 108 | Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау | 1. Ұлттық куәландырушы орталығының Web-сайтын әзірлеу (ҰКО). 2. Қазақстан Республикасының ұлттық идентификациялық жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын құрудың жобаларын басқару, ендіру және дамыту. 3. Байланыс қызметтерінің төлем ақысы. 4. Техникалық құралдарды сатып алу. 5. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
9 | | 109 | "Электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру | 1. Техникалық тапсырманы және техно-жұмыстық жобаны құру «электрондық үкіметтің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру. 2. Жобаны басқару, техникалық жобаны, жұмыстық құжаттаманы және жобаның өнімін тестілеуді әзірлеу «Open source» технологиялар базасында ұлттық қорғалған операциялық жүйені құру. 3. Техникалық құралдарды сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
10 | | 110 | "Мемлекеттік қызметтер тізілімі" ақпараттық жүйесін құру | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері базасында электрондық қызметтерді іске асыру жөніндегі консалтингтік қызметтер. 2. Жобаларды басқару, фирмалық стилді және электрондық үкіметтің ұстанымдануын әзірлеу, электрондық үкіметтің танымалдығын арттыру және "электрондық үкіметтің» брэндін әзірлеу" жобасы бойынша сәйкес іс-шараларды жүргізу үшін медиа-жоспарды әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
10 | | 110 | "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі" автоматтандырылған жүйесін құру | 1. Жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу, техникалық тапсырманы әзірлеу, ақылы-ақпараттық түптұлғасының шлюзін және жобаларды басқаруды әзірлеу және ендіру «Электрондық үкімет» ақылы шлюзінің автоматтандырылған жүйесін құру. 2. Байланыс қызметтерінің төлем ақысы. 3. Техникалық құралдарды сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мекен-жайын өзгерткен, жеке басын куәландыратын құжатты ауыстырған, азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде тіркеу рәсімдерін оңайлату; мемлекеттік билік органдарына жүгінген кезінде уақытты қысқарту есебінен халыққа ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту;
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында жеке сәйкестендірілген нөмірі бар 12500000 кем емес азаматтардың бар болуы;
заңды тұлғалар туралы жаңа және шынайы мәліметтерді беретін және сақтайтын орталықтандырған деректер қорын құру;
бірлескен кәсіпкерлік нысанында заңды тұлғалар, филиалдар, жеке кәсіпкерліктің өкілдігі үшін 35000 бизнес-сәйкестендірілген нөмірлерді беру;
аймақтық орналасуындағы шектеусіз нақты ауқым уақытында жобаға мемлекеттік органдардың-қатысушылары үшін қолжетімді жаңаланған адрестік ақпараттардың бар болуы;
жылжымайтын мүлік және оған құқықтары туралы орталықтандырылған деректер қорын қалыптастыру;
жылжымайтын мүлік объектілерін және оған құқықтарын тіркеу кезінде еңбек шығынын қысқарту және ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту;
толық электрондық құжат айналымына Астана қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдардың көшуі;
ЭҚАБЖ-мен біріктірілген Ұлттық мұрағат үшін ақпараттық жүйелерді тәжірибелік пайдалануға енгізу;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ету;
электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ЭҚАБЖ-не қатысушы-мемлекеттік органдарға, сондай-ақ екі облыстық, екі қалалық және екі аудандық әкімдіктерге беру;
телекоммуникациялар саласында лицензияларды және рұқсат етілетін құжаттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын 30 пайызға қысқарту;
«электрондық үкіметті» қоғамдық қолдауын қамтамасыз ету және сауаттылығын жоғарылату;
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар арқылы мемлекеттік және өзге де әлеуметті-маңызды ақпараттық ресурстарға азаматтардың еркін қол жеткізуге құқықтарын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі туралы ақпараттарға халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Пилоттық аумақтағы Қазақстанның жеке және заңды тұлғалары үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның және сенімді аутентификациялаудың құралдарын ұсыну (18 ірі қалаларда);
е-үкімет ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігіне қауіпті болдырмау және болжау, анықтау, ескерту мүмкіндіктері және олардың ықпал салдарын жою;
«электрондық үкіметтің» және барлық ілескен жобалардың жағымды беделін құру;
екінші деңгейдегі банкінің есеп шотында орналасқан халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен «электрондық үкіметтің» шеңберінде көрсетілетін қызметтерге оn-lіnе тәртібінде ақшасыз ақы төлеудің мүмкіншілігі,