ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 952 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:Тікелей нәтиже:
1) Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Орал, Петропавл, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Атырау, Астана, Алматы облысының Қаскелең қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салу бойынша мемлекеттік ведомостводан тыс сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту;
2) Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Қостанай қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылысы (істелген жұмыс көлемінен 100 пайыз);
3) Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Орал, Петропавл, Өскемен, Тараз, Қызылорда қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салудың басталуы және Алматы облысының Қаскелең қаласында және Атырау қаласында әкімшілік ғимараттар құрылысының басталуы
Түпкі нәтиже: тәуелсіз және объективті институт ретінде соттың беделі мен мәртебесін нығайту үшін сот жүйесі органдарының объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасасылған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.