ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау | Тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету. Іссапар шығыстары бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, тергеу изоляторлары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларына жүктелген функцияларды орындау.
Түпкі нәтиже: тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
232-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1070 мың теңге (бip миллион жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тиімді алдын-алу іс-шараларын, бірінші кезекте ЖҚТБ жұқтыру қаупі бар адамдар арасында жүзеге асыру;
бірінші кезекте тергеу қамауындағы адамдарды ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету;
тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл | Тергеу изоляторында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (медициналық мақсатта бip рет пайдаланатын құралдарды сатып алу; плакаттар, брошюралар дайындау) жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, тергеу изоляторлары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау шаралар кешенін жүзеге асыру.
Түпкі нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
233-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық
құру» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 68136 мың теңге (алпыс сегіз миллион бір жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі саяси тұрақтылық пен төзімділікті нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дін саласындағы мемлекеттік органдар қызметін ақпараттық-аналитикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, қоғамдық институттардың мемлекетпен өзара іс-әрекетін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы діни бірлестіктері, діни оқу орындары мен мекемелері және миссионерлер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру, сондай-ақ олардың қызметін зерделеу және талдау;
діни бірлестіктердің құрылуы мен қызметтері саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу, сондай-ақ азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық құру | Қазақстандағы діни жағдайдың даму процесін зерделеу және талдауды ұйымдастыру; бір-біріне қарсы тұрып, теріске шығаруда емес, ал адамның жан дүниесін тану мен қайта жандандыруда өзара сыйластық пен ынтымақтастық тұрғыдан қалыптасқан ғылым мен дін өзара қатынасының жаңа парадигмасын қалыптастыру; Қазақстан азаматтарының ғылым және діни әлемі дүниесі төзімділік пен бірлікке негізделген жаңа көзқарас қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу; халықтардың діни дәстүріне құрметпен қарау қажеттілігі, адамзаттың діни-имандылық мәдениетін қалыптастыру және бекітуде діннің ерекше ролі мен орнын ұғыну мүмкіндігін беруде халықтың дін тану білімін беруді және ағартуды ұйымдастыру; заң жобаларын әзірлеу, консультациялық және сараптамалық жұмыс жүргізу, ғылыми және басқа да қызметкерлерді тарта отырып, сараптамалық және ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсету, қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерін сараптау, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, дін саласындағы білім бағдарламалары бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін және дағдыларын жаңартып отыру; мемлекеттік, коммерциялық емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға ғылыми-практикалық және ақпараттық көмек көрсету; азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктер мен мемлекеттің өзара іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің жұмыс тәжірибесін зерделеу; үй-жайды жалдау және ағымдағы жөндеу; автокөлікті сатып алу және ұстау; материалдық-техникалық жарақтандыру, технологиялық, бағдарламалық, коммуникациялық қамтамасыз ету; брошюралар дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету;
ішкі саяси тұрақтылықты нығайту.
Түпкі нәтиже: діни мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығын құру;
Орталықты құру нәтижесінде: мемлекеттік органдар мен діни процестерінің тиімді және сындарлы ынтымақтастығы нығаяды; діни саласында заң шығару қорын жетілдіру; республикадағы діни бірлестіктер арасында өзара қарым-қатынас жүйесі жақсарады; діни экстремизмге қарсы іс-әрекеттің әлеуметтік практикада төзімділік тәртібінің нормаларымен стандарттарын бекіту мақсатында ғылыми-әдістемелік қоры құрылады; ғылым мен діннің өзара қарым-қатынасының жаңа парадигмасы қалыптасады; Қазақстан халқының діни дәстүрі, рухани құндылықтары мен имандылығын құрметтеу қажеттілігі күшейтіледі.
Уақтылығы: мемлекеттік коммерциялық емес және жеке тұлғаларға ғылыми-практикалық және ақпараттық көмек көрсету;
діни бағыттағы объектілерге діни сараптамалар жасау, ар-ождан бостандығына құқығы саласында мемлекеттік органдары мамандарының және сарапшыларының консультациялары.
Сапасы: Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде конфессиялар арасындағы және өңірлік арасындағы сұхбаттың мәдениетін қалыптастыру;
діни сенім бостандығын іске асыру саласында мемлекеттік органдар қызметін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
234-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке
куәліктерін дайындау» деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 866913 мың теңге (сегіз жүз алпыс алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындауды қамтамасыз eту; халықты құжаттандыру жүйесін және есепке алуды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттандыруды және төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беруді жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау | Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау үшін шарттар бойынша міндеттемелерді орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктерін жасау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарын төлқұжаттармен және жеке куәліктермен қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттар мен жеке куәліктерін беру мерзімін сақтау.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарынан қанағаттанғысыз қызмет көрсету туралы келіп түскен арыздар саны (факт бойынша);
2) төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру бойынша өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тіркелген фактілер (факт бойынша) саны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
235-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 381997 мың теңге (үш жүз сексен бір миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі үшін жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін одан әрі өткеру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасап, білім беруді ұйымдастыру үшін курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Адъюнктар және магистрлерді даярлау. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесіне жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: жоғарғы оқу орнын үздік бітірген жоғарғы кәсіптік білімі бар түлектердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
236-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50444 мың теңге (елу миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңның 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесінің кадрлық буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін бастапқы даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оқу орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесі қызметін кандидаттармен және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы адамдармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапа: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызметке кандидаттар және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдар үлесі - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
237-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 92018 мың теңге (тоқсан екі миллион он ceгіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет жүйесіндегі қолданыстағы буындарды нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жұмысына енгізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамасында көзделген функцияларды орындау.
Түпкі нәтиже: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 237-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
237-1-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
020 «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 79 928 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 20 | | Қылмыс- тық жазасын өтеген адамдар- ды оңал- туды ұйымдас- тыру және жүзеге асыру | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қоғамға қайта бірігуінде әлеуметтік жәрдем көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министр- лігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Оңалту орталық- тары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: екі Оңалту орталықтарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 200 адамды ұстау;
соңғы нәтиже: қылмыстық жазаны өтеген адамдарға қоғамда бейімделуге және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге жағдай жасау;
қаржы-экономикалық нәтиже: Оңалту орталығында ұсталынған бір адамды ұстауға, жылына - 399,6 мың теңге мөлшерінде шартты шығындар;
уақтылылық: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шаралар өткізу;
сапасы: әлеуметтік оңалтудан өткен адамдардың жалпы саннан үлесі 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
238-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2552 мың теңге (екі миллион бес жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) нашақорлыққа қарсы насихат өткізу.
2) нашақорлық құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсордың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет жасау тетігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар арасында есірткіге қарсы тақырыптағы ақпаратты материалдар шығарумен және таратумен байланысты (буклеттер және плакаттар дайындау) іс-шаралар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: нашақорлықтың және есірткі саудасын таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін өткізу.
Түпкі нәтиже: есірткіге бейімділігінен арылған адамдар санын ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
239-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 19800 мың теңге (он тоғыз миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.