Мектепалды және мектептік коррекциялық білім беру ұйымдарына арналған бағдарламалық комплексінің техникалық құжатын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Білім беру жүйесін ақпараттандыру | "Қамқоршылық" бірыңғай ақпараттық жүйесінің техникалық құжатын әзірлеу. Мектеп алды және мектептік коррекциялық білім беру ұйымдарына арналған бағдарламалық комплексінің техникалық құжатын әзірлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Қамқоршылық" бірыңғай ақпараттық жүйесін және мектепалды және мектептік коррекциялық білім беру ұйымдарына арналған бағдарламалық комплексінің техникалық құжаттары әзірленеді.
Түпкі нәтиже: бірыңғай ақпараттық жүйесін және білімді дамытуын ғылыми-методикалық қамтамасыз етуін құру және білім беру процесінің басқаруын көтерген сайын сапасының жетістікке жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір техникалық құжатты әзірлеуіне орта есеппен алғанда 2 000 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: жасалған жұмыс және шарт жасасу графигі бойынша.
Сапасы: ақпараттандыру коммуникациялық технологияларды білім процесіне енгізу арқылы білім процесін сапасы көтерілуі және білім жағдайын мониторлау және талдау арқылы жасалған растық деректердің негізінде сапалық басқармалық шешімдерді қабылдау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 259-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
259-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
022»«Білім беру саласына мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21 800 мың теңге (жиырма бір миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Қазақстанның»2030 жылғы дейінгі Даму стратегиясын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезең-кезеңмен көшуге жағдай жасау, білім сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыруды дамыту, оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім беру жүйесінің біріңғай білім беретін ақпараттық орта құру; Қазақстан Республикасының білім беру сапасын әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында арттыру; білім беру жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Білім беру саласына жаңа технология-лардың мемлекеттік жүйесін енгізу | | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министр- лігі |
| | 100 | Мемлекеттік жалпы орта білім беру жүйесіне интерактив-тік оқыту жүйесін енгізу | Байланыс арқылы бейнеконференция өткізу үшін VPN желісін құру бойынша қызметтерді сатып алу. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы және Астана қаласының салынуы жөнінде видеоролик жасау жөніндегі, сондай-ақ республиканың мектептері үшін теледидар арқылы ашық интерактивті сабақты тікелей трансляциялау жөніндегі қызметтерді сатып алу. | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: 2007 жылғы 1 қыркүйекте республика мектептерінде интерактивті сабақ өткізіледі.
Түпкілікті нәтиже: жас ұрпақтың патриотизмін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту. Интерактивтік сабақтарды өткізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: интерактивтік ашық сабақты өткізу бойынша шығындар 21800 мың теңге.
Уақтылығы: 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: жалпы орта білім беру ұйымдарының жаһандық ақпарат ресурстарына жоғары қарқынмен қол жетімділіктерін қамтамасыз ету. Қашықтықтан оқытуды дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
260-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 157994 мың теңге (бip жүз елу жеті миллион тоғыз жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 21, 27, 41-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім саласында қызмет сапасын жақсарту. Мамандардың отандық және шетелдік озық тәжірибеде тиісті ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру; бұрын алған кәсіптік білімді тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лауазымдық міндеттерін тиімді орындап, кәсіптік шеберліктерін жетілдіру үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің кәсіптік қызметі саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және дене шынықтыру мамандарының кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелері мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектеп мұғалімдерінің компьютерлік сауатын қамтамасыз ету, мектепті 12 жылдық оқуға көшіру үшін кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалімдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсіптік және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының басшыларының, білім берудің барлық деңгейдегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Ғарыштық байланыстары бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен даярлау, "Өзін өзі тану" пәні бойынша оқытушылар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлі бағыттағы жаңа буынды педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес дене тәрбиесі, ақпараттандыру және 12 жылдық оқу саласында педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ғарыш саласы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес "Өзін өзі тану" пәнін өткізуге мұғалімдер мен тәрбиешілерді қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлі бағыттағы психология-медицина педагогика кеңестерінің мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны - 7076.
2. түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына басты құралдар алу - 6 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша 2007 жылғы шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында ғарыш саласында мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2007 жылғы шараларды мамандармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда сұранымды қамтамасыз ету үлесі - 30 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір орындаушыны оқытудың құны - 22 214 теңге.
Уақтылығы: жұмыс жүргізу кестеге сәйкес.
Сапасы: Білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
261-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Сейсмологиялық ақпарат мониторингі"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 221 944 мың теңге (екі жүз жиырма бір миллион тоғыз жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1 , 5 , 14, 15-баптары; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1 , 7 , 8 , 17, 25-баптары; "Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жерсілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қыртысының алдағы қозғалысы туралы уақытылы болжау және ақпараттандыру арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау мақсатында кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы директивалық органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мерзімінде хабарландырып отыру; Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсілкіністерін болжау жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға мезгілінде материалдар беріп отыру; жерсілкіністерінің оперативтік каталогтарымен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын құрастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу үрдістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру үшін сейсмикалық стансалардағы аппаратураны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Сейсмологиялық ақпарат мониторингi | Бақылаудағы аумақ пен қосымша аудандардағы жерсілкіністер туралы деректерді тіркеу және өңдеу. Дала құралдық бақылауларын жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы және үздіксіз ақпараттар алу, алынатын ақпаратқа бастапқы өңдеу жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру. Негізгі құралдарды сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекеме |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сейсмологиялық станцияның базасын материалдық-техникалық нығайту мақсатында негізгі құралдар сатып алу, олардың саны кемінде: Цифрлық сейсмикалық аппаратура - 2 дана; дебит өлшегіші - 1 дана; спектрліфотометр - 2 дана; газды хроматограф - 2 дана; автоматты титралау блогы - 8 дана; алау фотометрі - 2 дана; иономер - 2 дана; электромагнитті импульстарды тіркеуші - 2 дана; геофизикалық тіркеуші - 3 дана; дербес компьютер - 10 дана; УАЗ автомашинасы - 2 дана; спутниктік байланыс жер станциясының аппаратурасы - 3 дана; тұрақты токтың реттелуші көзі - 13 дана; перманенттік станция - 1 дана; электронды тахеометр - 1 дана; бензоэлектрондық агрегат - 5 дана.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың, күшті қозғалыстар жазбасының, геофизикалық, гидрогеогиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кapмex"); геофизикалық ("Магнитка", "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Беохим"), қазіргі қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 365 болжам);
Сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтік үрдерісінің сенімділік арттыру үшін 35-і стационарлық сейсмологиялық станциялар болып табылатын 60 қадағалау пунктіндегі құрылғыларды жаңарту.
Түпкі нәтиже: сейсмикалықты, жер асты термоминералды сулардың газдыхимиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық жүйелердің варияцияларына, жердің беткі қабатының қазіргі заманғы қозғалысына, жануарлардың жүріс-тұрысына режимдер бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс сейсмобелсенді аудандарында қатты жерсілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, жинау, тапсыру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
жерсілкінісін болжау бойынша уақытылы ақпарат ұсыну;
қадағалау пункттеріндегі сұранысты қанағаттандыру үлесі - 90 пайыз.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 қадағалау пунктін ұстауға арналған орташа шығыстар - 3 699,1 мың теңге;
1 қадағалау пунктін жабдықтауға арналған орташа шығыстар - 1423,0 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстарды өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжаудың нақтылы жер қыртысы қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
262-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру
қызметтерінің сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 652 553 (алты жүз елу екі миллион бес жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруді қамтамасыз ету білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәpбиесі мен спорт жөнінде бағдарламалар әзірлеу, ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу, 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикалық ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы сатысы үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыстар бағдарламаларын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу құралдаpының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын оқытылу сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу; институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу үшін стандарттар, өлшемдер мен баспа ресімдерін әзірлеу; сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық желілерге қатысу; білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі Лиссабон конвенциясын іске асыруға байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеу және іс-шараларға қатысу, біліктілікті растау және беру жұмысшы кадрлар және техникалық мамандар мен қызмет көрсету еңбегінің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалауды өткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің сапасын талдау | Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. Білім деңгейлері бойынша стандарттар әзірлеу; жоғары кәсіптік білім бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу; жоғары кәсіптік білім бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қазақ тілінде әзірлеу; 12 жылды оқу бағдарламаларын жетілдіру және сараптамадан өткізу; спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласында оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу; 12 жылдық оқуға көшуді әдістемелік қамтамасыз ету; ғарыштық қызметтің саласында бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару; ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу; жоғары оқу орындарында рейтинг өткізу; "ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы" грантты беру бойынша конкурсты құжаттамаларды сараптамадан өткізу бойынша жұмыстар; мектепке дейінгі білім беру әдістемелік негізін жасау; оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жасау және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету; білім жүйесінің жағдайына мониторинг жасау. TIMSS-2007 халықаралық бағдарламасы бойынша білім сапасына зерттеу жүргізу, 2006 жылға бір ұлттық тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау; дистанциялық үлгі мониторингін әзірлеу және енгізу; аймақтарда және Қазақстан Республикасының оқу орындарда білім беру сапасын бағалау жүйесін құру; білім статистикасына жаңа көрсеткіштерді және индикаторларды әзірлеу және енгізу; 2007 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы жасау, сарапшыларды оқыту арқылы халықаралық модель бойынша институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді құру және енгізу бойынша міндеттерді іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу; семинарлар өткізу; стандарттар мен өлшемдер, әдістемелік құралдар әзірлеу; сапаны зерттеу рәсімдерін жүргізу; білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі орталықтарды қолдау; web-сайтты толтыру жолымен аккредиттеу рәсімін ақпараттық қолдау. Жұмысшы кадрлар мен қызмет көрсету еңбегінің техникалық мамандарының біліктілігін растау және беру кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік оқулықтарды, жинақтарды және басқа да баспа өнімін әзірлеу, шығару, іс-шараларды өткізу. Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген бұйрыққа сәйкес негіз құралдарды сатып алуға күрделі трансферттер аудару. | Қаңтар-желтоқсан | Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесінің балаларға ерте жастан алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 2;