Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтілердің, желдеткіш және электротехникалық, санитарлық-техникалық жабдықтың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, эфир-кабельдік теледидардың, желдеткіштің шығару-сорғы жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің, өрт дабылының және түтін шығарудың, кіруді бейне қадағалау мен бақылау жүйелерінің, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясының үлес салмағы олардың жалпы санының 100 %-ын құрайды.
Түпкі нәтиже: Ғимараттың бүкіл технологиялық жабдықтарының іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі, Ғимаратты сенімді сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін уақтылы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ғимараттың 1 шаршы метрін ұстауға жұмсалатын шығындардың шартты құны 30 683,61 теңгені құрайды. Сапасы: мемлекеттік қызметшілер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
201-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 54 933 мың теңге (елу төрт миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі № 1344 Жарлығына сәйкес «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтар үшін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшудің әлеуметтік салдарларын жеңілдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшкеннен кейін туындаған жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтардың ығысуына ішінара өтемақы төлеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 2006 жыл үшін «Тұрғын үйқұрылысбанкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу. | 2007 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы өтеу жолымен жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді алған салымшылардың үлесі.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЦентрКредитБанкі» АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы: «ЦентКредитБанкі» АҚ бағамдық айырмасын өтеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
202-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне
бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 29 666 165 мың теңге (жиырма тоғыз миллиард алты жүз алпыс алты миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексі, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 38-бабы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 220 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке табыс салығының бірыңғай ставкасын 10% көлемінде белгілеу мен салық салу кезінде кірістерден есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастаудан және жергілікті бизнеске түсетін ойын бизнесіне арналған акцизді жоюдан туындаған жергілікті бюджеттердің жоғалуларын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті бюджеттердің шығыстарын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің шығынын өтеуге республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметінің стандарттық деңгейін ұсынуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
203-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 346700 мың теңге (үш жүз қырық алты миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы, «Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлақылар төлеу | «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын төлеу. | 10 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктерінің салымшылары санын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу ережелеріне сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын алған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының саны.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ корреспонденттік шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын дұрыс және толық есептеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
204-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу» деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1530818 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз миллион сегіз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа тыйым салуды, орын ауыстыратын объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қарудың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалардың шегінде инвестициялық жобаларды мыналар бойынша іс-шараларға арналған белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1. Мынадай: - Атырау облысының «Котяевка»; - Атырау облысының «Оңтүстік Қарабатан»; - Маңғыстау облысының «Баутино» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салуды аяқтау (21.04.2004 жылғы № 7-07-КБ/2004 үлгілік жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 2. Мынадай: - Батыс Қазақстан облысының «Бірлік» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 3. Мынадай: - Ақтөбе облысының «Қарғалы» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Ауқатты» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Сортөбе» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеттері инфрақұрылымының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 4. Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалык негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеті жолаушылар терминалының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. 5. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кедендік ресімдеу орталығы, кедендік бақылау орталығы бар Кедендік бақылау департаментін салу (техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 24 наурыздағы № 15-102/07 қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 747 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау, Маңғыстау облыстарында 3 объектіні аяқтау; Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 7 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Батыс Қазақстан облысының «Бірлік», Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің, Ақтөбе облысының «Қарғалы», Жамбыл облысы «Ауқатты», Жамбыл облысы «Сортөбе» кеден бекеттері инфрақұрылымының, Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» кеден бекеті жолаушылар терминалының құрылысы жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі және Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кедендік ресімдеу орталығы бар Кедендік бақылау департаментін салу бойынша орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 23400000 мың теңге (жиырма үш миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізі: «Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық қаржылық-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға қатысуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу | Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы үлесін төлеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы акциялардың 40 пайызын сатып алуы.
Түпкі нәтиже: Еуразия даму банкінің жарғылық капиталына төлемдерді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Еуразия даму банкін құру туралы келісімде көрініс тапқан қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: жүзеге асырылатын инвестициялар арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
206-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес» деген 104 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 45883 мың теңге (қырық бес миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған Стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанына кедендік тексеріс сапасын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелінуінің алдын алу, елдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға жәрдем көрсету; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекет жасау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау; нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін кедендік бақылау органдарына қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 228 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
207-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 259 520 мың теңге (үш миллиард екі жүз елу тоғыз миллион бес жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №
1471 Жарлығы; «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) азаматтармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, басқа органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау рәсімдерін біржолғы оңайлату кезінде азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін кешенді дамыту мен жетілдіру, оның ішінде:
- Салықтардың, алымдардың және басқа міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін өзге түсімдердің түсімін қамтамасыз ету, бюджетке міндетті төлемдердің толық және уақтылы аударылуы, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару бойынша;
- алкоголь өнімінің және этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша;
- кеден төлемдері мен алымдарының бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету бойынша;
- электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін бақылау;
- республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқару бойынша.
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының құзыретін әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру;
5) Қаржы министрлігінің жүйесінде ақпараттық технологиялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі жүйесінің ақпараттық-техникалық және аппаратты инфрақұрылымын қайта жарақтандыру мен жаңғырту;
6) ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жетілдіру мен арттыру;