Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
165-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін
нысаналы даму трансферттері»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 507000 мың теңге (бес жүз жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 19, 24-баптары, «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді, оның ішінде мүгедек-балалар мен қарттарды оңалту және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бөгде адамның тұрақты көмегіне мұқтаж мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық және әлеуметтік оңалтудың сапасын жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму транс- ферттері | Мыналар: - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы ақыл-есі кем мүгедек балаларға арналған 210 орындық интернат-үйінің құрылысы Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 15-079/06 қорытындысы); - Атырау қаласындағы Мүгедектерді оңалту облыстық орталығы ғимаратының құрылысына (Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 ақпандағы № 08-12/2006 қорытындысы); - Қостанай облысының Рудный қаласындағы қалалық емхананы психоневрологиялық интернат ғимаратының қайта жаңарту (Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 маусымдағы № 14-143/06 қорытындысы) үшін нысаналы трасферттерді аудару. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстарының әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.
Түпкі нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтер жеткізушілері жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
166-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3309 мың теңге (үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарылату және кәсіби шеберлікті жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласы мамандарының шеберлігін, теоретикалық және тәжірибелік білімдерін жаңарту;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру мен дайындығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу, әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мынадай: 1) мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғауды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру (2 тоқсан); 2) халықты әлеуметтік қорғау (3, 4 тоқсан); 3) медициналық-әлеуметтік мекемелер мәселелері (2, 3 тоқсан); 4) жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету (1, 2, 4 тоқсан) - тақырыптарында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 294 маманның кәсіптік біліктілігін арттыру.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру қажеттілігін 35 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымының бір маманының кәсіптік деңгейін арттырудың орташа шығыны 11 255 теңге болады.
Уақтылығы: келісім-шартқа сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін кәсіптік мінездеме негізінде арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
167-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді
әдіснамалық қамтамасыз ету»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26841 мың теңге (жиырма алты миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің басқа адамдармен тең іс-әрекет жасауына және қоғамға кірігуіне тең мүмкіндіктер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдарды және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
- мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық көмектің сапасын және қол жетер жақсарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мүгедек- терге про- тездік- ортопе- диялық көмек көрсету- ді әдіс- намалық қамтама- сыз ету | - протездік-ортопедиялық кәсіпорындар үшін бұйымдардың жаңа түрлеріне техникалық құжаттама әзірлеу; - протездік-ортопедиялық кәсіпорындар үшін протездеу және протез салу саласында медициналық ұсынымдар әзірлеу; - мүгедектерді оңалту және олардың жүріп тұруына жаңа құралдар енгізу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу; - күрделі, ерекше күрделі және қалыпты емес зақымдануы бар мүгедектерді протездеу жөніндегі сынақ-тәжірибе жұмыстарын жүргізу; - протездік-ортопедиялық кәсіпорындардың мамандарын протездеуге және протез салуға үйрету; - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «республикалық эксперименталды протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын техникалық қайта жарақтандыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес жабдықтар сатып алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;
- отандық протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;
- 3 акционерлік қоғамда қазіргі жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруға көшу.
Түпкі нәтиже: мүгедектердің қазіргі протездік-ортопедиялық бұйымдарға қажеттілігін жауап беретін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығарылатын протездік-ортопедиялық бұйымдардың өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: мүгедектерді жоғары сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге көшу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
168-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12082014 мың теңге (он екі миллиард сексен екі миллион он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығы; «Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасы халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіздірілуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- оралмандардың қоныс аударуын және оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;
- оралмандар көші-қоны квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Оралман- дарды тарихи отанына қоныс- тандыру және әлеу- меттік қорғау | | | |
2 | | 100 | Оралман- дарды уақытша орна- ластыру орталығы | Көші-қон квотасымен келген оралмандар отбасыларын бейімделу кезеңінде Оралмандарды уақытша орналастыру орталығына орналастыру. Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимараттына күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
3 | | 101 | Оралман- дардың көшіп келуі және әлеу- меттік қорғалуы | - жолақы және жүк тасымалы шығындарын өтеу және біржолғы жәрдемақыларды төлеу; - оралмандардың көші-қон квотасы бойынша шет мемлекеттерден оралмандар отбасын түпкілікті тұрғылықты жеріне дейін ұйымдасқан түрде көшіруді және олардың мүлкін апаруды ұйымдастыру; - оралмандарды тұрғылықты жеріне дейін баратын жолында азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; - "Оралман" куәлігін дайындауға төлеу; - оралмандарға құжат беруді төлеу; - банктік қызметтерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
4 | | 102 | Оралман- дарды тұрғын үймен қамтама- сыз ету | - көш-кон квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларына тұрғын үй алу жәрдема- қыларын төлеуді ұйымдастыру; - банк қызметтерін төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2007 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және жайластыру;
- 2007 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 80 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау;
- 67 393 мың теңгеге Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша облыстық Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимаратын күрделі жөндеу.
Түпкі нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының - халқының санын өсіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 789 952 теңге.
Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
169-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі
мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы
нысаналы трансферттер»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600852 мың теңге (алты жүз миллион сегіз жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21, 22-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер аясын кеңейту арқылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес уақытылы:
жеке көмекшімен;
ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін уақытында ұсыну;
- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№Nр/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы нысаналы трансферттер | 1. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. 2. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигеналық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен уақытында қамтамасыз етуді уақтылы ұйымдастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Облыстар, Алматы және Астанақалаларының Әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 1753 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, мүгедектерді 1114 жеке көмекші қызметтермен қамтамасыз етеді, 6529 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
Ақмола облысы - 63, 72, 712;
Ақтөбе - 33, 54, 642;
Алматы - 56, 51, 673;
Атырау - 80, 25, 350;
Шығыс Қазақстан - 192, 70, 369;
Жамбыл - 91, 62, 84;
Батыс Қазақстан - 143, 133, 180;
Қарағанды - 181, 137, 442;
Қостанай - 102, 59, 479;
Қызылорда - 139, 80, 220;
Маңғыстау - 20, 35, 249;
Павлодар - 167, 62, 157;
Солтүстік Қазақстан - 100, 45, 430;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 151, 86, 842;
Астана - 152, 77, 355;
Алматы қаласы - 83, 66, 345 тиісінше.
Түпкі нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтер сапасын және қол жеткізілімділігін кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекшінің қызметтері - айына 17965 теңге, ымдау тілі маманының жылына 30 сағат сурдоаударма 43865 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына 3622 теңге самасында ұсынады.
Уақтылығы: ай сайын.
Сапасы: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамға кірілуіне ықпал етеді.