ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:Тікелей нәтиже:
1) Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Орал, Петропавл, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Атырау, Астана қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылысына мемлекеттік арнайы сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттарын бекіту;
2) Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Қостанай қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылысы (істелген жұмыс көлемінен 100 пайыз);
3) Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Орал, Петропавл, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қызылорда қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылыстарының және Атырау қаласындағы әкімшілік ғимарат құрылысының басталуы.
Түпкі нәтиже: тәуелсіз және объективті институт ретінде соттың беделі мен мәртебесін нығайту үшін сот жүйесі органдарының объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасасылған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.