«18-1. «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына негізгі құралдар сатып алу - 1 бірліктен кем емес;»;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
4-тармақтағы «454,3» деген сандар «184,3» деген сандармен ауыстырылсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақтағы «4512,0» деген сандар «3451» деген сандармен ауыстырылсын;
11-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтағы «72700» деген сандар «21986» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 268-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 958579 мың теңге (тоғыз жүз елу сегіз миллион бес жүз жетпіс тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 289-1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 15299654 мың теңге (он бес миллиард екі жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қазақстандық компаниялардың акциясын сатып алу»;
көрсетілген қаулыға 291-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 541324 мың теңге (бес жүз қырық бір миллион үш жүз жиырма төрт мың теңге).»;
13) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 292-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1733022 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз үш миллион жиырма екі мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттік нөмірі 2-жолдағы «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 294-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 6104409 мың теңге (алты миллиард бір жүз төрт миллион төрт жүз тоғыз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «13453» деген сандар «13184» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдағы «110» деген сандар «88» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолда:
«11266» деген сандар «11248» деген сандармен ауыстырылсын;
«1721» деген сандар «1481» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 300-қосымшада:
2-тармақтағы «Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы;» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы «төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету,» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«317» деген сандар «273» деген сандармен ауыстырылсын;
«2485,6» деген сандар «2512» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 302-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3314270 мың теңге (үш миллиард үш жүз он төрт миллион екі жүз жетпіс мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Сенімгерлік басқару бойынша шетел компанияларға қызметіне ақы төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«12980» деген сандар «11490» деген сандармен ауыстырылсын;
«5105» деген сандар «2530» деген сандармен ауыстырылсын;
«840» деген сандар «540» деген сандармен ауыстырылсын;
«149,1» деген сандар «136,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«89,8» деген сандар «93» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 306-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11 190 054 мың теңге (он бір миллиард бір жүз тоқсан миллион елу төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Павлодар өңірлік кардиохирургиялық орталығының» деген сөздерден кейін «Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургиялық орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
«Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургиялық орталық салу» деген сөздер «Астана қаласында «РПК-88» трансформаторлық кіші станциядан жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек станциясы ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электр желілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу және салу; Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын түзету және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
«Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын» деген сөздер алынып тасталсын;
«Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ қабылдау бөлімшесі бар 4 қабатты операция блогын жапсарлас құрылысының жобасы бойынша,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Алматы қаласында Педиатрия және балалар хирургиясы» деген сөздердің алдынан «Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ қабылдау бөлімшесі бар 4 қабатты операция блогын жапсарлас құрылысының» деген сөздермен толықтырылсын;
«кабельдік желілерінің» деген сөздерден кейін «, Астана қаласында «РПК-88» трансформаторлық кіші станциядан жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек станциясы ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электр желілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«жұмыстардың көлемін орындау» деген сөздерден кейін «Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын салудың түзетілген және қайта мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 309-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 551608 мың теңге (бес жүз елу бір миллион алты жүз сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда:
«тәжірибелік» деген сөз «пилоттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруды стандарттау жөніндегі жұмыстар.» деген сөздер алынып тасталсын;
«пайдаланушылары мен» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 313-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 518050 мың теңге (бес жүз он сегіз миллион елу мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 320-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 956154 мың теңге (тоғыз жүз елу алты миллион бір жүз елу төрт мың теңге).»;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 338-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
2) тармақшада:
«37» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;
«62,9» деген сандар «76,4» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «28» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 340-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 59920 мың теңге (елу тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 344-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 702619 мың теңге (жеті жүз екі миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жолда:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «5005» деген сандар «3786» деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
9) тармақшадағы «5005» деген сандар «3786» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 351-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
4-тармақ «4. Астана қаласында» 14 Тұрғын үй аймағы (Жаңа жол) 110/10 кВ ҚС құрылысы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде өз құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін аванс аудару» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. «ПНФ» ПС 110/10 Кв кіші станциясын қайта жаңарту»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» 2) тармақшадағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 353-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 6945108 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз қырық бес миллион бір жүз сегіз мың теңге).»;
15) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 356-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда:
«Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға» деген сөздерден кейін «және сатып алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаражаттар аудару» деген сөздерден кейін «Тұрғын үй салу және сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижедегі» «кредиттік» деген сөзден кейін «және/немесе сатып алынған» деген сөздермен толықтырылсын;
«Уақтылығындағы» «астамы салынады» деген сөздерден кейін «және/немесе сатып алынады» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 358-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда:
бірінші абзацта «салуға» деген сөзден кейін «және тұрғын үйлер сатып алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта «салу» деген сөзден кейін «және/немесе тұрғын үйлер сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «берілетін» деген сөзден кейін «және/немесе тұрғын үйлер сатып алу есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
«Түпкі нәтижеде» «тарту» деген сөзден кейін «және/немесе тұрғын үйлер сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде» «салуға» деген сөзден кейін «және тұрғын үйлер сатып алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 365-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1312725 мың теңге (бір миллиард үш жүз он екі миллион жеті жүз жиырма бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 366-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 902951 мың теңге (тоғыз жүз екі миллион тоғыз жүз елу бір мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 367-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 163000 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион теңге).»;
көрсетілген қаулыға 369-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 204840000 мың теңге (екі жүз төрт миллиард сегіз жүз қырық миллион теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда:
1) тармақшадағы «инвестициялық жобаларды кредиттеуді және лизингтік компанияларды капиталдандыруды қамтамасыз ету;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыру мақсатында еншілес ұйым құру;
8) «Астана-Финанс» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазына»«орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын төлеуге беруге байланысты пайда болған міндеттемелерді орындау.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыру мақсатында еншілес ұйым құру»;
- «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-та «Астана-Финанс» АҚ акцияларының шектеуші пакетін сақтау;
көрсетілген қаулыға 375-қосымша алынып тасталсын;
16) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 390-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 391-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 874000 мың теңге (сегіз жүз жетпіс төрт миллион теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «2 жиынтық» деген сөздер «1 жиынтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бойынша:
көрсетілген қаулыға 396-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 15043319 мың теңге (он бес миллиард қырық үш миллион үш жүз он тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 398-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 15003 мың теңге (он бес миллион үш мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 401-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы 1-тармақтың 17) тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
1) тармақшадағы «, Астана» деген сөз алынып тасталсын;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 406-5-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1115044 мың теңге (бір миллиард бір жүз он бес миллион қырық төрт мың теңге).»;
19) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 411-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1731390 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз бір миллион үш жүз тоқсан мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 415-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2831158 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз отыз бір миллион бір жүз елу сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы 2-тармақ алынып тасталсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 9-жолдағы 2-тармақта «, техникалық жобаны, жұмыстық құжаттаманы және жобаның өнімін тестілеуді әзірлеу» «Open source» технологиялар базасында ұлттық қорғалған операциялық жүйені құру» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдағы 2 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 416-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1719729 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он тоғыз миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).».
20) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы бойынша:
көрсетілген қаулыға 442-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жол «2003 жылғы 29 мамырдағы № 7-237/2003» деген сөздерден кейін «2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-487-1/07 және 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-487-2/07» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 443-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы 1-тармақта «2005 жылғы 12 шілдедегі № 2-431/05 Техникалық-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптама қорытындысы» деген сөздерден кейін «, 2007 жылғы 13 маусымдағы № 7-308/07 Техникалық-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптама қорытындысы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 445-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3978 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың теңге).»;
7-тармақтағы «824» деген сандар «795,6» деген сандармен ауыстырылсын;
21) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
көрсетілген қаулыға 450-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 5119009 мың теңге (бес миллиард бір жүз он тоғыз миллион тоғыз мың теңге).»;
22) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 452-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 174899 мың теңге (бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 458-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 12608088 мың теңге (он екі миллиард алты жүз сегіз миллион сексен сегіз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 464-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2984902 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз екі мың теңге).».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1052 қаулысына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-1-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі
2007 жылға арналған
049 - «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»
АҚ жарғы капиталын ұлғайту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 025 000 мың теңге (бір миллиард жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары аясында екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несиелер беруі кезінде тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарлама- ның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарла- маны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 049 | | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын ұлғайту | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру | 2007 жылғы қараша желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталының толығуы.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несиелер беруі кезінде тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау. Бұл ретте 1:20 қатынастағы капитал жеткіліктілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес»«ҚИНКҚ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделген 1,025 млрд. теңге 20,5 млрд. теңге мөлшерінде ипотекалық несиелендірудің жалпы көлемінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділік: ипотекалық несиелендіру кезіндегі тәуекелді төмендету жолымен»«Қазақстандық ипотекалық қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру.
Уақтылылығы: ақшалай қаражатты уақтылы аударылуы.
Сапасы: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді, халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұсынымдарын және қазіргі таңдағы халықаралық стандарттарды орындауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1052 қаулысына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-2-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
050 - 2007 жылға арналған «Қазақстан ипотекалық компаниясы»
АҚ жарғылық капиталын арттыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8 500 000 мың теңге (сегіз миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қараша № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беруін тұрақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдар- ламаны) іске сыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 050 | | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын ұлғайту | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру | 2007 жылғы қараша- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделген 8,5 млрд. теңгеден 3,5 млрд. теңгенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді 5 млрд. теңгесі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге.
Қаржы-экономикалық тиімділік: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иелену жолымен өтімділігін көтеру.
Уақтылылығы: ақшалай қаражатты аудару уақтылылығы.
Сапасы: «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялдық нормативтерді, халықаралық рейтингтік агенттіктер мен бар халықаралық стандарттардың ұсыныстарын орындауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1052 қаулысына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-3-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
051 - «2007 жылғы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ кредиттеу
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 000 000 мың теңге (он екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қараша № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беруін тұрақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекет Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 051 | | Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ кредиттеу | Екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жеңілдетілген сыйақы ставкасы бойынша ұзақ мерзімді бюджеттік кредит беру | 2007 жылғы қараша- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредитін алу.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік: Қаржы секторы мен әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру үшін екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін көтеру.
Уақтылылығы: бюджет кредитінің уақытылы бөлінуі.