Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1077 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген реттік нөмірі 14-жолдың 3-бағанында:
«331» сандар «334» сандармен ауыстырылсын;
«215» сандар «218» сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |