Осыған байланысты:
Телефон желілері бойынша Интернетке қол жеткізу үшін төмендету;
бөлінген желілер бойынша Интернет желісіне қол жеткізуге тарифтерді төмендету; барлық мектептерді Интернет желісіне тегін қол жеткізу;
Интернет - Мегалайн - Хит желісіне лимитсіз кең жолақты қызметіне тарифтерді төмендету;
қазақстанда телефондық және оптикалық талшықтық желілерді дамыту;
(Wi-Fi) сымсыз байланысы арқылы Интернет желісіне қол жетімділігін беруді дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.
Компьютерлік техниканы сатып алу үшін халыққа жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық технологиялар Паркінің базасында құны бойынша қол жетімді компьютерлерді шығару жоспарлануда, сондай-ақ, олармен компьютерлік техниканы сатып алған кезде азаматтарды eкінші деңгейдегі банктермен немесе өзгеде қаржылық ұйымдармен жеңілдік несиелеу.
5.7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасындағы маңызды бағыт АКТ саласындағы отандық жоғары білікті кадрлық әлеуетті даярлау болып табылады.
Осы бағыттағы негізгі міндеттер - АКТ саласындағы мамандардың номенклатурасын анықтау мен кеңейту, ақпаркоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен педагогтық кадрлардың фундаменталді даярлау білімін жетілдіру, АКТ саласындағы Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту, АКТ саласындағы жоғарғы білім мен ғылымды біріктіру, ЖОО және мектептерде ақпаркоммуникациялық технологиялар жөніндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру, ЖОО және мектеп оқушыларының өмірінде АКТ рөлін арттыру, білімі жоғарғы софтверлік компаниялармен және компьютерлік техниканы шығарушылармен кәсіби-техникалық мекемелердің ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Отандық АТ-саласындағы қажеттілік өсімінен AT-сы мамандарын даярлау қарқынының қалып қоюын қысқарту, сондай-ақ мамандандырылған АТ-кадрларын (тестілеушілердің, АТ-жобалары менеджерлерінің және басқа да компьютерлік мамандарды) даярлау және біліктілік деңгейін жоғарылату мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:
менеджменттер мен ақпараттық технологиялар саласында қашықтықтан және күндізгі оқытудың оқу-консалтингтік орталығын құру;
қазақстандық ақпаратты-білімдік ақпараттық технологиялар Интернет университетін ұйымдастыру;
АКТ саласындағы жетекші білім, тренингтік ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
5.8. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруде
азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру
Осы бағыттағы негізгі мақсат ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруге азаматтардың қызығушылығын ынталандыру болып табылады. Қойылған мақсат Интернет желісінде электрондық сервистер саласын кеңейту есебінен қазіргі заманғы АКТ игеру мен компьютерлік сауаттылыққа оқуда, халықтың тұтынушылығын арттыруға бағытталған шаралар жүйесін құру жолымен жететін болады:
ақпаратты-танымдық, ақпараттық көңіл көтеру порталдарында ақпараттық ресурстардың зияткерлік іздестіру жүйесін әзірлеу;
республикалық және облыстық БАҚ-тың меншікті веб-сайттарын құру және өзектіленуінің мониторингі мен бақылауын ұйымдастыру;
индустрия және сауда саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;
заңды тұлғалардың ақпараттық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;
ақпараттық технологиялар саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;
«Ұлттық-мұра» ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;
«Қазақстанның кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапханалық қорын қалыптастыру;
денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;
қазақстандық білім беру ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету.
Компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін халықты тарту мақсатында қосымша ынталандыруды құру жоспарлануда:
тыңдаушыларға 10 сағат Интернет желісінде тегін жұмысты беру;
кез келген күрделі деңгейдегі сертификаттаудан өткен компьютерлік сауаттылық курстарын тыңдаушылар үшін компьютерлік техниканы, компьютерлік әдебиеттерді және Интернет желісінің қызметтерін сатып алған кезде шегерімдерінің жүйесін енгізу;
«электрондық үкімет» порталында журналдың электрондық болжамасын орналастыру және (қазақстандық сайттардың каталогы) «Қазақстанның сары беттері» журналын шығару.
5.9. Бағдарлама іс-шараларының орындалуына қоғамдық
қолдауды қалыптастыру
Осы бағыт шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөнінде халықаралық сараптамашылардың қатысуымен бейнеконференцияларды, семинарларды өткізу;
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысында БАҚ (жарнамалық материалдар, PR-мақалалар, ТД-роликтері, баспаматериалдары - үндеу хаттар, плакаттар және веб-сайттар) арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жария ету;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қазақстанның статистикалық жылнамасында компьютерлік сауаттылықтың және Интернетті пайдаланушылардың көрсеткіштерін жариялау;
қазақстандық веб-сайттардың мемлекеттік және мемлекеттік емес конкурстарын өткізу;
өңірлерде ақпараттық технологиялардың айлығын жүргізу:
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша дөңгелек үстелдерді өткізу;
ақпараттық технологиялар мамандарының лауазымының бос орындарына жәрмеңкелерді және АКТ бойынша көрмелерді ұйымдастыру;
жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, кәсіби мектептерде және мектептерде бағдарламалау бойынша конкурстарды ұйымдастыру;
шектелген мүмкіндіктерімен ауыл халқы мен адамдарды Интернет желісіне тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
компьютерлік курстарын тегін оқытуды жүргізу;
шектелген мүмкіндіктерімен оқушылар, студенттер және адамдар үшін құны 50%-ғa төмендетілген компьютерлерді сату бойынша акция;
АТ-сы мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық жоғарғы оқу орындарында "Ашық есіктер" күндерін өткізу.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
Жоспарланған іс-шаралардың есебі бойынша және сараптамалық баға негізінде Бағдарламаның жалпы құны: 15 584 676 мың теңгені құрайды, республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемі 13 701 595 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
2007 жылға - 4 901 052 мың теңге,
2008 жылға - 4 398 361 мың теңге;
2009 жылға - 4 402 182 мың теңге
және жергілікті бюджет - 1 883 081 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2007 жылға - 588 633 мың теңге,
2008 жылға - 647 224 мың теңге;
2009 жылға - 647 224 мың теңге.
Көрсетілген шығыстар сервистік жүйелі-техникалық қызмет көрсетуге және Интернет қызметінің ағымдағы шығынына 1 124 804 мың теңге көлемінде кіреді, оның ішінде жылдар бойынша:
2007 жылға - 269 042 мың теңге;
2008 жылға - 426 040 мың теңге;
2009 жылға - 429 722 мың теңге.
Осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында қаржыландыру көлемі кесінді бағытында көрсетіледі.
Бағдарламаға түзету енгізу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемінің өзгерту бөлігінде жүзеге асырылады.
Қаржыландырудың мөлшері тиісті қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастырған кезде анықталатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны табысты іске асыру Қазақстанға мынадай көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік береді:
1) Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығы 20%-дан төмен емес, ол ағымдағы жағдайдан 15,7%-ғa асып түседі;
2) Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар халықтың жалпы санынан 20%-дан төмен емес, бұл қазіргі сәттегіден 17,2%-ға жоғары;
отандық АТ-сы мамандарының кәсіби сапаларын арттыру;
Интернет желісінің қазақстандық сегментін өзектіленген және танымдық ақпаратпен толықтыру;
Интернет желісін пайдаланудың арзан тарифтік жоспарларымен және халықты құны бойынша қол жетімді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;
барынша пайдалануға бағытталған «электрондық үкіметтің» қызметтерімен Қазақстан халқын белсендіру.
Осы көрсеткіштерге жету қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейінгі - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі.
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ТӨМЕНДЕТУДІҢ
2007-2009 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Болжанып отырған шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
| | | | | 2007 | 2008 | 2009 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру |
1. | Білім беру деңгейін тиісті сертификаттай отырып АКТ бойынша курстарды білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін оқу жоспарына енгізу | Бұйрық | БҒМ, МАМ, ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
2. | Мемлекеттік қызметке қабылдау және мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау кезінде компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың болу міндеттілігін енгізу | Бұйрық | МҚА | 2009 жылғы 2-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
3. | Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді кезеңдік аттестаттаудан өткізу кезінде компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың болу міндеттілігін енгізу | Бұйрық | БҒМ, МАМ, ДСМ | 2009 жылғы 2-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
4. | Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және тестілеуді жүргізудің тәртібі туралы ережесін әзірлеу | Біріккен бұйрық | АБА, БҒМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
5. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1121 (компьютерлік сауаттылықтың сертификаты туралы) қаулысына толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | АБА (жинақтау), БҒМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
6. | Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін»ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрған компьютерлік сыныптарды жүйелі-техникалық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерге қатысты»маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 648 қаулысына өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | АБА | 2006 жылғы 4-тоқсан | | | | Талап етілмейді |
2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау |
1. | «Компьютерлік сауаттылық» оқу бағдарламасын әзірлеу және бекіту | Бірлескен бұйрық | АБА, БҒМ, МҚА | 2006 жылғы шілде | | | | Талап етілмейді |
2. | Оқытушыларды даярлау және халықты компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқыту мен сертификаттау жөніндегі орталығын құру | АБА-ға ақпарат | БҒМ | жыл сайын 30 маусым және 30 желтоқсан | | | | |
2.1. | Оқытушыларды даярлау және халықты компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқыту мен сертификаттау жөніндегі орталығын аппаратты-техникалық қамтамасыз ету | АБА-ға ақпарат | БҒМ | жыл сайын 30 маусым және 30 желтоқсан | 80373 | 10000 | 10000 | Республикалық бюджет |
2.2. | Қазақстан аумақтарының оқытушылары үшін компьютерлік сауаттылықтың тренингтік курстарын жүргізу (халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуды жүргізуге құқығын растайтын құжатты берумен) 2007 жыл - компьютерлік сауаттылыққа 1000 оқытушыларды, жоғарғы оқу орындарының 2000 студенттерін - аудан орталықтарындағы «жазғы компьютерлік мектептер үшін» оқыту; 2008 жыл - 100 адам; 2009 жыл - 100 адам. | АБА-ға ақпарат | БҒМ | жыл сайын 30 маусым және 30 желтоқсан | 56000 | 15600 | 15600 | Республикалық бюджет |
Нәтиже: Қазақстанның барлық аймақтарында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін сертификатталған тренерлерді даярлау |
3. Қашықтықтан және күндізгі оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету |
1 | Бекітілген бағдарламалық курстарға сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу | АБА-ға ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 30 маусым | 1500 | | | Республикалық бюджет |
2. | Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын тираждау: 2007 жыл - 500 000 даналарын 300 теңгеден; 2008 жыл - 500 000 даналарын 300 теңгеден; 2009 жыл -500 000 даналарын 300 теңгеден. | АБА-ға ақпарат | БҒМ | жыл сайын 30 маусым және 30 желтоқсан | 150000 | 280400 | 280500 | Республикалық бюджет |
3. | Бекітілген бағдарламалық курстарға сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа (қашықтықтан және автономдық оқыту нысандары үшін) оқыту бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық оқу басылымдарын әзірлеу | АБА-ға ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 30 маусым | 18000 | | | Республикалық бюджет |
4. | Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электрондық оқу басылымдарын тираждау: 2007 жыл - 500 000 даналарын 200 теңгеден; 2008 жыл - 500 000 даналарын 200 теңгеден; 2009 жыл -500 000 даналарын 200 теңгеден. | АБА-ға ақпарат | БҒМ | жыл сайын 30 маусым және 30 желтоқсан | 100000 | 100000 | 100000 | Республикалық бюджет |
5. | «Электрондық үкімет» Web-порталында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электрондық оқулықты және оқу-әдістемелік құралдарын орналастыру | «Электрондық үкімет» Web-порталында ақпарат | АБА (жинақтау), БҒМ | 2007 жылғы 2-тоқсан | 5 000 | | | Республикалық бюджет |
6. | Халықтың компьютерлік сауаттылығын сертификаттауды жүргізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тестілерді әзірлеу | АБА-ға ақпарат | БҒМ, МҚА, АБА | 2007 жылғы 30 маусым | 5 000 | | | Республикалық бюджет |
7. | Компьютерлік сауаттылық курстарында оқитын тыңдаушыларды тестілеу бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу (қашықтан және автономды нысандары үшін тестілеуді жүргізу) | АБА-ға ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 30 желтоқсан | 6 000 | | | Республикалық бюджет |
8. | Компьютерлік сауаттылықтың күрделі деңгейіне сәйкес компьютерлік сауаттылықты растайтын құжаттың түрін әзірлеу, бекіту және дайындау 2007 жыл - 1 000 000 даналарын 200 теңгеден; 2008 жыл - 1 250 000 даналарын 200 теңгеден; 2009 жыл -1 250 000 даналарын 200 теңгеден. | Компьютерлік сауаттылықты растайтын құжат | АБА, БҒМ | жыл сайын 2-тоқсан | 200500 | 250000 | 250000 | Республикалық бюджет |
4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту |
1 | Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау, техникалық құралдар мен лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және бөлу бойынша жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасауы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 64000 | 67 200 | 70560 | Республикалық бюджет |
2. | Қазақстанның өңірлерінде орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызметшілерін оқыту (87 749 адам - 0,58 %) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АБА (жинақтау), МҚА, БҒМ | жыл сайын 10 шілде, 10 қаңтар | | | | |
2.1. | ОСК-нан берілген техниканың негізінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен жалпы жиынтығы 75 компьютерлік сыныптарды (15 ДК-ден) құру | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ОСК ҰАТАҚ | 2007 жылғы 30 маусым | 33480 | | | Жергілікті бюджет |
2.2. | 75 компьютерлік сыныптарды техникалық жарақтандыру: жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықтарын сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2007 жылғы 10 шілде | 31571 | | | Республикалық бюджет |
2.3. | Жергілікті есептеу желісін салу (ЖЕЖ) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2007 жылғы 10 шілде | 9 844 | | | Республикалық бюджет |
2.4. | Мемлекеттік қызметшілерді оқыту үдерістерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету: тыңдаушылардың тізімдерін, оқытудың жоспар-кестелерін құру | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, мемлекеттік органдар | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | Талап етілмейді |
2.5. | Орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық, бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызметшілерін компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 2008 жыл - 61750 адам; 2009 жыл - 26000 адам. | АБА-ға ақпарат | МҚА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 желтоқсан | | 238050 | 76107 | Республикалық бюджет |
2.6. | Қазақстанның өңірлерінде 75 компьютерлік сыныптардың техникалық жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 14742 | 30958 | 32506 | Республикалық бюджет |
2.7. | Қазақстанның өңірлеріндегі 75 компьютерлік сыныптардың Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 9450 | 13971 | 13133 | Республикалық бюджет |
2.8. | Оқу сыныбының: электрэнергиясы, жылу энергиясы, байланыс, су, кәріз қызметтерін ұстау | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | 39745 | 79490 | 79490 | Жергілікті бюджет |
3. | Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз халықты және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстанның аумағында оқыту (666135 адам - 4,44%) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | | | | |
3.1. | Қазақстанның барлық облыстарында және Астана және Алматы қалаларында жалпы жиынтығы 300 компьютерлік сыныптарды ұйымдастыру: үй-жайды бөлу, жиһаздарды сатып алу, күзетті қамтамасыз ету және телефон нөмірін бөлу | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы 30 маусым | 133920 | | | Жергілікті бюджет |
3.2. | 300 компьютерлік сыныптарды техникалық жарақтандыру: жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2007 жылғы 10 шілде | | | | Республикалық бюджет |
3.3. | Жергілікті есептеу желісін салу (ЖЕЖ) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2007 жылғы 10 шілде | 31500 | | | Республикалық бюджет |
3.4. | Оқыту үдерістерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету: тыңдаушылардың тізімдерін, оқытудың жоспар-кестелерін құру | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | Талап етілмейді |
3.5. | Компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін республикалық бюджеттен трансферттерді бөлу: 1) бюджеттік ұйымдардың қызметшілеріне (552705 - 3,59%): 2007 жыл - 103500 адам; 2008 жыл - 207000 адам; 2009 жыл - 207000 адам; 2009 жыл - 75 компьютерлік сыныптарда 35205 адам; 2) әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту органдарында және мектептерде жұмыссыз халыққа (113430 адам - 0,74%): 2007 жыл - 30248 адам; 2008 жыл - 41591 адам; 2009 жыл - 41591 адам. | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ, ДСМ, МАМ | жыл сайын 30 желтоқсан | 615241 | 1143519 | 1305462 | Республикалық бюджет |
3.6. | Қазақстанның өңірлерінде 300 компьютерлік сыныптардағы техникалық жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 58 968 | 123833 | 130024 | Республикалық бюджет |
3.7. | Қазақстаның өңірлеріндегі 300 компьютерлік сыныптардың Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері | АБА-ға ақпарат | АБА | 2008-2010 жылдар 10 қаңтар | 37800 | 58212 | 54719 | Республикалық бюджет |
3.8. | Оқу сыныбын: электрэнергиясы, жылу энергиясы, байланыс, су, кәріз қызметтерін ұстау | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | 158980 | 317959 | 317959 | Жергілікті бюджет |
4. | Әскери қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту (62560-0,41 %) | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | |
4.1. | 68 компьютерлік сыныптарды (8 ДК-ден) ұйымдастыру: оқыту үшін үй-жайды бөлу, жиһаздарды сатып алу, телефон нөмірін бөлу, шығыс материалдары | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині | 2007 жылғы 30 маусым | 13944 | 6650 | 6650 | Республикалық бюджет |
4.2. | 68 компьютерлік сыныптарды техникалық жарақтандыру: жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2007 жылғы 10 шілде | 91 222 | | | Республикалық бюджет |
4.3. | Жергілікті есептеу желісін салу (ЖЕЖ) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2007 жылғы 10 шілде | 7140 | | | Республикалық бюджет |
4.4. | Оқыту үдерістерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету: тыңдаушылардың тізімдерін, оқытудың жоспар-кестелерін құру | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | Талап етілмейді |
4.5. | Әскери қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 2007 жыл - 12512 адам; 2008 жыл - 25024 адам; 2009 жыл - 25024 адам. | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині, БҒМ | жыл сайын 30 желтоқсан | 56637 | 115110 | 115110 | Республикалық бюджет |
4.6. | Қазақстан өңірлеріндегі 68 компьютерлік сыныптардың техникалық жабдықтарына жүйелі-техникалық кызмет көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 7 129 | 14257 | 14970 | Республикалық бюджет |
4.7. | Қазақстан өңірлеріндегі 68 компьютерлік сыныптардың Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині | жыл сайын 30 желтоқсан | 41280 | 82560 | 82560 | Республикалық бюджет |
4.8. | Оқу сыныбын: электрэнергиясы, жылу энергиясы, байланыс, су, кәріз қызметтерін ұстау | АБА-ға ақпарат | Қорғанысмині | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | Талап етілмейді |
5. | Қазақстанның балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарында, жасөспірімдер үйлерінде жалпы жиынтығы 69 компьютерлік сыныптарды (6 ДК-ден) құру: (47610-0,3%) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ | 2008 жылғы 10 қаңтар | | | | |
5.1. | Қазақстанның балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарында, жасөспірімдер үйлерінде жалпы жиынтығы 69 компьютерлік сыныптарды ұйымдастыру: үй-жайды бөлу, жиһаздарды сатып алу, күзетті қамтамасыз ету және телефон нөмірін бөлу | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | 9 300 | | | Жергілікті бюджет |
5.2. | 69 компьютерлік сыныптарды техникалық жарақтандыру: жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2007 жылғы 10 шілде | 59 717 | | | Республикалық бюджет |
5.3. | Жергілікті есептеу желісін салу (ЖЕЖ) | Қазакстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2007 жылғы 10 шілде | 9056 | | | Республикалық бюджет |
5.4. | Балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін республикалық бюджеттен трансферттерді бөлу: 2007 жыл - 9522 адам; 2008 жыл - 19044 адам; 2009 жыл - 19044 адам. | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ | жыл сайын 30 желтоқсан | 43254 | 87602 | 87602 | Республикалық бюджет |
5.5. | Қазақстан өңірлеріндегі 69 компьютерлік сыныптардың техникалық жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), ҰАТАҚ | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 5425 | 10850 | 10850 | Республикалық бюджет |
5.6. | Қазақстан өңірлеріндегі 69 компьютерлік сыныптардың Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА | 2008 - 2010 жылдар 10 қаңтар | 8568 | 13195 | 12403 | Республикалық бюджет |
5.7. | Оқу сыныбын: электрэнергиясы, жылу энергиясы, байланыс, су, байланыс, су, кәріз қызметтерін ұстау | АБА-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | 36 565 | 73131 | 73131 | Жергілікті бюджет |
6. | Мектептердің, лицейлердің» кәсіби мектептердің оқушыларын және колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерін тестілеу (990 000 - 6,6%) | АБА-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | | | | Республикалық бюджет |
6.1. | Мектептердің, лицейлердің, кәсіби мектептердің оқушыларын және колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерін тестілеу: 2007 жыл - 330 000 адам; 2008 жыл - 330 000 адам; 2009 жыл - 330 000 адам | АБА-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 30 желтоқсан | 49998 | 50000 | 50000 | Республикалық бюджет |