Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1058 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 417-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 5.1-кіші бөлімде:
сегізінші және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
«8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
«Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5 және 6-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен»бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |