почта-жинақтау қызметтерін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу.
2007 жылы негізгі мақсат оларды іргелі орналастыру, техникалық нығайту мен ақпараттық-коммуникациялық және банктік жабдықтармен жарақтандыру жолымен почта байланысы бөлімшелерінің бөлшек желілерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл мына міндеттердің орындалуын болжамдайды:
қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде өңірлік жүйені дамытуға қаржыландыру көздерін жұмылдыру;
почта байланысының жаңадан орналастырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет аясын кеңейту;
почта-жинақтау қызметін көрсету сапасын жоғарылату.
Алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін олардың жаңа түрлерін енгізу жолымен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту жәрдемдесетін болады, оның ішінде:
EMS Kazpost курьерлік қызметін дамыту және халықаралық жедел почта саласында әлемнің аса ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастық;
"электронды үкімет" желісіне қосылу үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметті дамыту;
Интернет-бағдарланған қызметтерді енгізу;
сақтандыру ұйымдарымен, банктер және зейнетақы қорларымен шарттар жасасу, кредиттер мен тұрғын үй құрылыс жинақтарына қызметтер көрсету бойынша агенттік қызмет саласын кеңейту.
2007 жылы банкоматтар мен POS-терминалдардың өзіндік желісі базасында почта төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету сияқты жаңа жоғары технологиялық қызметтерді өсіруге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді тіркеу пункттерін құру жолымен трансфер-агенттік қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
2007-2009 жылдары почта байланысы қызметтері бойынша 2006 жылдың күтіліп отырған деңгейіне қатысты төлемдік почта алмасуды 245,97 бірлікке дейін немесе 12,4% ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы мыналар Қоғам қызметінің аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. Жиынтық кірістердің жоспарланып отырған деңгейі 10 619,73 млн. теңгені құрайтын болады, бұл кірістердің почта қызметтерінен 11,9 %-ға, қаржы қызметінен 21,6 %-ға өсуінің нәтижесінде 2006 жылғыдан 9,8 %-ға жоғары. Жиынтық шығыстар 10 389,71 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр, өсім 2006 жылмен салыстырғанда 9,6 %-ды құрады. Таза кіріс 230,02 млн. теңгені құрайтын болады, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 21,0% көп.
2008 жылы бұл көрсеткіштер мына мөлшерде жоспарланып отыр:
жиынтық кіріс - 11 775,75 млн. теңге, жиынтық шығыс - 11 473,69 млн. теңге, таза кіріс - 300,06 млн. теңге.
2009 жылы осы көрсеткіштер: жиынтық табыс - 12 890,15 млн. теңге, жиынтық шығыс - 12 530,07 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
Кірістердің өсуіне тұтынушылардың почта-жинақтау қызметіне қажеттілігінің өсуі, сондай-ақ баға түзілімінің тарифтік ставкаларын (комиссиялық сыйлықақыны) олардың қол жетімділігін сақтай отыра әлеуметтік мәні бар қызмет көрсетулер бойынша нақты шығыстар деңгейіне дейін теңестіруді көздейтін оңтайлы стратегияны қалыптастыру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.
Қоғамның 2007-2009 жылдардағы шығыстарын қалыптастырған кезде қызметкерлердің еңбекақыларын, қызмет көрсету өлшемдерінің сапасын арттыруға байланысты өндірістік шығыстарды жыл сайын ұлғайту, сондай-ақ өндірістік қорларды жаңарту мен кеңейтудің нәтижесінде негізгі қорларға қызмет көрсетуге арналған амортизациялық төлемдер мен шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы таза кірістің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,0%, 2008 жылы - 30,5% мөлшерінде жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің қаражатын игерудің аяқталуы бойынша Қоғамның жарғылық қорын толықтыруға таза табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 360,07 млн. теңгені құрайтын болады.
2007-2009 жылдар ішінде Қоғам республикалық және жергілікті бюджеттерге 8277,6 млн. теңге сомасында салық төлемдерін жіберуді жоспарлап отыр.
Қоғамның инвестициялық бағдарламасының негізгі басымдығы почта-жинақтау инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Бұл 2007-2009 жылдары мынадай міндеттерді шешуді болжайды:
почта және банк қызметінің кең аясын көрсетуді ұсынуға қабілетті жеке бөлшек сауда желісін құру;
магистральды тасымалдау жүйесін жетілдіру;
есептеу орталығын құру;
инфо-логикалық желі құру.
«Қазақтелеком» АҚ
Экономиканың өрлеуімен, іскерлік белсенділіктің жандануымен, халық табысының біршама өсуімен сипатталатын қолайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникация қызметтерін көрсетуге деген көтеріңкі сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар нарығының серпінді дамуына септігін тигізеді.
«Қазақтелеком» АҚ-тің (бұдан әрі - Компания} 2007 жылға арналған басты мақсаттары мен міндеттері:
жоғары деңгейде сервиспен қамтамасыз етумен бір мезгілде клиенттерге қызметтің барынша кең тізбесін ұсыну;
әкімшілік менеджментті жетілдіру негізінде бәсекелестік нарық жағдайында нарықтық позицияны ұстап қалу үшін сыртқы өзгерістерге жылдам назар аударатын бизнес-бағдарлы компанияны қайта құру болып табылады;
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары табысты сегменттерде бизнесті жандандыру;
жаңа нарықтарға шығу.
Болжау деректеріне сәйкес Компанияның жиынтық кірісі 2007 жылы - 111 101,0 млн. теңгені, 2008 жылы - 110 597,8 млн. теңгені, 2009 жылы 107 781,4 млн. теңгені құрайды.
Компанияның 2007-2009 жылдардағы жиынтық шығыстары:
2007 жылы - 85 209,7 млн. теңге, 2008 жылы - 87 414,8 млн. теңге, 2009 жылы - 87 253,4 млн. теңге деңгейінде жоспарланған.
2007 жылы таза пайда 25 957,8 млн. теңге, 2008 жылы - 23 258,8 млн. теңге, 2009 жылы 23 026,2 теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
Салықтар сомасы мен мемлекеттік бюджетке міндетті басқа да төлемдердің мөлшері: 2007 жылы 22 168 млн. теңге, 2008 жылы - 22 657 млн. теңге, 2009 жылы 21 834 млн. теңге жоспарланып отыр.
Компанияның инвестициялық саясатының инновациялық сипаты бар және жетекші әлемдік байланыс өндірісшілерінің ең жаңа технологиялары негізінде осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағынның транзитін молайтуға бағытталған.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар желісін жаңарту мен дамытудың мынадай басым бағыттарына негізделген:
ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды жалғастыруға;
жергілікті телекоммуникациялар желісін жаңғырту мен дамытуға;
деректер беру желісін дамытуға;
коммерциялық жобаларды дамытуға.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Компанияны дамытудың негізгі мақсаттары:
жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
саланың сапалы, одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық және техникалық деңгейге көшуі;
Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жолымен транзиттік тасымалдар көлемін арттыру;
жүктемесі көп учаскелерді электрлендіруді жүргізу;
темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау;
қаржылық тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания мынадай міндеттерді шешуді көздеп отыр:
негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту;
барлық ақпарат ағындарын біріктіретін және тасымалдау процесі туралы барлық деректерді шоғырландыратын бірыңғай ақпараттық желі құру;
өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
жүктерді шекаралас елдердің темір жол учаскелерін пайдаланбай ел аумағымен барынша қысқа бағыттар бойынша тасымалдауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ табиғи ресурстардың перспективалы кен орындары мен жаңа өндірістік орталықтарды игеру, ұлттық экономиканың ауданаралық көлік байланыстарын ұтымды ету, жаңа көліктік бағыттар мен транзиттік дәліздер құру сияқты маңызды міндеттерін шешу үшін жаңа темір жол желілерін салу;
қабылдау-өткізу пункттерін жақсарту және дамыту;
темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, шығыстарды оңтайландыру.
Жүк тиеу көлемінің ұлғаюы есебінен болжамды жүк айналымы 2007 жылы 188,690 млн. т-км (2006 жылға қатысты 4,1 %-ға ұлғаю) құрайды.
Жүк тиеу көлемінің ұлғаюы есебінен болжамды жүк айналымы 2008 жылы 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,8 %-ға ұлғайып, 199 558 млн. т-км құрайды.
Жүк тиеу көлемінің ұлғаюы есебінен болжамды жүк айналымы 2009 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-ға көбейіп, 209 462 млн. т-км құрайды.
Компанияның жиынтық кірісі мына мөлшерде жоспарланып отыр:
2007 жыл - 344 341 млн. теңге, 2008 жыл - 389 864 млн. теңге, 2009 жыл - 204 220 млн. теңге.
Компанияның шығыстары мына мөлшерде жоспарланып отыр: 2007 жыл - 343 279 млн. теңге, 2008 жылы - 336 439 млн. теңге, 2009 жылы - 203 491 млн. теңге.
2007 жылдың қорытындылары бойынша 1 062,93 млн. теңге мөлшерінде қаржылық оң нәтиже болжанып отыр. Бюджетке 19 926 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аудару жоспарланып отыр.
2008 жылдың қорытындылары бойынша 3424, 8593 млн. теңге мөлшерінде қаржылық оң нәтиже болжанып отыр. Бюджетке 22 815 млн. теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдер аудару жоспарланып отыр.
2009 жылдың қорытындылары бойынша 728,32 млн. теңге мөлшерінде қаржылық оң нәтиже болжанып отыр. Бюджетке 23 735 млн. теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдер аудару жоспарланып отыр.
Компанияның инвестициялық қызметінің стратегиялық басымдықтарын анықтау мынадай негізгі қағидаттар базасында жүзеге асырылды:
еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін прогрессивтік және үнемділігі жоғары инженерлік іс-шараларды енгізу, пайдалану шығыстарын төмендету және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру;
- ұсынылып отырған күрделі қаржы салымдарының негізделуіне баға беру;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;
- оларды енгізу әсері тұтастай республика экономикасының ауқымында бағаланатын жалпы салалық және әлеуметтік мәні бар сипаттағы инвестициялық жобалар.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
Компания қызметінің мақсаты шығарылатын өнімді әртараптандыру, кәсіпорындардың станок паркін жаңарту, ішкі нарықты өз өндірісінің өнімдерімен толтыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру, Компания кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу жолымен, Қазақстан Республикасының қарулы күштері, мұнайгаз, теміржол және басқа да кешендер үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер үлесін ұлғайту және экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін:
кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану,
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу;
мемлекеттік инвестицияларды, сондай-ақ шетелдік, отандық компаниялардың инвестицияларын тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;
франчайзинг және мемлекетаралық кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
Өндірілген өнімнің көлемі 2007 жылы тұтастай Компания кәсіпорындары бойынша 11 157,84 млн. теңге мөлшерінде күтілуде, бұл көрсеткіш 2005 жылдың көрсеткішінен (6 725,61 млн. теңге) 66 %-ға, және 2006 жылы (8 756,41 млн. теңге) 2005 жылдың көрсеткішіне қатысты 27 %-ға көп.
2008 жылы өндірілетін өнім көлемін 11 386,89 млн. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр, бұл бұған дейінгі жыл деңгейінің 102 %-ын құрайды.
2009 жылы өнім өндіру 13 005,00 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр, бұл 2008 жылдың 114 %-ын құрайды.
2007-2009 жылдар кезеңінде Компания өзінің кіріс базасын серпінді өсіру міндетін қойып отыр. Айталық, 2009 жылға қарай кірістердің өсуі 2006 жылмен салыстырғанда 1,3 есе болады деп болжануда. 2007-2009 жылдар бөлінісінде Компания:
2007 жылы 13 194 636 мың теңге мөлшерінде;
2008 жылы Компанияның кіріс деңгейі 14 356 961 мың теңгеге дейін өсетіні болжануда, бұл 2006 жылдың деңгейінің 109%-ын құрайды.
2009 жылы Компанияның кіріс базасы 15 949 181 мың теңге деңгейіне жетеді, бұл 2008 жылға қатысты өсу 11 % екендігін көрсетеді.
Компания кірісінің өсуі мұнайгаз, теміржол кәсіпорындарының және құрылыс кешендерінің (КАМАЗ) Компания өнімдеріне қажеттіліктерінің артуымен, сондай-ақ әскери өнімдерді өндіру және өткізу көлемінің ұлғаюы есебімен шартты байланысты.
Қойылған өндірістік міндетті іске асыру үшін Компания 2007-2009 жылдар кезеңінде мынадай шығыстарды жоспарлап отыр:
2007 жылы мөлшері 12513,58 млн. теңге, бұл 2006 жылдың өлшемдерінен 11,6%-ға (11214,06 млн. теңге) жоғары.
2008 жылы шығыстар 13 466,20 млн. теңге сомасында жоспарланған, 2007 жылға қарағанда өсу 7,6 %-ды құрайды.
2009 жылы - 15 113,52 млн. теңге, 2008 жылға қарағанда өсу 12,2 %-ды құрайды.
2007-2009 жылдар кезеңіне арналған жоспарланып отырған шығыстардың өсуі "Жарнама мен маркетинг жүргізу", "Демеушілік (қайырымдылық) көмек", "Компания қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру және оқыту" сияқты баптар есебінен жалпы және әкімшілік шығыстардың жоспарлы шығындарының ұлғаюымен байланысты болып отыр.
2007 жылы Компанияның таза кірісі 681,05 млн. теңге мөлшерінде (2006 жылға қарағанда төмендеу - 359,21 млн. теңге), 2008 жылы - 690,76 млн. теңге (2007 жылға қарағанда өсу 1,4%), 2009 жылы - 735,66 млн. теңге (2008 жылға өсу - 6,5 %).
Жоспарланатын кезеңде таза кірістің өсуі 2006 жылдан бастап кірістілік деңгейі жоғары бірқатар инвестициялық жобаларды енгізумен, сондай-ақ Компанияға жарғылық капиталын төлеуге берілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің пайдаланылмайтын қару-жарағы мен әскери техникасын Компания кәсіпорындарының іске асыруына негізделген.
Жыл сайын басты Компания таза кірісінің 30 %-ы акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендттер төлеуге кетеді, 70 %-ы Компанияның дамуына жіберіледі.
Компания 2007 - 2009 жылдар үшін бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мынадай көлемде аударуды жоспарлап отыр:
2007 жылы - 1631,85 млн. теңге;
2008 жылы - 1679,26 млн. теңге;
2009 жылы - 1824,36 млн. теңге.
2007 - 2009 жылдарға арналған инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде Компания кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы 7039,70 млн. теңгеге инвестиция тартуды көздеп отыр, оның ішінде:
мұнай-газ кешені үшін жабдықтар өндіруге - 258,90 млн. теңге; көлік машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 3555,60 млн. теңге;
электр техникалық және энергетикалық мақсаттағы өнім өндіруге - 704,00 млн. теңге;
тау-кен машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 541,20 млн. теңге;
арнайы және қосарлы мақсаттағы өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеруге - 1 980,00 млн. теңге.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
Әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, почтаға үлгілі, қауіпсіз және тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің сапасын арттыру «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-тың (бұдан әрі - Қоғам) 2007 - 2009 жылдарға арналған стратегиялық мақсаты болып табылады. 2007 жылға арналған Қоғамның мақсаты қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту, шығынсыз қызметке қол жеткізу үшін пайдалануға енгізілген өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану болып табылады.
Қоғамның 2007 жылға жоспарланатын арналған міндеттері:
1) транзиттік әлеуетті пайдалану;
2) халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын жақсарту және әуежайдың техникалық жарақтандырылуын арттыру;
3) әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер ұсынуда сапаның жоғары стандарттарына қол жеткізу;
4) Қоғам қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында қызметтің негізгі бағыттары мыналар болып айқындалды:
1) Астанаға Оңтүстік-Шығыс-Батыс бағыттарында ұшуларды орындайтын шетел авиакомпанияларын тарту;
2) әуежай инфрақұрылымының қайта жаңартылған және тұрғызылған объектілерін халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың техникалық жарақтандырылуын жақсарту;
3) ұсынылатын авиациялық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіру;
4) жоғары технологиялық қызметтердің жаңа түрлерін әзірлеу және ұсыну, сондай-ақ авиациялық емес қызметтерді (әуежай терминалындағы үй-жайларды, алаңдарды жалға беру, жарнама орналастыру, паркинг, концессиялық қызмет) дамыту.
2007 - 2009 жылдары Қоғам 42 294 млн. теңге мөлшерінде жиынтық кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде: 2007 жылы - 13 205,28 млн. теңге, 2008 жылы 13 633,53 млн. теңге және 2009 жылы - 15 456,05 млн. теңге.
Жаңа әуежай кешені объектілерінің пайдалануға берілуіне байланысты жиынтық шығыстардың едәуір өсуіне байланысты (салықтар, кредиттер үшін пайыз, амортизациялық аударымдар, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу) 2007 - 2009 жылдары Қоғамның шығыстары 42 277 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр, оның ішінде: 2007 жылы - 13 796,21 млн. теңге, 2008 жылы 14 080,10 млн. теңге, 2009 жылы - 14 401,55 млн. теңге.
Кірістерден шығыстардың өсу қарқынының едәуір артуы салдарынан Қоғамның таза кірісі теріс нәтижемен жоспарланып отыр: 2007 жылы - 590,93 млн. теңге, 2008 жылы - - 446,51 млн. теңге және 2009 жылы 738,15 млн. теңге мөлшерінде пайда алу жоспарланып отыр.
Салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде бюджетке төленетін төлемдер 2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде 3 789,4 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр.
2007 жылы - 603,30 млн.теңге;
2008 жылы - 641,40 млн. теңге;
2009 жылы - 643,50 млн. теңге.
Қоғамның инвестициялық саясатының басым бағыттары мыналарды қамтиды:
1) Астана қаласы әуежайының объектілерін жетілдіру;
2) оның өткізу қабілетін ұлғайту;
3) әуе кемелеріне қызмет көрсетудің авиациялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
4) жолаушыларға және клиентурасының жүктеріне халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсету мәдениетін арттыру;
5) әуеайлақ-техникалық сервисті қамтамасыз ету кезінде қызмет көрсетілетін ұшақтар түрлерінің спектрін кеңейту;
6) астананың әуе қақпасының инфрақұрылымдық кешенін жетілдіру.
2007 жылы Қоғам екі негізгі бағыт бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруды ниет етіп отыр:
1) өз қаражаты есебінен негізгі қорларды (арнайы техника, жабдықтар және басқалар) ауыстыру;
2) Астана қаласының әуежайына сервистік авиациялық-техникалық орталық салу.
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
Энергия өндіретін кәсіпорындарды, электр желілік компанияларды дамыту, қолданыстағы электр желілерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыру бәсекелі ортаны дамытуды қамтамасыз етуге, Республика экономикасының электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізуге және соның нәтижесінде елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі ретінде энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Компания:
1. компанияның көлік жүйесін оңалтуға және энергия жүйесінің диспетчерлік басқарылуын жетілдіруге бағытталған Ұлттық электр желісін (бұдан әрі - ҰЭЖ) жаңғырту жобасын іске асыруды аяқтауды;
2. қазіргі транзиттің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда электр энергиясы мен қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін "Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" жобасын іске асыруды қоса алғанда, ҰЭЖ-ді одан әрі дамытуды қамтамасыз етуді;
3. ҰЭЖ жаңғырту жобасы мен "Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік" жобасын іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша Компанияның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді;
4. компанияның теңгеріміндегі электр желілік объектілерді жөндеу мен пайдалану жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ жабдықтардың ескіргендерін жаңартуға және жаңа жабдық орнатуға қажетті инвестицияларды жүзеге асыруды;
5. нарықтық қатынастарды дамытуға ықпал етуді;
6. Компанияның шығынсыз қызметін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін компания мыналарды жоспарлап отыр:
1. компанияның және Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) басқару құрылымын жетілдіру, БЭЖ-нің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен Қазақстан Республикасының БЭЖ-дің жұмыс істеу сенімділігін арттыру үшін электр желілерін дамыту, жаңа осы заманғы технологияларды енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу;
2. тариф саясатын одан әрі жетілдіру;
3. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеуге қатысу;
4. «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салуды жүзеге асыру;
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, тарифтік әдіснаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Қазақстан Республикасында тұтынудың өсуіне байланысты 2007 - 2009 жылдары техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтердің көлемін 2007 жылы 69,43 млрд. кВт. сағатқа, 2008 жылы 72,21 млрд. кВт. сағатқа, және 2009 жылы 75,82 млрд. кВт. сағатқа жыл сайын ұлғайту жоспарланып отыр.
Электр энергиясын Компанияның желілері бойынша беру көлемі 2007 жылы 33,3 млрд. кВт.сағат мөлшерінде жоспарланып отыр. 2008 жылы ол 34,0 млрд. кВт.сағатты құрайды, ал 2009 жылы электр энергиясын Компанияның желілері бойынша беру көлемі 34,7 млрд. кВт.сағат көлемінде жоспарланады.
Қызметтердің болжанатын көлеміне сәйкес, сондай-ақ қызметтердің реттелетін түрлеріне арналған тарифтердің жоспарланатын өсуін ескере отырып, Компания 2007 - 2009 жылдары:
2007 жылы - 715,10 млн. теңге;
2008 жылы - 2 618,20 млн. теңге;
2009 жылы - 4 209,10 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мен Каспий өңірінің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақпарат алу, беру және өңдеу саласында жоғары ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істейтін мықты тілшілер қосыны бар ақпараттық-талдау агенттігін қалыптастыру "Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) 2007 - 2009 жылдар кезеңіне арналған мақсаты болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған Компанияның негізгі мақсаты ақпараттық сипаттағы хабарлар қалыптастыру мен таратудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ компанияның өндірістік-шаруашылық қызметін жақсарту болып табылады.
Компанияның міндеттері мыналар болып табылады:
дамудың бизнес-бағдарлық стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
ақпараттық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру;
ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды жетілдіру;
Қазақстанның резиденттеріне және шетелдік тұтынушыларға жаңалықтар ақпаратын жеткізуді жедел әрі толық ауқымды сервиспен қамтамасыз ету;
тілшілер қосынын кеңейту, сондай-ақ республика ішіндегі және шет елдердегі тілшілер қосындарының қызметін жақсарту үшін жағдай жасау;
компания қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру;
2007 жылы 259,1 млн. теңге деңгейінде, 2008 жылы - 282,4 млн теңге, 2009 жылы - 296,6 млн. теңге кіріс алу жоспарланып отыр, шығыстар тиісінше, 219,7 млн. теңге, 232,5 млн. теңге және 243,3 млн. теңгені құрайды. Көрсетілген кезеңдегі Компания кірістерінің негізгі көзі ақпараттық өнімдер шығару болып табылмақ.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша мынадай таза кіріс алу көзделіп отыр:
- 2007 жылы - 3,30 млн. теңге;
- 2008 жылы - 6,50 млн. теңге;
- 2009 жылы - 10,90 млн. теңге.
2007 жылы 15 000 мың теңге мөлшеріндегі сома шетелде Шетелде қайта құрылған тілшілер қосындарын материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға жұмсалады.
2008 жылы инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға 30 000 мың теңге жіберу көзделіп отыр.
2009 жылы инвестициялық жобаны аяқтауға 10 000 мың теңге мөлшерінде қаражат жіберілетін болады.
Салық және төлемдер түрінде бюджетке төленетін аударымдардың көлемі 6-кестеде берілген.
2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде салықтық аударымдардың көлемі 232,59 млн. теңге деңгейінде жоспарланып отыр: 2007 жылы - 63,13 млн. теңге, 2008 жылы - 81,88 млн. теңге, 2009 жылы - 87,58 млн. теңге.
Компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2007 - 2009 жылдары шетелдік тілшілер қосынын құру және материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы жоба шеңберінде кемінде 10 таяу және алыс шет елдерде Компанияның тілшілер қосынын ашу ұйғарылып отыр. Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, коммуникациялық және өзге де техникалық жабдықтар сатып алуды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы шартты іске асыруға арналған шығындар шамамен 55 000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2007 - 2009 жылдар. Компанияның өз қаражаты инвестициялық жобаны қаржыландырудың көзі болып табылады.