Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 998 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Храпунов Виктор Вячеславович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға;
Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Саудабаев Дәулет Советұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Сабдалин Абылай Қиялұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразахұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |