Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуірдегі
№ 329 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті».
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті» деген бөлімде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті»;
реттік нөмірі 518-жол алынып тасталсын.
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын:
«21-72. «Қазақтуринвест» АҚ;
21-73. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету»АҚ;
21-74. «SPORT&ks» газетінің редакциясы «ЖШС».
4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне
297 «Қазақтуринвест» АҚ;
298 «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне
299 «SPORT&ks газетінің редакциясы» ЖШС».
5. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген реттік нөмірі 1-жолда:
«Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда «216» деген сандар «182» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«Спорт істері комитеті | 34» |
деген жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген реттік нөмірі 15-жолдағы 3-бағанда «458» деген сандар «444» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті | 36» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда қызметін реттеу комитеті | 22»; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
«16-1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі: ведомстволарды қоспағанда | 165 |
министрліктің орталық аппараты | 85 |
Туризм индустриясы комитеті | 40 |
Спорт комитеті | 40». |
6. «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 26, 327-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туризм» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда:
реттік нөмірлері 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ТСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпеде:
«ККМ - Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ТСМ - Туризм және спорт министрлігі».