Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 982 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен күші жойылды
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «2 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: | 1392 |
| ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты | 653 |
| Әкімшілік полиция комитеті | 135 |
| Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті | 52 |
| Ішкі әскерлер комитеті | 225 |
| Жол полициясы комитеті | 63 |
| Криминалдық полиция комитеті | 142 |
| Тергеу комитеті. | 122» |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |