Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Душанбе қ., 2007 жылғы 6 қазанда)
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2008 жылғы 22 сәуірдегі № 26-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
Мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 5-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Мемлекетаралық Кеңес кеден одағының жоғары органы болып табылады. Кеден одағы мәселелері бойынша шешімді кеден одағын құратын Уағдаласушы Тараптардың Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері қабылдайды, Мемлекетаралық Кеңестің басқа мүшелері кеңесші дауыс құқығына ие.
Мемлекетаралық Кеңестің оның кеден одағының жоғарғы органы функцияларын орындау кезінде жұмыс тәртібінің ерекшелігі Мемлекетаралық Кеңес бекіткен Ережемен анықталады».
2-бап
Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап
Қоғамдастық Соты
Уағдаласушы Тараптардың осы Шартты және Қоғамдастық шеңберінде қолданылып жүрген басқа да шарттарды, және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдерді бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді.
Қоғамдастық Соты сонымен бірге Уағдаласушы Тараптардың арасында ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін және Қоғамдастық шеңберінде қолданылатын шарттардың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша туындаған экономикалық сипаттағы дауларды қарайды, олар бойынша түсінік, сондай-ақ қорытынды береді.
Кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы тараптардың кеден аумақтарын біріктіргеннен кейін, Қоғамдастық Соты:
1) кеден одағы органдары актілерінің кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шартқа сәйкестігі туралы істі қарайды;
2) кеден одағы органдарының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істі қарайды;
3) кеден одағының құқықтық негізін қалыптастыратын халықаралық шарттарға, кеден одағы органдары қабылдаған актілерге түсінік береді;
4) кеден одағы комиссиясы мен кеден одағына кіретін мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ кеден одағының мүше-мемлекеттері арасындағы олардың кеден одағы шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындау жөніндегі дауларды шешеді.
Қоғамдастық Сотының жүргізуіне ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де дауларды шешу жатқызылуы мүмкін.
Қоғамдастық Соты әр Уағдаласушы Тараптың кем дегенде екі өкілінен тұратын Уағдаласушы Тараптардың өкілдерінен қалыптастырады. Парламентаралық Ассамблея судьяларды Мемлекетаралық Кеңестің ұсынуы бойынша алты жыл мерзімге тағайындайды. Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарды, кеден одағы органдарының актілерін қолдануға немесе түсіндіруге негізделген істерді, сондай-ақ кеден одағы органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарауда кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы тараптардың өкілдері болып табылатын судьялар қатысады.
Қоғамдастық Сотындағы өндіріс ережесі мен істерді қарауды, Қоғамдастық Соты судьяларының мәртебесін және Қоғамдастық Соты қызметін ұйымдастыруды оның Статуты белгілейді».
3-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификацияға жатады және депозитарийлардың соңғы ратификацияланған грамотаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Түпнұсқалық дана, оның куәландырылған көшірмесін Тараптарға жіберетін Шарттың депозитарийінде сақталады.
Беларусь Республикасы үшін | |
Қазақстан Республикасы үшін | |
Қырғыз Республикасы үшін | |
Ресей Республикасы үшін | |
Тәжікстан Республикасы үшін | |
Өзбекстан Республикасы үшін | |