24) өз құзыретінің шегінде табиғи монополиялар салаларындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша шешімдер» қабылдайды;
25) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға береді.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікті басқаруды оның бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Агентікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
Агенттіктің бірінші басшысы - Агенттік төрағасы болып табылады.
19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Агенттіктің төрағасында Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Агенттік төрағасының өкілеттілігі:
1) Агентіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) реттеу мен бақылау жөніндегі басым мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Агенттік туралы ережені бекітуге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық, уйлестіруді қамтамасыз етеді;
5) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
6) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
7) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді,
9) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
10) Агенттіктің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады;
11) Агенттік өз құзыретіне байланысты мүдделі нормативтік қүқыктық актілердің жобаларын келіседі және оларға қол қояды;
12) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде өзінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Агентікті басқарудың алқалы органы жеті адамнан тұратын басқарма болып табылады.
Агенттіктің басқармасын Агенттіктің төрағасы басқарады.
Агенттік басқармасының құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері кіреді.
Агенттік басқармасының Қазақстан Республикасы Үкіметінен мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:
1) мынадай шешімдер қабылдау:
табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту;
уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы;
2) бағаларды реттеу мәселелерін қарау:
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ жэне газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды өзгертуге хабарламаларды қарау; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура
бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу мәселелерін қарау;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жолданатын Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау;
Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібі Агенттік регламентінде айқындалады.
Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
Агенттіктің басқармасы жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Басқарманың шешімдері басқарма мүшелерінің, оның ішінде Агенттіктің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға болуға тиісті жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда басқарма мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады.
Басқарма отырысында қабылданған шешімдер Агенттік басқармасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады.
Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
ҚР Yкіметінің 2013.29.11. № 1267 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Агенттіктің мүлкі
25. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ Агенттіктің теңгеріміндегі құны көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
26. Агенттікте бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттік қайта ұйымдастыру және тарату
28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.
5.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
13.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 237 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары -мемлекеттік мекемелерінің тізбесі ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1817 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 520-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 96-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 385-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.