Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 920 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Жақыпов Ғалымжан Қойшыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы |
Мұқай Ерлан Баққожаұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы |
Сейітов Марат Жандарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілердің мониторингі басқармасы жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы |
Сүйесінов Амантай Кемелұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары |
мына:
«Сейтімбетов Дәулетияр Сахидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді кесімдер департаментінің заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының бастығы» |
деген жолда «департаментінің заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының бастығы» деген сөздер «департаменті директорының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Тілеулесов Биғали Жақсылықұлы, Омарова Бақытжамал Жакенқызы, Ноғаев Нұрлан Асқарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |