Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 921 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Құру мақсаты» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлтхолдингі» АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.»;
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары деген 2-бөлімде:
үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдар қызметінің ашықтығы»;
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қойылған мақсат шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері мынадай болады:
инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру;
аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту;
агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;
агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту;
ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.
Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары» деген 4-бөлімде:
үшінші абзацтағы «қоғамдардың» деген сөзден кейін «стратегиялық» деген сөзбен, «жоспарларын» деген сөзден кейін «, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу;
қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.»;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлімде:
бірінші абзацта:
«бір айда бір рет орта мерзімді негізде» деген сөздер «екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кемінде жылына бір рет» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта «екі жылда» деген сөздер «айына» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Компаниялардың» деген сөз «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |