Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қазандағы № 912 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
01 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» ішкі функциясында:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» әкімшісі бойынша:
«1737605» деген сандар «1748551» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасында «1499967» деген сандар «1510913» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында «1532027» деген сандар «1542973» деген сандармен ауыстырылсын;
104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» әкімшісі бойынша:
«1728054» деген сандар «1717108» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасында «858537» деген сандар «847591» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында «1128054» деген сандар «1117108» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Құны» деген 1-тармақта «1532027» деген сандар «1542973» деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша:
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
«Құны» деген 1-тармақта «1128054» деген сандар «1117108» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |