Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 931 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында:
600 «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша:
001 «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «538431» деген сандар «521606» деген сандармен ауыстырылсын;
017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «5175» деген сандар «22000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |