Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 933 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары департаментінің директоры |
Солодченко Роман Владимирович | - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Шварцкопф Илона Альбертовна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры; |
мына:
«Әбжанов Дәулет Көбенұлы | - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Әблязова Ақмарал Насырқызы | - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбжанов Дәулет Көбенұлы | - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Әблязова Ақмарал Насырқызы | - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Елемесов Асқар Раушанұлы, Исабеков Тимур Шамсатұлы, Мәмештегі Сәдуақас Халықсоветұлы, Сағындықов Самат Алпысұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |