Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 915 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Мешімбаева Анар Ертөлеуқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрайымы |
мына:
«Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;»; |
көрсетілген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев, Асқар Ұзақбайұлы Мамин, Школьник Владимир Сергеевич, Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов, Қайрат Нематұлы Келімбетов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |