Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 775 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
16-тармақтың үшінші абзацының екінші сөйлеміндегі «лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын» деген сөздер «лицензияның телнұсқасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |