Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 899 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Сейітмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Саудабаев Дәулет Советұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Савченко Ирина | - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Бутина Мереке Сағымбайқызы | - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша) |
Садықова Айжан Бегайдарқызы | - Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
көрсетілген құрамнан Дүйсекеев Амангелді Дүйсекейұлы, Жүндібаев Валерий Ермекбайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Косухин Александр Борисович, Нәбиева Гүлзи Әскенқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |