Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 893 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Хисамутдинов Ильдар Ибрагимович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Богушевич Владимир Георгиевич, Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |