3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи кешендерді сақтау, бірегей және эталондық учаскелер, мемлекеттік нысандар табиғи-қорықтық қор және қазіргі заманға сай туристік инфрақұрылымдар құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бүлінген табиғи кешендерді қалпына келтіру, аса құнды тарихи және мәдени ландшафтар, тарихи ескерткіштер, Қазақстан халықтарының өзге де нысандарының мұралары мен мәдениеті, табиғатты қорғау және рекреациондық іс-шаралар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту | Щучье-Бурабай курорт аймағында белсенді демалу үшін және экологиялық туризмге арналған инфрақұрылым құру. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеумен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3 қосымшаға сәйкес объектілерді салу, олардан: 1) Сауда ойын-сауық орталығы; 2) Бурабай көлі аймағындағы жарық серуен жолдары; 3) суару жүйесі қондырғысы бар орман дақылдары питомнигін кеңейту; 4) аңшылар үйінің құрылысы; 5) марал шаруашылығының құрылысы; 6) Абылайхан алаңын қалпына келтіру; 7) "Бурабай" МҰТП орталық кеңсесінің және сыртқы инженерлік жүйенің құрылысы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қажетті жабдықтар және тағы аңдар сатып алу арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық аудитін жүргізу. "Бурабай" МҰТП-ның туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру табиғи жағдайдағы алуан түрлі биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлінген табиғи кешендер, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қалпына келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
Уақтылығы: бекітілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткізу кестесіне сәйкес негізгі құралдар сатып алу.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.