ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 279 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобалар бойынша көлемді орындау:
1. Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілері мен энергия желілері объектілерін кеңейту және жаңғырту.
2. 4 қосалқы станция салу.
3. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
4. Астана қаласының сол жақ жағалаудағы бөлігінде жылу магистралін салу 3-іске қосу.
5. Астана қаласында ЖЭО-3 салу.
6. Алматы қаласындағы "Орбита" аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту.
7. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласының жылу желілерін жаңғырту, орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қазандықтардың және ЖЭО-ның қолданыстағы қуаттарын жаңғырту.
8. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласында 3-ЖЭО салу.
9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке елді мекендерді жылу және энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
352-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі ведомстволарын көшіру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 444756 мың теңге (төрт жүз қырық төрт миллион жеті жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: комитеттер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Геология және жер қойнауы комитеті мен Атом энергетикасы комитетінің Астана қаласына қоныс аударуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру | Астана қаласына Комитеттердің қоныс аударуын қамтамасыз ету: 1. Буып-түю, тиеу-түсіру бойынша шығын. 2. Телефондар мен байланыс арналарын орнату. 3. Қоныс аударуға байланысты көлік шығыны. 4. Сөрелерді құрастыру және бөлшектеу, геологиялық қор үшін қосымша сөрелерді жасау. 5. Комитет қызметкерлерінің Астана қаласына жол жүру ақысын төлеу шығыны. 6. Өтемақы төлеу шығыны. 7. Тұрғын үй сатып алу (кезең). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету және комитеттер жұмысының тиімділігін арттыру үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен Атом энергетикасы комитетінің Астана қаласына қоныс аударуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
353-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен
жабдықтауды қамтамасыз ету»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электр энергиясының жетіспеушілігін жабу, электр энергиясында бағаның тұрақты деңгейін сақтау кезінде күзгі-көктемгі кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын (бұдан әрі - ЖМАЭС) қосу және күзгі-қысқы кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған электр энергиясының жетіспеушілігін жабу мақсатында оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары үшін отын жеткізілімі бойынша шығындардың өтемақы жолымен электр энергиясына тұрақты тарифтерді сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету | "ҚазТрансГаз" АҚ қаражаттарын аудару: 1) отын жеткізілімі үшін шығындарды өтеу бойынша шығыстар (2006 жылғы қараша-желтоқсан); 2) 2007 жылғы қаңтардан мамырға дейін электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтауға қажетті отынның құны мен тасымалдау шығыстарын ескеріп, Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшін отын сатып алу бағасының арасындағы айырманы жабу шығыстары. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазТрансГаз" АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ҚҚС табиғи газды бағалау кезінде 2852 млн.кВтс-қа дейінгі көлемде ЖМАЭС шиналармен бірге электр энергиясын жіберу 69,63 $/мың.н.м.куб-қа дейін ($ есептеу курсы бойынша 128 теңге) және/немесе резервтік отынды (мазут) пайдалану.
Түпкі нәтиже: (2900 МВт) күтілетін»ең жоғары»жүктеме шектерінде Оңтүстік Қазақстанды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өндірілген электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтау.
Уақыттылығы: шартқа сәйкес.
Сапасы: 2006-2007 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы кезеңдеріндегі Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының тұрғындарын электр энергиясымен жабдықтау қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
354-ҚОСЫМША (өте құпия)