2) қызметтер көрсетуді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайларды және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, тармақ пайдаланушы қызметтердің мәлімделген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленуші Қазақстан
Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізуге, қызметтер көрсетудің бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) кірме жолды, бағыттамалық бұрмалар мен өтпелерді, оның құрылыстарды мен құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделі, орташа және көтеру жөндеулерін жүргізуге;
6) кірме жолды қардан, шөптен және ластанулардан темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік құқықтық кесімдерінің шегінде тазалауды жүргізуге;
7) кірме жолдардың Техникалық пайдалану ережесінің және санитарлық нормалар мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
8) тармақ пайдаланушыны қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;
9) тармақ пайдаланушыны себептерін көрсете отырып, кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;
10) өзіне тиесілі кірме жолдарды күзетуді қамтамасыз етуге;
11) кірме жолдарға темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермеуге;
12) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
13) тармақ пайдаланушыға тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ технологиялық операцияларда көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөнінде қызметтер көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшінші тұлғалармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды таңбауға;
14) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсыну жағдайында, тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тежегіш башмактарды ұсынуға;
15) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсыну жағдайында тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамын күзетуді қамтамасыз етуге міндетті.
21. Тармақ пайдаланушы:
1) кірме жолдардың қызметтерін пайдалануға тең құқық алуға;
2) осы Шарттың талаптарына сәйкес тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да тасымалдау процесінің технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгіленген сапада алуға;
3) тармақ иеленушіден қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
4) тармақ иеленушінің кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
5) тармақ пайдаланушыны қабылданған кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде себептерін көрсете отырып, хабардар етуге;
6) тармақ иеленушімен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) тармақ иеленушінің осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
22. Тармақ пайдаланушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның кірме жолдарды пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
3) тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болмауы жағдайларын және тармақ иеленушінің кірме жолда қауіпсіз емес қозғалысы жағдайын қоспағанда, мәлімделген көлемдердің орындалуын қамтамасыз етуге;
4) осы Шарт бойынша тармақ иеленушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға құқықтар бермеуге және табыс етпеуге;
5) есеп айырысу айынан кейінгі әрбір айдың бесінші күніне дейін есепті кезең үшін өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге;
6) тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамы тұрағының қызметтерін алу кезінде тежегіш башмактарының сақталуын және жылжымалы құрамның бекітілуінің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
23. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
24. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
25. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушіге төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешектің сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
26. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиіс уақыттан бастап қызмет іс жүзінде басталған уақытқа дейін алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
27. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе алдын ала көздеу немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
28. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
29. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн ішінде алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер
30. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, тарап бұл туралы екінші тарапты отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
31. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
32. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
тәртібi
34. Шарт 200__ жылғы «__»________ 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «__»_______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
35. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
36. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
37. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
38. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсынудың тәртібі мен шарттарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар осы Шартты осындай кесімдер заңдық күшіне енген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелерi
мен қолтаңбалары
Тармақ иеленуші: Тармақ пайдаланушы:
_________________________ _________________________
_________________________ _________________________