Ұшақ үш нүкте жағдайында тұрылғаны саналады. Негізгі тірек жерге қосарлас жазықтықта әрекет етуші және дөңгелек осінен өтетін Мэ айналу сәтіне тексерілуге тиіс:
____
М = +(900 + 0,02\/m3un), Н*м;
______
М = +(900 + 0,02 \/g3m3un), кгс*м,
бірақ 105 Н*м (104кгс*м) аспайтын. Бұдан басқа, тірекке РYo = Рno.un сатылас жүктеме салынуға тиіс, мұндағы Рno.un -nпос кезінде тірекке тұру жүктемесі.
Егер ұшаққа топырақты ШҚЖ-да жүйелі пайдалану талабы қойылса, Мэ және РYy шамалар mвзл шыға отырып, айқындалады.
Тк жағдайы. Шарықтау кезінде жерден ұшақтың көтерілгеннен кейін дөңгелектерді кенеттен тежеу.
Ұшуда ұшақтың жағдайын қараған жөн:
1) толық шығарылған шассимен;
2) құлпыда толық жиналған шасси кезінде;
3) шассидің аралық жағдайымен.
Әрбір тіректің дөңгелектеріне Мmax сәті салынуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Ескерту. Егер ҰПБ-да ұшқышқа шарықтау кезінде ұшақтың жерден көтерілгеннен кейін дөңгелектерді тежеуге тыйым салынса, Тк жағдайын қарамауға рұқсат беріледі.
Артқы деңгелекті (костыльді) (артқы дөңгелегі бар шассиді) жүктеу жағдайлары.
206. Құйрықтар дөңгелектің (костыльдің) беріктігін айқындаған кезде геометриялық ара қатынастары қаралап отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес келетін шамаға жаншылған амортизациясы кезінде белгіленуге тиіс.
Еш жағдайы. Үш нүктеге қону.
Пайдалану мен ең жоғары жұмыстарды жұтқан кезде пайдалану және ең жоғары жүктемелер (nYА және nmaxA жүктелімдер) амортизацияның жаншу диаграммасынан айқындалуға тиіс. Күштер әрекетінің бағыты жер бетіне қалыпты.
Еш+Gш жағдайы. Сатылас және маңдайлық күштердің бір мезеттегі әрекеті (4.7.-сурет).
12-сурет
Ұшақ үш нүкте жағдайында тұрылғаны саналады.
Жерге қалыпты Ру күшінен басқа артқы дөңгелекке дөңгелек осіне салынған және кері бағытталған Рх = -0,5Ру күш әрекет етуі алынады.
Ру күші Еш жағдайындағыдай айқындалуға тиіс.
Амортизациясы алдыңғы соққыға жұмыс істемейтін артқы дөңгелек (костыль) үшін қосымша nYA сәйкес келетін РYу құйып алу кезінде РYx = -2,5Рno.oa -мен жүктеуді қараған жөн.
Ескерту. Костыль үшін Рх күш оның жерге тиген нүктесіне салынған.
R1 ш жағдайы. Бүйірлі соққымен қону.
Ұшақ үш нүкте жағдайында тұрылғаны саналады. 25%-ке азайтылған Еш+Gш жағдайы жүктемелерінің және Рz=±+0,15Ру бүйірлі жүктемесінің бір мезеттегі әрекеті қаралуға тиіс. Бұдан басқа, артқы дөңгелек (костыль) жерге дөңгелектің (костыльдің) тиген нүктесіне салынған Рz=±+0,2 Ру бір бүйірлі жүктеменің әрекетіне тексерілуге тиіс; амортизацияның тұру жаншылғаны алынады.
Бағдарлаушы артқы дөңгелек (костыль) үшін бағдарлау осіне қатысты Рz бүйірлі күшінің 20% сәті және осы сәттің 80% дөңгелек осіне жұп күштерімен немесе жерге костыльдің тиген нүктесінде жұп күштерімен қабылдануын алу қажет.
207. Тұмсықтық тіректі және артқы сақтандырғыш тіректі (тұмсықтық дөңгелегімен шассиді) жүктеу жағдайлары.
Төменде қаралатын барлық жағдайларда ұшақ үш нүктеде болуы, ал амортизация - қаралып отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес жаншылған деп саналады.
Қосақталған дөңгелектері кезіндегі барлық жағдайларда дөңгелектерге біркелкі емес жүктеме қаралуға тиіс: жалпы жүктемеден 60% бір дөңгелекте және 40% екіншісінде қаралуға тиіс. Егер ұшаққа топырақты ШҚЖ-да жүйелі пайдалану талабы қойылса, жүктемелерді үлестіру 0,7:0,3 қатысты жүргізіледі. Барлық жағдайларда кез келген дөңгелектерде сатылас жүктеменің пайдалану мәні 0,67 Р разр.рад аспауға тиіс, ал Аmax жұтқан кезде сатылас жүктеменің мәні 0,75 Р разр.рад аспауға тиіс, мұндағы Рразр.рад -дөңгелеқке бұзушы радиалдық күш. Бағдарлаушы мен басқарылатын дөңгелектер үшін 208 тапсырылатын Му мәніне тең тұмсықтық дөңгелектің осіне қатысты Рх күштерін симметриялық емес салғаннан сәттің бөлігі бағдарлау осьте, ал сәттің қалған бөлігі - дөңгелек осінде жұп күшпен қабылдануын алынған жөн.
Еш.пос жағдайы. Үш нүктеге қону.
Пайдалану мен ең жоғары жұмыстарды жұтқан кезде пайдалану және ең жоғары жүктемелер (nYA және nmaxA жүктелімдер) амортизацияны жаншу диаграммасынан айқындалуға тиіс. Күш әрекетінің бағыты - жер бетіне қалыпты.
Ескерту. Шассидің және оның бекітпелерінің беріктігі шектеушіге соғылған кезде кері жүрісте амортизатор штогінің толық шығу сәтінде пайда болатын жүктемелерге тексерілуге тиіс. Бұдан басқа, шасси конструкциясы элементтерінің беріктігі онда алғашқы қысымның ең жоғары мүмкіндігі болу кезінде амортизациялық тіректі жаншуды бастауға сәйкес келетін жүктемелерге штоктің толық шығу, бірақ кері қарай бағытталған жағдайында тексерілуге тиіс. Жүктемелер дөңгелектердің осьтеріне салынуға тиіс. Қосақталған дөңгелектер болған кезде дөңгелектер арасында жүктемені үлестіру біркелкі болады. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,5.
Еш.взл жағдайы. Екпін.
Шассидің тұмсықтық тірегіне бір мезетте мынадай жүктемелер әрекет етеді:
жерге қалыпты күш
РYу =2Pno.і + TY h,
b
бірақ кемінде
PYу= P no.і+2 Tuah2
b
дөңгелектердің осіне салынған және ұшуға қарсы бағытталган жерге қосарласқан күш
PYx = -кРүy, мұндағы k=0,3.
Сондай-ақ жоғарыда келтірілген РYy күшінің және Pyx = 0,7кРYy күшінің бір мезетте әрекет етуін қараған жөн.
Ескерту. Ұшу бойынша бағытталған РYx күшінің шамасы ұқсас схемалардың шассиін пайдалану тәжірибесін есепке алып кинематикалық схеманы талдау негізінде нақтылануы мүмкін.
Тежегіштермен жарақталған дөңгелектері бар шассидің тұмсықтық тіректері үшін сондай-ақ жерге қосарласқан күш жерге дөңгелектер тиген нүктеде салынған жағдайды қараған жөн және:
PYx=ТYl тең
Мұндағы және бұдан әрі Р ст. н - mвзл және ұшақты шекті алдыңғы орталықтау кезінде тұмсықтық тірекке тұру жүктемесі;
Тдв - барлық қозғалтқыштардың ең жоғары тартымы;
ТY,TYi - негізгі тіректердің және шассидің тұмсықтық тірегінің (тиісінше) барлық дөңгелектер тежеуінің жиынтық күші, ТY =EMmax, мұндағы Mmax;
R
R - жаншылған дөңгелектің тиісті радиусы;
b - негізгі мен тұмсықтық дөңгелектердің осьтерінің арасындағы деңгейлес бойынша қашықтық;
h - тұрған кезде ұшақ ауырлығының ортасынан жерге дейін сатылас бойынша қашықтық;
h1 - тұрған кезде ұшақ ауырлығының ортасынан негізгі дөңгелектер осьтарына дейінгі қашықтық;
h2 - тұрған кезде қозғалтқыштардың осьтерінен жерге дейінгі сатылас бойынша қашықтық;
h'2 - ұшақ ауырлығының ортасынан қозғалтқыштардың осьтарына дейінгі сатылас бойынша қашықтық (егер қозғалтқыштардың ось ұшақ ауырлығының ортасынан төмен өтсе, n'2=0);
Егер ұшаққа топырақты ШҚЖ-да жүйелі пайдалану талабы қойылса, шассидің тұмсықтық тірегіне мынадай жүктемелерді үлестіру қабылданады:
- жерге қалыпты күш
PYу =nYА acePno.i+ kno gmace h1+ Taa h2
b b
бірақ мынадай формулалармен айқындалатын екі мәнінен аспауға тиіс:
1) PYy= Pno.і+2 Taa h2
b
2) PYy= 2Pno.i+ Ty h
b
- дөңгелектердің осіне салынған және ұшуға қарсы бағытталған жерге қосарласқан күш
PYх= -kPYy
Мұндағы nYА ace - шассидің тұмсықтық тірек дөңгелектерінің шиналарын толық жаншу шамасына бп.о және осы ұшаққа пайдалануда шарықтау мен қону рұқсат етілген топырақтың ең аз беріктігіне о қарай 4.6.-суреттегі кесте бойынша айқындалатын екпін алған кезде тұмсықтық тірек үшін пайдалану жүктелім;
kYx= -kPYy.
мұндағы xст =0,013 n, но а>80 Н/см2 кезінде 0,013 аспайтын,
Хст =0,017 n, бірақ о=60 Н/см2 кезінде 0,017 аспайтын;
Ро, В, D және n - шассидің негізгі тіректер дөңгелектерінің өлшемдері, бірақ n шамасы тірекке тұру жүктемесі кезінде айқындалуға тиіс:
х - Ро, В, D және n шамалары кезінде, бірақ шассидің тұмсықтық тірегі дөңгелектерін өлшемдері мен пайдалану жүктемесі РYy кезінде сондай-ақ 2-кесте бойынша айқындаған жөн.
0,3 кем к шамасын алмаған жөн.
Ескерту. Топырақтың беріктігіне о<60 Н/см2 (о<6 кгс/см2) шассиге жүктемелер ұшақты пайдаланған кезде орын алуы мүмкін ШҚЖ-ның неғұрлым тегіс емес беті бойынша екпіннің арнайы есептерінің негізінде айқындалуға тиіс. Осындай есептердің негізінде топырақтың беріктігіне о>60 Н/см2 (6 кгс/см2) шассиға жүктемелердің шамалары нақтылануы мүмкін.
Есептердің әдістемесін дайындаушы белгілеуге тиіс.
Еш+Gш жағдайы. Дөңгелекке алдыңғы соққы.
Пайдалану мен ең жоғары жұмысты жұтқан кезде жүктемелердің шамалары Е ш.пос жағдайындағыдай алынуға тиіс. Жүктемені дөңгелек осьтеріне салған және Аэ жұтқан жағдайда көлбеуге 450 бұрышымен және Аmax жұтқан жағдайда 550 бұрышымен ұшуға қарсы артқа қарай еңкейткен жөн.
Е'ш+ G'ш жағдайы. Айналдырылмаған дөңгелектермен қону.
Тұмсықтық дөңгелеқтің осіне көлбеуге 450 бұрышымен жоғары және төмен бағытта күш салынуға тиіс. Күштің шамасы А жұтқан жағдайда Еш.пос жағдайының 0,7 тең алынуға тиіс.
R1ш жағдайы. Тұмсықтық тірекке бүйірлі соғумен қону.
Пайдалану мен ең жоғары жұмыстарды жұтқан кезде жүктемелердің шамаларын -Еш.пос жағдайындағыдай алынуға тиіс. Жүктемені дөңгелек осьтеріне салынуға және Аэ жұтқан жағдайда бүйірлі компонент оның мәніне 0,33 болатындай жоғары және бүйірге жантаюға тиіс. Бағдарлаушы мен басқарылатын дөңгелектер үшін Му мәніне тең тұмсықтық дөңгелектің осьне қатысты бүйірлі күштер сәтінің бөлігі бағдарлаушы осьте, ал сәттің қалған бөлігі - дөңгелек осьнда жұп күшпен қабылдануын алған жөн. Егер бүйірлі күштің сәті тұмсықтық дөңгелек бағдарлауының осьне қатысты Му мәнінен аз болса, онда сәт пен күштің шамалары бойынша алынуға тиіс.
R2ш жағдайы. Рульдеу кезінде бұрылу (басқарылатын тұмсықтық дөңгелегі бар ұшақтар үшін).
Іске қосылған басқарумен тұмсықтық тірекке мынадай жүктемелер әрекет етеді:
дөңгелек осіне салынған жерге қалыпты күш
РYy= Pno.i+ Ty h
b
жерге дөңгелектің тиген нүктесінде салған бүйірлі күш РYz = +0,8РYy, бірақ, егер басқару механизмі немесе шиммидің бәсеңдеткіші бустердің (бәсеңдеткіштің) күшін шектейтін сақтандырғыш клапанымен жарақталса, РYz шамасы 1 My max артық алынбайды.
r
Мұндағы Tэ - негізгі тіректің барлық дөңгелектерін тежеудің жиынтық күші (сол жағының немесе оң жағының).
Көрсетілген РYy және РYz жүктемелердің шамалары есептердің негізінде мынадай жағдайларда нақтылануы мүмкін:
ұшақ ауырлығының сатылас жүктелімі nу=1,00;
көтермелі күш Y=0;
шассидің бір негізгі тірегінің дөңгелектері және қозғалтқыштардың симметриялық емес тартымы арқылы тежеумен nвзл -мен ұшақтың бұрылуы жүргізіледі;
тұмсықтық тірек бейтарап жағдайда тіркелген.
Артқы сақтандырғыш тірекке соғу.
Пайдалану жүктеме пайдалану жұмысты жұтқан кезде тірекке ең жоғары күш ретінде амортизацияның жаншу диаграммасынан айқындалуға тиіс. Сақтандырғыш тіректің амортизациясы толық жаншумен алынады.
208. Қысқы шаңғы шассиін артқы немесе тұмсықтық шаңғымен жүктеу жағдайлары.
Шаңғы шассиінің беріктігін айқындаған кезде геометриялық ара қатынастар қаралып отырған жағдайдың пайдалану жүктемесіне сәйкес келетін шамаға жаншылған амортизациясы кезінде белгіленуге тиіс.
Егер техникалық жағдайлар бойынша доңғалақтарды шаңғыларға айырбастауы көзделсе, шассидің беріктігі барлық жағдайларға тексеруден өтуге тиіс.
талаптар арнайы айтылған жағдайларды қоспағанда, негізгімен бірге тұмсықтық, артқы шаңғыларға қатысты.
Ел жағдайы. Үш нүктеге қону және екпін.
Әрбір шаңғыға мынадай жүктемелер әрекет етуі алынады:
шаңғының жұмыс бөлігінің ұзындығы бойынша үлестірген және негізгі мен тұмсықтық тіректері, артқы дөңгелегі (костыль) және дөңгелек шассиінің Еш жағдайында артқы сақтандырғыш тірек үшін тиісті қалыпты жүктемелерге тең жерге қалыпты күш.
тиісті сатылас жүктемеге 0,25 тең үйкеліс күші Т.
Қауіпсіздік коэффициенті дөңгелек шассиінің Gш жағдайында көрсетілгендей айқындалуы тиіс.
1-ескерту. Шаңғы шетінің қатты майысуынан басталатын шаңғы ұшының 4 см. кетерілісіне дейінгі қашықтық шаңғы жұмыс бөлігінің ұзындығы болып саналады.
2-ескерту. Шаңғының ұзындығы бойынша жерге қалыпты жүктемені үлестіру сызықтық заңы бойынша шаңғы барлық күштердің әрекетімен тепе-теңдікте болуымен алған жөн (13-сурет); ені бойынша жүктемені үлестіру - біркелкі болады.
13-сурет
Gл жағдайы. Шаңғының ұшуына алдыңғы соққы (тұмсықтық және артқы шаңғылар үшін қаралмайды).
Ұшақтың тұрақтағы жағдайы. Бір шаңғыға жүктеме РY=0,5nYGgmace шаңғының ұшын көтерілген басымен қосатын хорданың ортасынан және төлкенің осьнан өтеді (4.9.-сурет).
14-сурет
Мұндағы nyG - негізгі тіректер үшін Gш жағдайын пайдалану жүктелімі (205-тармақ).
R1л жағдайы. Бүйірлі соғумен қону.
Ұшақтың тұрақтағы жағдайы. Негізгі мен тұмсықтық тіректерге және артқы тірекке әрекет етуші жерге қалыпты күштер доңғалақ шассиінің R1ш жағдайында тиісті жүктемелерге тең болуға тиіс. Бүйірлі күштерді тиісті қалыпты жүктемелерден 0,25 тең алған жөн. Қалыпты жүктеме шаңғының ұзындығымен сызықтық заңы бойынша тепе-теңдестіруші шаңғы төлкесінің осы арқылы өтетіндей үлестірілуге тиіс. Шаңғының ені бойынша жүктемені үлестіру - біркелкі болады. Шаңғыға бүйірлі жүктеме жұмыс ұзындығы бойынша біркелкі оны тепе-тең әрекет етуші (Рz) шаңғының жұмыс бөлігінің ортасында ұзындығы бойынша, ал биіктігі бойынша - жерден шаңғы денесінен 1/3 ең жоғары биіктігінің қашықтығында салынуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті тиісті тіректер мен артқы тірек үшін доңғалақты шассидің R1ш жағдайларында көрсетілгендей алынуға тиіс.
Мл жағдайы. Шаңғының қатып қалуы (тұмсықтық пен артқы шаңғылар үшін қаралмайды).
Ұшақтың тұрақтағы жағдайы және шаңғының біреуіне әрекет етеді:
- жер жазықтығында айналу сәті
MY=0,2lPno.ace,
мұндағы l - шаңғы жұмыс бөлігінің ұзындығы;
Рст.взл -mвзл кезінде шаңғыға тұрудағы жүктеме;
төлке осі арқылы өтетін жердің сатылас реакциясы
РYy = Рno.ace
шамасын осы шаңғыдан оң жағынан немесе сол жағынан қаралатын шаңғы осьнан тепе-тең әрекет етуші тартымға дейін қашықтыққа Мэ сәтті бөлумен РYx шаңғы бойымен үйкеліс күші.
209. Шасси элементтерін жүктеу жағдайлары. Екіосьтік арбалары бар тіректер. Z осьна қосарлас осьқа қатысты бұралатын арбасымен негізгі тіректің беріктігі оның орнына Мшт жағдайы енгізілетін Мш жағдайын қоспағанда негізгі тіректі жүктеудің барлық жағдайларында қаралуға тиіс. Жүктемелердің шамалары, бағыты мен салу нүктелері жүктеудің тиісті жағдайларында көрсетілгендей алынуға тиіс. Арбаның алдыңғы және артқы жүктемелерді үлестіру мынадай сипатта жүргізілуге тиіс:
Еш.пос, Еш+Gш және Еш жағдайларында арбаның бұрылу осьна дейінгі қашықтыққа кері пропорционал;
Gш жағдайында Рх Нормаланатын жүктеменің барлық деңгейлес құрамдасы доңғалақтардың не алдыңғы, не артқы осьна салынуға тиіс; Рх Нормаланатын жүктеменің сатылас құрамдасы арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан алдыңғы және артқы осьтарының арасында үлестіруге тиіс;
Еш.взл, Еш+G'ш жағдайларында Рх жүктемені доңғалақтардың алдыңғы және артқы осьтарының арасында тең, ал Ру - арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдіқ жағдайынан үлестірген жөн;
R1ш және R2ш жағдайларында жүктемелердің Ру сатылас және Рx деңгейлес құрамдастары арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан үлестіреді, ал жүктеменің бүйірлі құрамдасы доңғалақтардың алдыңғы мен артқы осьтарының арасында екі нұсқада үйлестіріледі:
1) әрбір осьтың доңғалақтарына сатыласқа пропорционал бүйірлі жүктеме салынады;
2) бір (кез келген) осьтің доңғалақтарына барлық жүктемеден 50% салынады, ал басқа осьтің доңғалақтарына салынбайды; бұл ретте, бір тірекке барлық Рz бүйірлі құрамдас тиісті жағдайда (R1ш және R2ш) көрсетілгеннен 0,5 тең;
Тш жағдайында жүктемелердің Ру сатылас және Рх деңгейлес құрамдастары арба осьнің бұрылуына қатысты сәттердің тепе-теңдік жағдайынан үлестіруге тиіс.
Мшт жағдайы.
МYy айналған сәттің шамасы тең болуға тиіс:
МYy= +0,75Pno.acec,
2
мұндағы Рст.взл - mвзл кезінде тірекке тұрудағы жүктеме;
с - алдыңғы осьтің сол жақ (оң жақ) доңғалақтарының түйіспелер орталықтарының арасындағы диагональ бойынша қашықтығы. МYy сәті с иініне ие екі бірдей жұп күштерінің түрінде доңғалақтар құрсауларының төменгі нүктелеріне салынуға тиіс. Бұдан басқа, әрбір осьтің доңғалақтарына mвзл кезінде тірекке тұрудағы жүктемеге сәйкес келетін жүктеме салынады.
Барлық санамаланған жағдайларда әрбір осьқа келетін жүктеме арбаның сол жақ пен оң жақ жақтары доңғалақтарының арасында жалпы жүктеменің бір жақтың доңғалақтарына 60%, ал екіншісінің доңғалақтарына 40% келетіндей үлестірілуге тиіс. Егер ұшаққа топырақты ШҚЖ-да жүйелі пайдалану талабы қойылса 0,7:0,3 қатысты үлестіру жүргізіледі. Барлық жағдайларда кез келген доңғалақтарда сатылас жүктеменің пайдалану мәні 0,67Рразр.рад артық болуға тиіс, ал Аmax жұтқан кезде сатылас жүктеменің мәні Аmax - жоғары болмауға тиіс, мұлдағы Рразр.рад - доңғалаққа бұзушы радиалдық жүктеме.
Тұмсықтық тірек басқару тетігі мен шимми демпфері.
Шассидің тұмсықтық тірек конструкциясының элементтері, басқару тетігі мен шимми демпфері тұмсықтық тірек доңғалағын (доңғалақтарын) бағдарлау осьна қатысты r иініне салынған Рz бүйірлі күштің сәтіне тең Му айналған сәтімен жүктелуге тиіс. Рz бүйірлі күшті тұмсықтық тіректің R1ш жағдайынын сатылас жүктемелердің тиісті мәндері кезінде қаралып отырған доңғалақ үшін Рz=f(Ру,By) эксперименталдық мәндері бойынша айқындаған және 1,25 есе көбейткен жөн.
Бүйірлі әкетудің бұрыш шамасы пайдалану жұмысты жұту жағдайы үшін Ву=±+100 және ең жоғары жұмысты жұту жағдайы үшін Ву= +50 тең алынады. Алдын ала есеп жүргізген кезде Рz үшін ара қатынастар пайдаланылуы мүмкін. Рz күштің иіні мынадай формула бойынша айқындаған жөн
______
r=r0+0,2cosф0\/ Dб-б2,
мұндағы r0 - жермен шинаның орта нүткесінің және тиісті сатылас жүктеме кезінде доңғалақты бағдарлау осьнің арасындағы қашықтық;
D - доңғалақтың диаметрі;
бш - көрсетілген сатылас жүктеме кезінде шинаны жаншу,
ф - доңғалақтың бағдарлау осімен сатылас жасалатын бұрыш.
Му=Рzr сәті доңғалақтың бағдарлау осьна қатысты бустер дамытатын сәтінен аз алынбайды.
Егер басқару тетігі немесе шимми демпфері бустердің (демпфердің) күшін шектейтін сақтандырғыш клапанымен жарақталса, онда бустермен (демпфермен) теңестірілетін пайдалану сәті Му_max=1,15Мкл+Мтр артық емес алынуға тиіс, мұндағы Мтр - доңғалақтың (доңғалақтардың) бұрылу жүйесіндегі үйкеліс сәті.
Ескерту. Егер ұшақ симметриясы жазықтығынан бір жағынан кідірген қозғалтқыштарымен шарықтау үзілген кезде ұшақтың бұрылуын болдырмау үшін тұмсықтық тіректі басқару көзделсе, тұмсықтық тірек конструкциясының, басқару тетігінің және шимми демпферінің беріктігі бойынша дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келісім бойынша дайындаушы белгілеген жүктеменің қосымша есепті жағдайлары қаралуға тиіс.
Шассидің амортизаторлары, пневматикалық және гидравликалық күштік цилиндрлер.
Тежеуге арналған және шассиді жинау мен шығаруға арналған шассидің амортизаторлары, пневматикалық және гидравликалық цилиндрлері оның бөлігі болып табылатын шассиге қойылатын 202-гі талаптарға сәйкес беріктікке есептелуге тиіс.
Бұдан басқа, шасси амортизаторларының, пневматикалық және гидравликалық цилиндрлердің беріктігі цилиндрлердегі ең жоғары ішкі қысымға тексеруден өтуге тиіс. Шассидің амортизаторлары үшін цилиндрдегі ең жоғары қысымға Аmax жұмысты шассидің амортизациясы жұтқан кезде газ бен гидравликалық камераларда тиісінше дамитын қысымды алған жөн. Пневматикалық пен гидравликалық күштік цилиндрлер үшін рmax үшін цилиндрдегі ең жоғары мүмкін қысымын алған жөн; цилиндрде сақтандырғыш клапаны болған кезде pmax=1,15pкл.раб. мұндағы ркл.раб - клапан болған кезде цилиндрдегі жұмыс қысымы.
Күштік цилиндрлер мен шасси амортизаторларының герметикалығын тексеру үшін олар бақылаушы нығыздау қысымға тартылуға тиіс. Бұл ретте нығыздау қысымның шамасы рmax кем болмауға тиіс.
Нығыздау қысымға қатысы бойынша қауіпсіздік коэффициенті f=1,50 кем болмауға тиіс.
Доңғалақтар, шиналар және тежеуіштер.
Доңғалақтардың, шиналардың және тежеуіштердің негізгі сипаттамалары осы тарауда қелтірілген жүктемелердің бір реттік әрекетіне де, 48-тарауға сәйкес төзімділікке де тиісті сынақтармен расталуға тиіс. Таңдалған алғашқы қысым ро кезінде осы сипаттамалар:
Vвзл.к екпіні кезінде ең жоғары рұқсат етілетін жылдамдық;
Vпос.к жүгірісі кезінде ең жоғары рұқсат етілетін жылдамдық;
Рст.взл.к екпіні кезінде доңғалаққа ең жоғары рұқсат етілетін статикалық жүктеме;
Рст.пос.к жүгірісі кезінде ең жоғары рұқсат етілетін статикалық жүктеме;
доңғалаққа ең жоғары рұқсат етілетін жүктеме Рм.д - жанама қисықтың Р=f(б) абсцисстардың осьна келбеу бұрышының тангенсі тиісті ауқымдарды ескере отырып тұрудағы жүктеменің тұрудағы шөгуіне төрт есе еселенген қатысына тең. Доңғалаққа ең жоғары жол берілетін жүктемені статикалық салған кезде алынған қисық бойынша айқындауға рұқсат беріледі;
Рразр.рад доңғалақтың бұзушы радиалдық жүктемесі;
0,75 Рразр.рад тең жүктеме ретінде айқындалатын Рпред , доңғалаққа шекті жүктеме;
бп.о. толық қысу - Рпред тең жүктеменің статистикалық қосымшасы кезіндегі шинаны орнату;
МyT қонғаннан кейінгі жүгірісі режиміндегі пайдалану мен ең жоғары тежеу сәттері және Мmax.ст старт кезінде ең жоғары тежеу сәті;
тежеу кезінде доңғалақтың тежеуіші жұтуы мүмкін Amaxe энергияның ең жоғары шамасы болып табылады.
Тиісті қауіпсіздік коэффициенттерімен шассидің беріктігіне талаптардың есепті жағдайларында тапсырылатын жүктемелерге тексеруден өтуге тиіс.
Бұдан басқа, мынадай талаптар қанағаттандырылуға тиіс:
1) барлық ұшақтар үшін негізгі тіректер доңғалақтарының және артқы доңғалақтың мөлшерін таңдауды ұшақтың есептік шарықтау салмағы кезінде доңғалаққа тұру жүктемесі Рст.взл.к аспайтындай және ұшақтың есептік қону салмағы кезінде тұру жүктемесі Рст.пос.к аспайтындай жүргізген жөн.
Тұмсықтық доңғалақтың мелшерін таңдау ұшақтың есептік қону салмағы және шеткі алдыңғы центрлеу және 3 м/с үдеумен тежеумен туындаған жүктеме кезінде тұмсықтық доңғалаққа келетін тұру жүктемесінің жиынтығы толық жаншылған доңғалақтың жартысына сәйкес келетін жүктемеден аспауға тиіс. Есептік шарықтау салмағы мен шеткі алдыңғы центрлеу кезінде тұмсықтық доңғалаққа келетін тұру жүктемесі Рст.взл.к артық болуға тиіс;