1) nэу =0 және Vmax 5 жылдамдыққа сәйкес келетін ұшақ әсер етуінің бұрышы кезінде;
2) су max б 8 - жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар ұшақтың су max ұқсас айқындалатын жалғасқанатшалар мен алғы қанатшалар ауытқуының қаралып отырған комбинациялары үшін ұшақтың қалыпты аэродинамикалық күшінің ең жоғары мәніне сәйкес келетін ұшақтың әсер ету бұрышы кезінде. Жылдамдық арыны 2gm/S тең алынады.
су max
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,5.
Жалғасқанатшалардың (алғы қанатшалардың), олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелерінің (тетіктерінің) беріктігін сондай-ақ жиналған жағдайда тексерген жөн. Осы орайда жалғасқанатшаларға аэродинамикалық жүктемені қауіпсіздік коэффициенті f=1,5 кезінде айқындаған жөн.
1-ескерту. Егер ҰПБ-на сәйкес екінші айналымға кету кезінде жалғасқанатшалардың ауытқу бұрышын азайту қажет болса, осы режимде жүктеу талаптары ҰПБ-да ұсынылған ұшу тәсілін орындағанда жалғасқанатшалардың ауытқу бұрышының, ұшу жылдамдығының және жұмыс режимінің үйлесулердің шекті мүмкіндігін айқындау бойынша есептердің негізінде нақтылануы мүмкін.
2-ескерту. Егер жалғасқанатшалар, алғы канатшалар басқа мақсатта пайдаланылса, мысалы, тегістеу кезінде тежеу үшін немесе ұшуда ауытқуға әкелетін қосымша тетік бар болса, тетіктеме элементтерінің, олардың бекітпелерінің және басқару жүйелері түзілімдерінің есепті жағдайларын Дайындаушы белгілейді және Дайындаушы-Мемлекеттің Құзыретті органымен келісілуі тиіс.
Қанаттың артқы бөліктері. Жалғасканатшалардың аймағында қанаттың артқы беліктерінің беріктігі шығарылған шарықтау-қону тетіктемесі бар кезінде осы бөліктерге келетін және жалғасқанатшалардың ауытқу бұрышының мәндеріне және ол кезіеде жалғасқанатшалардың осындай ауытқуымен ұшуды жүргізу мүмкін ең жоғары жылдамдық арынының мәндеріне сәйкес айқындалатын жүктемелерге қосымша тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,0.
192. Қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша және оның элементтері бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру. Қанат пен оның элементтері үшін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша құлашы мен кескіні бойынша жүктеудің қисық үлестірулері жасалуға тиіс. Аэродинамикалық түтіктердегі сынақтар қанат әсер етуінің бұрыштары, элерондар ауытқу бұрыштары және қаралып отырған жағдайларға сәйкес келетін қанат тетіктемесінің жағдайлары кезінде жүргізілуі тиіс.
Осындай материалдар болмағанда қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша үлестіруге рұқсат етіледі.
29. Артқы қанатшалану
193. Жалпы нұсқаулар. Айқындалған аэродинамикалық жүктемелер (деңгейлес қауырсындану үшін қалыпты және сатылас қанатшалану үшін көлденең) бойлық аэродинамикалық жүктемелерді ескере отырып және ескермей-ақ қараған жөн. Қалыпты мен көлденең жүктемелердің бағыты шартты қалыпты, ал бойлық жүктемелер - стабилизатордың (кильдің) хордалар жазықтықтарына қосарлас алынуы мүмкін.
Бойлық аэродинамикалық жүктеменің шамасын әсер ету (сырғу) бұрышы және төменде қаралып отырған жүктеу жағдайларына сәйкес келетін басқарылатын стабилизатордың (рульдің) ауытқу бұрышы кезінде аэродинамиқалық түтіктердегі қанатшалануға өткізген сынақтардың нәтижелері бойынша айқындау қажет. Ұшуда орнынан ауыстыратын стабилизатор болған кезде стабилизаторды ауыстырудың іс жүзінде мүмкін бұрыштары мен биіктік рулінің тиісті бұрыштарының неғұрлым қолайсыз үйлесімдерін қарау қажет. Қанатшаланудың құлашы мен кескіні бойынша бойлық жүктемені үлестіру қалыпты (көлденең) жүктемеге тепе-тең алуға рұқсат беріледі.
Барлық жағдайларда, теңестіру жүктемеден басқа, деңгейлес қанатшалануға үлестік пайдалану жүктемені (Рэ/S) 1180 Па (120 кгс/м2) кем алмаған, ал сатылас қанатшалануға - кемінде 590 Па (60 кгс/м2) алған жөн.
194. Біркильдік схема кезінде деңгейлес артқы қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Теңестіруші жүктеме. Теңестіруші жүктемені шығарылған да, жиналған да шарықтау-қону тетіктемесі бар маневрлеу жүктемемен қанатты жүктеудің барлық жағдайларында ұшақ ауырлығының ортасына қатысты аэродинамикалық күштердің сәттері жиынтығының нөлге тең жағдайынан айқындаған жөн (4.2.1.2).
Жүктемені мынадай формула бойынша айқындаған жөн:
Рэ=mz без г.оg SbА+mzwбез г.о gPH(nэ-1)Sb2A ,
Lг.о 2Lг.о
мұндағы
mzбез г.о - жүктемелерге қатысты орталықтау мен М санына неғұрлым қолайсыз деңгейлес қанаттануы жоқ ұшақ үлгісін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша айқындалатын деңгейлес қанаттануы жоқ ұшақтың аэродинамикалық күштері сәтінің коэффициенті; 4% (әрбір жағынан 2%-тен) кеңейтілген пайдалану центрленулердің барлық мүмкін диапазондары қаралады;
mWz без г.о - айналу жылдамдығының бұрыштық мөлшерсіз бойынша
Wz=WzbA деңгейлес қанаттануы жоқ ұшақтың аэродинамикалық
Vucm
күштерінің сәті коэффициентінің туындысы; mWz без г.о есеппен табуға рұқсат беріледі;
bА - қанаттың орта аэродинамикалық хордасы;
S - қанаттың көлемі;
Lг.о - ұшақ ауырлығының ортасынан деңгейлес қанатшалану қысымының ортасына дейінгі қашықтық;
q - жылдамдық арыны;
g - еркін түсу үдеуі;
рн - ұшу биіктігіндегі ауаның тығыздылығы;
Vист - ұшпудың шынайы жылдамдығы.
Деңгейлес қанатшалану бойынша теңестіруші жүктемені бөлген кезде әсер ету бұрышы а ұшақ мәні су мәні бойынша (1-кесте), ал рульдің (басқарылатын стабилизатордың) ауытқу бұрышы теңгеру жағдайынан айқындалады.
Жиналған шарықтау-қону тетіктемесімен ұшқан кезде маневрлеу жүктеме. Деңгейлес қауырсындануға жиналған шарықтау-қону тетіктемесімен ұшқан кезде маневрлеу жүктемені сатылас жазықтықта белгіленбеген маневрлерді есептеу жолымен айқындаған жөн. Бастапқы режимде рульдің (басқарылатын стабилизатордың) жағдайы ұшақты теңгеру жағдайынан айқындалады.
Кез келген жылдамдықпен Vmax max дейінгі белгіленген режим бастапқы режим болып табылады. Әрбір жылдамдықта бастапқы жүктелімнің үш мәні қаралады:
ny1=1,0; ny11=nэу max (a);
ny111=1-/\nу ман при nэу max(а)< 3,0 немесе
ny111=nэу min(a) при nэу max(а)>3,0.
Бұл жерде /\nymai=nYу max (a)-1
ny1 бастапқы жүктеліммен маневрі
ny11 немесе ny111 жүктелімге жету үшін маневрді орындағанда ұшқыш тұтқаны (штурвалды) өзіне қарай (өзінен), ал одан кейін, біраз уақыт өткеннен кейін оны бастапқы жағдайына қайтаратынын алған жөн. Жүктелімдер nу үшін маневрлеу кезінде ny111<ny <ny11 жағдайы сақталуға тиіс, осыдан шыға отырып, қайтару сәті айқындалады.
Тұтқаның (штурвалдың) ауытқу шамасы барлық деңгейлес қанатшалану және оның беліктері (стабилизаторы, рулі) үшін неғұрлым ауыр жүктеуді алатындай таңдалады. Дегенмен, осы шама тұтқаны (штурвалды) бастапқы жағдайға қайтармай ny11 жүктемеге немесе тиісінше ny111 жүктемеге тастауды ескере отырып, шығу үшін қажетті сол бір мәнінен 125%-тен аспауға тиіс.
ny11 және ny111 бастапқы жүктеліммен маневрі
Ұшқыш маневрді белгіленген бірлік жүктелімге шығу үшін қажетті шамаға бастапқы жағдайға оны қайтармай тұтқаны (штурвалды) ауытқыту жолымен орындайды.
VА жылдамдықта қосымша маневр
Белгіленген деңгейлес ұшу бастапқы режим болып табылады. Ұшқыш әсер етудің ең жоғары оң бұрышына жету үшін өзіне тұтқаны (штурвалды) ауытқытады. Бұл ретте, ұшақты жүктеу nэу max(a) асатын жүктелімдер кезінде қарауға рұқсат берілмейді.
Көрсетілген барлық маневрлер кезінде рульдің (стабилизатордың) және тұтқаның (штурвалдың) ауытқуы (тиімді конструктивті шектеуден басқа) мынадай қосымша жағдаймен шектеледі:
Ұшқыштың күші қосалқы құрылғылардың неғұрлым қолайсыз әсерін ескере отырып тұтқадағы (штурвалдағы) Нормаланған ең жоғары пайдалану күшінен аспауы тиіс.
Рульдің (стабилизатордың) тоспалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс. Рульдің (стабилизатордың) ауытқуы бустердің қуаты бойынша шектеледі. Тұтқаның (штурвалдың) ауытқуы ең жоғары мүмкін жылдамдықпен алынады (189-тармаққа 1-ескерту).
Шығарылған шарықтау-қону тетіктемесімен ұшқан кезде маневрлеу жүктеме. Осы конфигурация болуы мүмкін ең жоғары жылдамдықта nу1=1, nу11=2 және nу111=0 бастапқы жүктелімдермен маневрлерді қарау керек.
Тынықсыз ауада ұшақтың ұшу жағдайы.
Симметриялық жүктеу
Жүктемені мынадай формула бойынша айқындаған жөн
Рэ = Yг.о + Yн.в,
мұндағы Yг.о - V жылдамдықта деңгейлес ұшуда деңгейлес қауырсындануға теңестіруші жүктеме;
Үнв = 0,392сау.г.оVWSг.o, Н (Yн.в = 0,04сау г.оVWSг.o, кгс).
Бұл жерде SГ.О - деңгейлес қанатшаланудың көлемі, м2.
Сол бір биіктіктер мен жылдамдықтар V, м/с қаралады және сол V, м/с мәндері алынады. сау.г.о мәнді қаралып отырған V жылдамдыққа сәйкес келетін М саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы деңгейлес қауырсынданудың қатты үлгісі сынақтарының материалдары бойынша (қанаттан орап тастау әсерін есепке алмай) айқындау қажет. Қанаттағы аэродинамикалық күштер (деңгейлес қанатшалануы жоқ ұшақта) белгіленген деңгейлес ұшуға сәйкестілігін алған жөн. Үн.в күшті және одан шыққан сәтті қарышты және айналмалы қозғалыстардың екпіндік күштерімен теңестірген жөн.
195. Тынықсыз ауада ұшақтың ұшу жағдайы.
Симметриялық емес жүктеу. Өткен тармақ бойынша жүктеу кезінде қауырсынданудың жартысына қкелетін қанатшаланудың бір жартысында 100%, ал басқасында 70% жүктеу әсер ететін симметриялық емес жүктеу қаралады. Z осіне қатысты, ал X осіне қатысты айналмалы қозғалыстың екпіндік күштер мен сәттердің тепе-теңдігі қаралады.
196. Біркильдік сатылас қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Маневрлі жүктеу. Шығарылған және жиналған шарықтау-қону тетіктемесімен сатылас қанатшалануға маневрлеу жүктемені жалтарудың белгіленбеген маневрін есептеу жолымен айқындаған жөн. Кез келген жылдамдықта Vmax max дейінгі деңгейлес ұшу бастапқы режим болып табылады.
Сол жаққа (оң жаққа) сырғуды жасау үшін ұшқыш төменде көрсетілген шамаға ең жоғары мүмкін жылдамдықпен басқышты ауытқытады, ал одан кейін сырғудың ең жоғары бұрышына жеткен кезде сол жылдамдықпен басқышты бастапқы жағдайға кайтарады.
Басқыштың ауытқу шамасы мынадай жағдайлардан айқындалады:
А (VА) жағдай жылдамдығында және одан аз жылдамдықта басқыштың ауытқу шамасы соған тең, ол кезінде қосалқы құрылғылардың неғұрлым қолайсыз әсерін ескере отырып, басқышқа алған біржақты күш (сырғудың нөлдік бұрышы кезінде) ең жоғары пайдалану күшіне тең. Vmax э -дан Vmax max дейінгі жылдамдықтарда VА жылдамдық үшін көрсетілген күштің 75% алу, ал VА және Vmax э арасындағы жылдамдықтар үшін күшті айқындау үшін сызықтық интерполяцияны қолдану керек. Рульдің топсалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс.
Дегенмен басқыштың ауытқуы тиімді конструктивті шектеуден аспауға тиіс. Бағыт рулінің ауытқу бұрышының шамасы, бұдан басқа, бустердің қуатымен шектеледі.
Жүктемені үлестіру ұшақтың сырғу бұрыштарының және бн бағыт рулінің ауытқу мәндерін есептеп тапқан кезде алынады. Бұдан басқа, В және б бұрыштарының, ол кезінде В<Вmax, ал бН алғашқы ауытқудың белгісіне қарама қарсы белгіге ие және сатылас қанатшалануға жиынтық жүктеме маневр есебінен алынған ең жоғары жүктемеге тең сондай үйлесімі қаралады. Сонымен, В және бн жүктемелері бір жаққа әсер етеді.
Ескерту. Маневрді есептеген кезде бағыт бойынша ұшуды қарағаннан басқа ұшақтың желмен ауытқуын, сондай-ақ бойлық ось айналасында бұрылысты назарға алуға рұқсат беріледі, бірақ кренді есепке алғанда сондай-ақ ұшқыш кренді көлденең басқару органдарымен тәсілдеген қездегі жағдайды да қараған жөн.
Тынықсыз ауада ұшу кезіндегі жүктеме.
Тынықсыз ауада ұшу кезінде сатылас қанатшалануға пайдалану жүктемені (бастапқы режим - белгіленген деңгейлес ұшу) мынадай формула бойынша айқындаған жөн
Рнэв = +0,49nв сzвв.о,VWSв.о, Н (Рэн.в = +0,05nвсвzв.оVWSв.о, кгс).
Бұл жерде Sв.о - сатылас қанатшаланудың көлемі, м2.
Сол бір биіктіктер мен жылдамдықтар V, м/с қаралады және сатылас үзігі үшін сол сияқты бір бүйірлі үзіктің мәндері V, м/с алынады.
nв коэффициентін мынадай формула бойынша айқындаған жөн
nв=1+е na
b
мұндағы
____
а= mwyy, b=\/-umву - a2;
2r2y r2y
u=2m ; r2y= Jy; wy= wyl;
PHsl m(1)2 2Vucm
2
Бұл жерде
Vист - ұшудың шынайы жылдамдығы;
рн -ұшу биіктігіндегі ауаның тығыздылығы;
m - ұшақтың салмағы;
Jу - Y оське қатысты ұшақ екпінінің массалық сәті;
mву - сырғу бұрышы бойынша ұшақтың жалтару сәті коэффициентінің туындысы;
mwyy - өлшемсіз бұрыштық жылдамдық бойынша ұшақтың жалтару сәті коэффициентінің туындысы.
свzво сырғу бұрышы бойынша сатылас қанатшаланудың бүйірлі күші коэффициентінің туындысын толық ұшақтың және ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін М саны кезінде сатылас қанатшалануы жоқ ұшақтың қатты үлгілерін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың нәтижесі бойынша айқындаған жөн.
Ескерту. Егер nв үшін жоғарыда келтірілген формулаға аэродинамикалық сипаттамалар немесе Cz_в.о (В) сипаттамалар елеулі сызықтық еместерге ие немесе егер басқарудың бүйірлі арнасында wу ен қоятын сызықтық бәсеңдеткіштен айырмашылығы бар қандайда бір автоматты құрылғылар орнықтырылса, онда сатылас қанатшалануға 7-суретте ұсынылған трапеция түріндегі үзіктің әсер етуі кезіндегі ұшақ қозғалысын қарауға негізделген есептеу жолымен айқындалуға тиіс. L ұзындығы 30 м. тең алынады.
7-сурет
d ұзындығы конструкциядағы жүктеудің неғұрлым қиын жағдайларын жасайтындай таңдалады. Үзіктің бүйірлі қарқындылығы тең алынады:
_____
Wucm=0,8 W \/ P0
Pн,
мұндағы W- сатылас үзік үшін 184 және 185-тегі сияқты бүйірлі үзіктің мәні. Есепте Ү осьтің айналасынан бұрылудан басқа Z осьтің бойымен қозғалысын (желмен ауытқу) және X осьтің айналасынан бұрылуды (кренді) ескерген жөн. Егер басқарудың бүйірлі арнасында тек қана wу ден қоятын жалтарудың сызықтық бәсеңдеткіші ғана орнатылса, бүйірлі қозғалысының аэродинамикалық сипаттамалары елеулі сызықтық еместеріне ие болмаса, онда жоғарыда келтірілген Pэв.о үшін жалтару бәсеңдеткіштің әрекет етуінен қоса отырып mwyу алып формуланы пайдалануға болады. Ұшуда тұрақты іске қосылған автоматты жүйелер кезінде осы жүйелердің әрекет етуін есепке алып айқындалған жүктелімдерді ғана қараған жеткілікті (жүйенің істен шығуы қаралмайды).
Қозғалтқыштардың тоқтау жағдайы. Ұшудың барлық биіктіктерінде және қозғалтқыштар жұмысының режимдерінде VmmЭВ -дан Vmax max дейінгі ұшудың барлық жылдамдықтарында деңгейлес ұшуда ұшақ симметриясының жазықтығынан бір жағынан барлық қозғалтқыштардың бір мезетте тоқтауын қараған жөн. Ұшу режимін сатылас қауырсындануды жүктеудің неғұрлым қиын жағдайларын жасайтындай таңдаған жөн. Қозғалтқыштар тоқтауының нәтижесінде уақыт бойынша тартымның және маңдайлық кедергінің өзгерісі жөнінде эксперименталдық немесе есептік деректер болмаған кезде қозғалтқыштардың әбсәтте кідіруі алынады. Қозғалтқыштардың сәттік тоқтауы кезінде сатылас қанатшалануға пайдалану жүктемені мынадай формула бойынша айқындаған жөн:
Рэосм= +| cвzв.о| Sв.о Lв.о Pэусмnв,
mву Sl
cвzв.о, mву, nв нұсқау берілгендей айқындаған жөн;
Pэусм= E/\Tili
Lв.о
Бұл жерде li- і қозғалтқыштың осінен ұшақ симметриясының жазықтығына дейін қашықтық, /\Ti=Tocm і-Toi,
мұндағы Тоі - кідіруге дейінгі қозғалтқыштың тартымы;
Тосм і - кідіруден кейінгі қозғалтқыш тартымының ұшар мәні.
Кідіруден (кедергі) кейінгі қозғалтқыштың тартымын минус белгісімен алған жөн. Егер ауалық бұрамаларда флюгерлеудің бірқатар тәуелсіз жүйелері орнатылса, Тосм шамасын тоқтаған қозғалтқыштардың барлық бұрамаларының қалақтары флюгерлік жағдайға орналастырған жағдай кезінде айқындау қажет.
Егер ұшақ симметриясының жазықтығынан бір жағынан барлық қозғалтқыштардың бір мезетте тоқтауы өте ықтимал екендігі көрсетілсе, Рэосм сатылас қанатшалануға жүктемені қозғалтқыштардың істен шығуының бір мезгілде емес екендігін есепке алатын есеппен айқындаған жөн.
Қанатшалану бойынша жүқтемені үлестіруді сырғудың тиісті бұрыштары кезінде аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың нәтижесі бойынша алу керек.
Жүктеудің аралас жағдайы. Жүктеме кідірген қозғалтқыштардан жалтару сәті біршама кешуілдетіп ұшқыш бағыт рулін ауытқыту жолымен тәсілдейтін болжамынан шыға отырып, айқындалуы тиіс, Бұл ретте, сатылас қанатшалануға бір мезетте симметрия жазықтығынан бір жағынан (Рэосм) қозғалтқыштар кідіруінен жүктемелер және ұшақтың сырғуын тоқтатуға арналған бағыт рулін ауытқуымен, яғни Рэво=+(РэосмРэман) туындаған маневрлеу жүктеме (Рэман) әрекет етеді. Руль ауытқуының қарқынын барлық сатылас қанатшалану және оның құрамдас бөліктері (киль, руль) үшін жүктеудің неғұрлым ауыр жағдайларын жасайтындай алған жөн. Басқыштың ауытқу шамасын басқышқа біржақты күші күштен аспауға тиіс сонымен (тиімді конструктивті шектеуден немесе бустер қуаты бойынша шектеуден басқа) шектеген жөн. Рульдің топсалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс. Пайдалану маневрлеу жүктеменің шамасын белгіленген қозғалысы кезінде ұшқыш бағыт рулін ауытқытпаған жағдайда пайда болатын қозғалтқыштардың тоқтауынан жүктеме шамасымен шектеген жен.
Ескерту. Бұрамалардың флюгерлеу бұрамаларының тәуелсіз жүйелері бар ТВҚ үшін сатылас қанатшалануға жүктемелердің есебін, бұдан басқа, қозғалтқыштардың тоқтау жағдайлары үшін және сыртқы қозғалтқыш қана кідірген, бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға орнатылмаған және қалақтардың жағдайы тек ең аз бұрышына тірелумен шектелетін жағдай кезінде жүктеудің аралас жағдайлары үшін жүргізген жөн. nв коэффициентін тоқтағалы жатқан қозғалтқыш тартымын уақыт бойынша анық өзгерісін ескере отырып айқындауға рұқсат беріледі. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
197. Деңгейлес және сатылас біркильдік қанатшалануларды бірлесіп жүктеу жағдайлары.
Деңгейлес және сатылас біркильдік қанатшалануларды бірлесіп жүктеудің жүктеулерден басқа деңгейлес қанатшаланудың оқшауланған симмметриялық жүктеуі үшін және сатылас қанатшаланудың оқшауланған симмметриялық жүктеуі үшін көзделген барлық жағдайларында қарау қажет.
Деңгейлес қанатшалануға жүктемені мынадай сипатта айқындаған жөн. Жүктелім кезінде теңестіруші жүктемелер
nэу совм = 1+0,75(nэу -1) айқындалуға тиіс,
мұндағы nэу - оқшауланған жүктемелер кезінде;
nэу совм - қаралып отырған жағдайдың жүктелімі;
nэу совм - аралас жүктелімдер кезіндегі жүктелімдер.
Маневрлік жүктемелер жүктеудің оқшауланған жағдайларындағы есептерге ұқсас есептерден айқындалады, бірақ, бұл ретте, nу 1; nу11 және nу111 жүктелімдердің мынадай мәндері алынуға тиіс:
nу1 =1-nу11=1+0,75/\ny ман,
nу111=1-0,75/\y ман при nэу max(a)< 3,0 және
nу111= 1+0,75(ny min(a) -1) при nэу max (a)> 3,0
- шығарылған шарықтау-қону тетіктемесі кезінде
nу1=1, nу11= 1,75, nу111=0,25.
Va жылдамдықта қосымша маневр деңгейлес қанатшаланудың жүктеу жағдайларымен бірлесіп қаралмайды.
Олар мәндерінің 75% тең W мәндері үшін тынықсыз ауада ұшу кезінде жүктемелер оқшауланған жүктеулер кезінде айқындалады.
Деңгейлес қанатшалануға жүктемелер жүктеудің бірлескен жағдайларында оқшауланған жүктеу кезінде әрекет етуші жүктемелердің 75% тең, ал ұшақтың сырғу мен бағыт рулінің ауытқулары бұрыштарын оқшауланған жүктеулер үшін тиісті бұрыштарының 75% тең алған жөн.
Деңгейлес пен сатылас қанатшалануларды бірлесіп жүктеген кезде деңгейлес қанатшалануға жүктемені бірлесіп жүктеудің қаралып отырған жағдайында айқындалған сырғу бұрышына сәйкес симметриялық емес әрекет етеді деп санаған жөн.
Деңгейлес қанатшаланудың екі жартысының арасында жүктемені үлестіруде симметриялық еместігін сырғудың көрсетілген бұрышы кезінде аэродинамикалық түтіктердегі эксперименттің негізінде айқындаған жөн (сатылас қанатшалануды жүктеудің тиісті оқшауланған жағдайының сырғу бұрышының 75%).
Сатылыста деңгейлес қанатшалану орналасқан кезде сатылас қанатшалануды жүктеудің оған оқшауланған жағдайларында және симметриялық емес жүктемемен деңгейлес қанатшалануда келетін жүктемелермен сатылас қанатшалануды бірлесіп жүктеуді қосымша қараған жөн.
Деңгейлес қанатшаланудың екі жартысының арасында жүктемені үлестіруде симметриялық еместігін сатылас канатшаландыруды жүктеудің тиісті жағдайында сырғудың толық бұрышы кезінде аэродинамикалық түтіктердегі эксперименттің негізінде айқындаған жөн.
198. Екікильдік схема кезінде деңгейлес қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Деңгейлес қанатшалануға жүктемелердің шамаларын біркилдік қанатшалану үшін сияқты айқындаған жөн. Оның үстіне кильдердің деңгейлес қанатшалануда орналасуымен қанатшалануы үшін тынықсыз ауада ұшқан кезде жүктемені айқындау үшін формуладағы сау г.о мәнін кильдері бар деңгейлес қанатшаланудың үшін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың деректері бойынша алу қажет. Бір мезетте сатылас қанатшалануға барлық жағдайларда 4.3-суреттегі кестеге сай айқындалған Р'в.о(жоғ) және Р'в.о (төмен) пайдалану жүктемелерді салған жөн, мұндағы:
Рг.о - қаралып отырған жағдайдың деңгейлес қанатшалануына пайдалану жүктемесі;
Р'в.о (жоғ) - сатылас қанатшаланудың жоғарғы бөлігіне жүктеме (әрбір жартысына);
Р'в.о (төмен) - сатылас қанатшаланудың төменгі бөлігіне жүктеме (әрбір жартысына);
lг.о - деңгейлес қанатшаланудың құлашы;
hжоғ - сатылас қанатшаланудың жоғарғы бөлігінің биіктігі;
h төмен - сатылас қанатшаланудың төменгі бөлігінің биіктігі;
Кверх= 2hверх, К= hверх.
lг.о hнижн
1-ескерту. 8-суретте жоғарыдан төменге бағытталған Рг.о деңгейлес қанатшалануды жүктеген кезде сатылас қанатшалануға Р'в.о (жоғ) және Р'в.о (төмен) қосымша жүктемелердің бағыты (Рг.о төменнен жоғарыға жүктеген кезде Р'в.о(жоғ) және Р'в.о(төмен) жүктемелердің бағытын 180о өзгерткен жөн).
8-суреттегі кесте бойынша Р'в.о (төмен) айқындаған кезде К орнына 1/К шаманы, ал
Кааоо - Кіеаі = 2hіеаі және Р'в.о(верх)- Рв.о(нижн)
lai Pг.о Pг.о
алған жөн.
3. К=0 кезінде Р'в.о (верх) мәні сондай-ақ нөлге тең;
Pг.о
К>5 кезінде К=& қисықтығын алған жөн. К-нің аралық мәндерінде сызықтық интерполяция қолданылады.
199. Сатылас екікильдік қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Сатылас екікильдік қанатшаланудың шамалары мен қауіпсіздік коэффициенттерін біркилдік қанатшалану сияқты айқындаған жөн. Бұл ретте, сатылас қанатшаланудың бір жақ жартысына (оң жағына немесе сол жағына) 65%, ал басқасына 35% сатылас қанатшаланудың жалпы жүктемесі әрекет етуі алынған жөн.
8-сурет
200. Деңгейлес пен сатылас екікильдік қанатшалануды бірлесіп жүктеу жағдайлары.
Сатылас қанатшалануды бірлесіп жүктеуді және деңгейлес қанатшаланудың симметриялық емес жүктеуді қараған жөн.
201. Артқы қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Рульдер. Биіктік рулінің (бағыт рулінің) және оның бекітпесінің беріктігін оны жүктеудің барлық жағдайларында оған деңгейлес (сатылас) қанатшаланудың бөлігіне сияқты келетін жүктемеге тексерген жөн.
Топсалы сәттерді теңестіру.
Биіктік руліне (бағыт руліне) немесе басқарылатын стабилизаторға әрекет етуші жүктемелерден топсалы аэродинамикалық сәттер деңгейлес пен сатылас қанатшаланудың барлық жағдайларында тынықсыз ауада ұшқан кезде және қозғалтқыштардың кідіруі кезінде жүктеу жағдайларынан басқа тапсырылған, ал Мшбуст+лоб ең жоғары топсалы сәтімен тұрақты бустерлік басқару кезіндегі күштерге сәйкес келтірілуге тиіс. Ол үшін рульдің (басқарылатын стабилизатордың) хордасы бойымен погондық жүктемені (қысым ортасын) салу нуктесін ауыстырумен осы жүктеменің шамасын өзгертпей бүл сәйкестікті алу үшін топсалы аэродинамикалық сәттерді түзету қажет. Бірақ, егер осы теңестіру кезінде қысымның ортасы рульдің (басқарылатын стабилизатордың) жергілікті хордасының 50%-нен біршама артқы болса, погондық жүктеменің шамасын өзгертпей жергілікті хорданың 50%-не қысым ортасының жағдайын алған жөн.