4) ауалық бұрам мен айналу жиілігі реттегішінің бөлшектерін техникалық құжаттарға сәйкес арнайы бақылау;
5) ауалық бұрам мен айналу жиілігі реттегішінің ақаулы бөлшектерін сынау;
6) сынақтар материалдарын өңдеу және сынақтардың нәтижелері бойынша акт жасау.
1657. 150 сағаттық текшелік сынақтардың нәтижелері, егер техникалық құжаттамалармен белгіленген ауалық бұрамның талаптарына сәйкес расталған болса, қанағаттанарлық деп танылуы мүмкін.
253. Ауалық бұрамның ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтар
1658. Ауалық бұрамның ресурстарын белгілеу үшін 1613-тармақта көзделген сынақтар жүргізілуге тиіс.
1659. «Ұшаққа орнатылғанға дейін» сертификациясы кезінде ауалық бұрам ұшу сынақтарына қанағаттанарлықпен өтуге тиіс, олар:
1) ауалық бұрамды және оның жүйелерін негізгі пайдалану режимдерінде реттеу мен басқарудың ұшу-пайдалану сипаттамаларын;
2) ауалық бұрам элементтерінің тербелістік жүктемесін;
3) МҚЖ-тың жұмыс қабілеттілігін;
4) ауалық бұрамның қол жетімсіз теріс тартымнан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс кабілеттілігін;
5) ауалық бұрамның кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
6) ауалық бұрамның үлгілік бейімі бойынша ұшулардағы жұмысын тексеруді қамтиды.
1660. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған ауалық бұрамның конструкция мен негізгі деректері бойынша сәйкес келетін ауалық бұрам жіберілуі тиіс. Сынақты жоғарыдан көрсетілген айырмашылығы бар тексерілетін сипаттарға елеуі түрде әсер етпейтін сол бір үлгінің басқа ауалық бұрамымен жүргізілуі мүмкін.
1661. Сынақтар ауалық бұрам жұмысына арналған сол үлгінің қозғалтқышында жүргізілуге тиіс. Ауалық бұрамның жұмыс режимдерін айқындайтын қуат пен қозғалтқыштың басқа деректері мемлекеттік сынақтарға ұсынылып отырған қозғалтқыштың осы түрінің үлгісінің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
1662. Сынақтарды қозғалтқышты ауалық бұрам тағайындалған сол үлгідегі ұшақта олардың ұшу сынақтары үшін (ұшу зертханасында) арнайы жабдықталған не басқа үлгідегі ұшақта орындауға рұқсат беріледі. Бұл ретте, сыналып отырған ауалық бұрамға кіретін қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ ауалық бұрамның жұмысына әсер ететін ұшақ элементтері мен жүйелерінің конструкциясы мен топтамасы осы элементтерге тәуелді (мысалы, ауалық бұрамның агрегаттары орналасқан жердегі ортаның температурасы, оның тетіктерінің жұмыстық сұйықтықтары температурасында, агрегаттардың электр қорегінің өлшемдері бойынша) ауалық бұрамды пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитацияларды пайдалануға жол беріледі.
254. Ұшу сынақтары
1663. Ауалық бұрамның ұшу-пайдалану сипаттарын және оның негізгі пайдалану режимдерінде оны реттеу мен басқару жүйелерін тексеру.
Ұшуды пайдалану жағдайларындағы тексеру ауалық бұрамның жұмыс қабілеттігін, оның қанаттарын орнату бұрыштарының негізгі тіркелген таяныштарын таңдаудың дұрыстығын. Сондай-ақ басқа да ауалық бұрамның ұшу-пайдалану сипаттамаларын, оның реттеу мен басқару жүйелерін, талаптарына кіретін жұмысты бақылау құралдарын және техникалық құжаттама деректерін тексеруді көрсетуі тиіс.
Тексеру жерде және ұшу сынақтарымен жүргізілуі тиіс, мұнда:
1) ауалық бұрамның айналу жиілігін реттеудің орнықтылығы мен дәлдігі және қозғалтқыш тексерілетін барлық белгіленген режимдегі осьтік ауалық бұрамдардың айналу жиілігінің әртүрлігі;
2) ауалық бұрам қалақтарының бұрылу механизмінің жұмыс қабілеттігі және оның айналу жиілігін, оның ішінде ең жоғары шамасын реттеудің сапа сипаттамасы мен ауалық бұрамның айналу жиілігінің қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде, ол тексерілетін іске қосуды қоса, оның тепе-теңдік мәндеріне ауытқу ұзындығы;
3) қалақтарды флюгерлік жағдайға енгізу жүйелері бар мәжбүрлі (қолмен) қосу кезінде және ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде одан шығару кезінде қозғалтқыш деңгейлес "алаңдарда" және маневрлерде тексерілетін ауалық бұрам қалақтарының бұру тетігінің жұмыс қабілеттілігі;
4) ауалық бұрамның қалақтарын орнатудың флюгерлік бұрышын таңдау дұрыстығы. Тексеру пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазонында, ауалық бұрам не айналады, не 0,5 с-1 аспайтын жиілікпен жұмыс бағытына айналатынын көрсетуге тиіс;
5) ауалық бұрамның қалақтарын орнатудың ең аз бұрамын таңдау дұрыстығы, жердегі жағдайлар кезінде (ұшақтың тұрақтағы кезінде):
бір валды қозғалтқышты қалыпты іске қосу;
жердегі аз газ режимінде май жүйесінің жылу алмастырушының жеткілікті үрлеуін;
техникалық құжаттамада көрсетілген шектерде жердегі аз газды режимдегі ауалық бұрамның тартымы қамтамасыз етілуге тиіс;
6) оның конструкциясына кіретін ауалық бұрамның жұмысын бақылау құралдарының жұмыс кабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде крейсерлік ұшуда ауалық бұрамның ұзақ жұмысының қалақтардың бұрылу тетігінің жұмыс қабілеттігіне және қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде және ауалық бұрам қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізу және одан шығару кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінде әсерін бағалаған жөн. Тексеруді 40оС-тан жоғары атмосфералық ауа температурасы кезінде РП-да көрсетілген жоғары крейсерлік режимінде кем дегенде екі сағат бойы немесе осы режимдегі, ал екі сағаттан кем болса, пайдаланудағы ең жоғары мүмкін болатын жұмыс ұзақтығының ішінде жұмыстар кейін жүргізген жөн.
1664. Ауалық бұрам элементтерінің тербеліс жүктемесін тексеру.
Тексеру ауалық бұрамның ұшудағы пайдалану жағдайын ауалық бұрамның шыдамдылығы мен ресурсы бойынша 4.9.3 талаптарына сәйкес қол жетпейтін оның элементтерінің тербелістік жүктемеден кейін сол тәрізді көбейтуге алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) ол тексерілетін ТВҚ жұмыс жердегі жағдайлары мен режимдерінде ауалық бұрамның элементтерін, тербелістік жүктемесінің сипаты мен деңгейі;
2) ол тексерілетін ТВҚ-ң барлық ұшу режимдері мен жұмыстарында ауалық бұрамның элементтерін тербелістік жүктеменің сипаты мен деңгейі бағалануға тиіс.
Сынақ кезінде жердегі желді жағдайларда ауалық бұрам элементтерін тербелісті жүктемеден кейінгі әсері бағалануы тиіс.
Тербелісті жүктемені анықтауға арналған тексеруге ауалық бұрамның қалақтары, сондай-ақ ауалық бұрамның осы үлгісінің текшелік сынақтары нәтижелерінің негізінде анықталуы тиісті валдары, корпусы және оның басқа да элементтері, тізбесі және баламалы конструкциясы бар басқа да ауалық бұрамдардың бабына келтіру тәжірибесі жатады.
1665. МҚЖ-тың жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Тексеру ауалық бұрамның конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтері бар МҚЖ ұшудағы пайдалану жағдайларында жұмысқа қабілеттілігін және қозғалтқыштың өлшемдеріне қол жетімсіз әсер етпейтінін көрсетуі тиіс.
Тексеруді «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат ететін жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн.
Ұшу сынақтары 11000 метрге дейінгі әртүрлі ұшу биіктіктерінде немесе ауалық бұрамның пайдаланудағы күтілетін жағдайына сәйкес ең жоғары биіктікке дейін, егер ол 11000 метрден кем болса, ұшу жылдамдығы диапазонының пайдалануда күтілетін диапазонын қамти отырып, жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдерінде жердегі (ұшудағы) газы аз режимнен шарықтау (ең жоғары) режиміне дейінгі диапазондағы сынақтар кезінде:
1) МҚЖ жұмыс қабілеттігі (мысалы, МҚЖ электржылытқыштарының жұмысын сипаттайтын өлшемдер бойынша), ауалық бұрамның конструкциясына кіретін МҚЖ-ны басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі;
2) МҚЖ жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері бағалануы тиіс.
1666. Ауалық бұрамның қол жетпейтін теріс тартымынан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттігін тексеру.
Ауалық бұрамның ұшудағы пайдалану жағдайында тексеру:
1) ауалық бұрамның қол жетпейтін теріс тартымынан қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттігі мен кедергіден қорғаныстығы;
2) жүйелердің ұшу-пайдалану сипаттамаларының техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігі;
3) ауалық бұрамның конструкциясына кіретін пайдаланудағы қорғаныстық жүйелерді бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі көрстілуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, бұл жерде:
1) ауалық бұрам қалақтарын флюгерлеудің автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, теріс тартымды шектеу, осы жүйелер жұмыс істей бастауға тиісті режимдерде қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде және ауалық бұрамның қозғалтқышы мен реттеу және басқаның жүйелерінің істен шығу имитациясы кезінде қалақтарының аралық жағдайын шектеу бағалануы тиіс. Бұл ретте, ұшу өлшемдері (режимдері) бойынша жүйелердің сенімсіз жұмыс істеу шекаралары анықталуға, қозғалтқыш тартымының өзгерісі, оның ішінде ауалық бұрамның авторотация режимінде оның қалақтарының аралық және ең төмен бұрыштарындағы тіректеріндегі орнату жағдайы кезінде (егер РП көзделген ұшуда ең төмен бұрыш пайдаланылса) тікелей немесе жанама тәсілмен бағалануы тиіс;
2) жүйелердің жұмысына кіру көзделмеген, қозғалтқыштың қалыпты жұмысы режимдерінде оның жұмыс істеп кетуін болдыртпайтын, автоматты флюгирлеу жүйелердегі датчиктерінің жұмыс істеп кету өлшемдері бойынша қорлардың жеткіліктілігі;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қону режимдерінде қозғалтқыштың орнықты жұмысы енгізілуге тиісті ауалық құрамның қалақтарын орнатуда аралық бұрыштың таңдаудың дұрыстығы және техникалық құжаттамаға сәйкес талап етілетін оның мүмкіндігі, ол теріс тартымның шамасы авторотациясы кезінде ең төмен мүмкіндікте болуға тиіс;
4) ауалық бұрамның конструкциясына кіретін пайдаланудың қорғау жүйелерін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде атмосфералық ауа температурасының 3.1.11 сәйкес оның өзгеріс диапазонына әсерін, егер осы әсер едәуір күтілетін болса, бағаланған жөн.
1667. Ауалық бұрамның кері қимылдайтын тартылым жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Ауалық бұрамның ұшуды пайдаланудағы жағдайларында тексеру:
1) кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
2) қозғалтқыш пен ауалық бұрам жұмысының орнықтылығын және кері қимылдайтын тартым режимдеріндегі олардың өлшемдерінің техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін;
3) оның конструкциясына кіретін ауалық бұрамның жүйесін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жерде және ұшу сынақтарымен жүргізген жөн, оларды:
1) кері қимылдайтын тартқышым жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, белгіленген режимдердегі және, жүйені пайдалану рұқсат етілген ұшудың сол бір ұшу кезеңіндегі жүйені қосу, жұмыста ажырату кезіндегі жұмыстар мен өлшемдердің орнықтылығы;
2) қалақтардың кері қимылдайтын режимдеріне көшу кері тартқыш жетістігі және оң тартқыш режиміне көшу уақыты;
3) оның конструкциясына кіретін ауалық бұрамның кері қимылдайтын тартқышы жүйесінің жұмысын бақылайтын құралдардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде анықталған жел жағдайының және жердегі атмосфералық ауаның сипаттамасына әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
1668. Ауалық бұрамның үлгілік бейімі бойынша ұшудағы жұмысын тексеру.
Ауалық бұрамның текшелік ресурстық сынақтар бағдарламаларының режимдерін таңдау шынайылығын растау үшін кем дегенде 50 ұшу айнылымы циклдары көлемі мен пайдаланудың күтілетін жағдайдағы үлгілік бейіндері бойынша ұшуда тексеру жүргізілуі тиіс.
255. Ауалық бұрамның ұшақты сертификаттау кезіндегі сынақтары
1669. Ұшақты сертификатталау кезінде ауалық бұрам мыналарды:
1) белгіленген режимдерде және қозғалтқыштағы ауыспалы проценттер кезінде ауалық бұрамды;
2) ауалық бұрамның элементтерін тербелісті жүктемелерді;
3) табиғи мұз қату жағдайларында ауалық бұрамның МҚЖ-ін және оның тиімділігін;
4) ұшақ үшін қол жетімсіз ауалық бұрамның кері тартымынан ұшақты қорғаудың қамтамасыз етілгендігін;
5) ауалық бұрам жұмысының кері қимылдайтын режимін және оның ұшақ сипаттамасына әсерін;
6) ауалық бұрамның ұшу циклының өлшемдерін;
7) ауалық бұрамды пайдалану технологиялылығын тексеру бойынша ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуге тиіс.
1670. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған немесе олардан өткен конструкциясы мен негізгі деректері бойынша ауалық бұрамға сәйкес келетін сынақтарға ауалық бұрам өтуі тиіс сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден айырмашылығы бар, сыналған сипаттамаларға елеулі әсер етпейтін сол үлгідегі басқа ауалық бұрамдармен жүргізілуі мүмкін.
1671. Ауалық бұрамның сынақтарының жұмысы үшін ауалық бұрам тағайындалған сол үлгінің қозғалтқышында жүргізілуге тиіс. Ауалық бұрамның жұмыс режимдерін айқындайтын қозғалтқыштың қуаты мен басқа да деректері мемлекеттік сынақтарға ұсынылған немесе олардан өткен қозғалтқыштың сол бір түрі үлгісінің деректеріне сәйкес келуі тиіс.
1672. Сынақтар ауалық бұрам қозғалтқышымен қоса тағайындалған сол бір үлгінің ұшағында жүргізіледі. Сынақтардан ұшақта әртүрлі жағдайларда өзінің орналасуына жұмыс істейтін барлық қозғалтқыштар, ауалық бұрамдар өтуі тиіс.
1673. Сынақтардың сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшу зертханасында, егер оған жеткілікті түрде толық (тексерілетін сипаттамаларға қатысты) қуат қондырғы элементтерінің конструкциясы мен тұтастыру, сондай-ақ ауалық бұрам тағайындалған ұшақтың ауалық бұраммен байланысты немесе оның жұмысына әсер ететін элементтері мен жүйелері ұдайы өндірілген болса, орындауға рұқсат беріледі.
1674. Сынақтар кезінде қуатты қондырғыдағы ауалық бұрамдар өзара іс-қимылының тексеріліп отырған сипаттамаларға және ұшақтың функционалдық жүйелерінің ауалық бұрамымен байланысты жұмыстағы мүмкін болатын ауытқуларға әсерін, егер осы әсерді елеулі деп тануға негіз бар болса, бағалаған жөн.
256. Ауалық бұрамның ұшу сынақтары
1675. Ауалық бұрамды белгіленген режимдерде және қозғалтқыштағы ауыспалы процестер кезінде тексеру.
Пайдалану жағдайларында ұшақта тексеру ауалық бұрамның жұмыс қабілеттілігі мен негізгі, тіркелген тіректер мен оның қалақтарын орнату бұрыштарын таңдаудың дұрыстығын, сондай-ақ ауалық бұрамның басқа да ұшу-пайдалану сипаттарының, оның реттеу, басқару жүйелерінің және жұмысын бақылау құралдарының талаптар мен техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін тексеру.
Сынақтар жерде және ұшуда сынақтар жүргізгенде, олар:
1) ауалық бұрамның айналу жиілігін реттеудің орнықтылығы мен дәлдігі және қозғалтқыш тексерілетін барлық белгіленген режимдегі осьтік ауалық бұрамдардың айналу жиілігінің әртүрлігін;
2) ауалық бұрам қалақтарының бұрылу механизмінің жұмыс қабілеттігі және оның айналу жиілігін, оның ішінде ең жоғары шамасын реттеудің сапа сипаттамасы мен ауалық бұрамның айналу жиілігінің қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде, ол тексерілетін іске қосуды қоса алғанда, оның тепе-теңдік мәндеріне ауытқу ұзындығы;
3) қалақтарды флюгерлік жағдайға енгізу жүйелері бар мәжбүрлі (қолмен) қосулар кезінде және ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде одан шығару кезінде қозғалтқыш деңгейлес "алаңдарда" және маневрлерде тексерілетін ауалық бұрам қалақтарының бұруы тетігінің жұмыс қабілеттілігін;
4) ауалық бұрамның қалақтарын орнатуда флюгерлік бұрышты таңдау дұрыстығын бағалауы тиіс. Тексеру тік ұшудың бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен 10%-дан аспайтын жылдамдық диапозонында барлық диапозонда, сондай-ақ ең үлкен қол жетерлік жылдамдықта ауалық бұрам не айналады, не 0,5с-1 аспайтын жиілікпен жұмыс бағытына айналатынын көрсетуі тиіс;
5) ауалық бұрамның қалақтарын орнатудың ең аз бұрышын таңдаудың дұрыстығы, жердегі жағдайда (ұшақтың тұрақтығы кезінде):
бір валды қозғалтқышты қалыпты іске қосу;
жердегі аз режимде май жүйесінің жылу алмастырушының жеткілікті үрлеуін;
жердегі аз газды режимде ұшақ дөңгелектері тежегіштерінің сенімді жұмысын және рөлді бұруда ұшақты басқару ыңғайлығын ескере отырып таңдалған өлшем шегіндегі тартқышы;
6) ауалық бұрамның жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде крейсерлік ұшуда ауалық бұрамның ұзақ жұмысының қалақтардың бұрылу тетігінің жұмыс қабілеттігіне және қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде және ауалық бұрам қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізу және одан шығару кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінде әсерін бағалаған жөн. Тексеруді 40оС-тан жоғары атмосфералық ауа температурасы кезінде РП-да көрсетілген жоғары крейсерлік режимінде кем дегенде 2 сағат бойы немесе осы режимдегі, ал 2 сағаттан кем болса, пайдаланудағы ең жоғары мүмкін болатын жұмыс ұзақтығының ішінде жұмыстар кейін жүргізген жөн.
1676. Ауалық бұрам элементтерінің тербелісті жүктемесін тексеру.
Тексеру ұшақтағы ауалық бұрамды пайдалану жағдайы шыдамдылық талаптары бойынша жол берілмейтін оның элементтерінің тербелісті жүктемесінің деңгейін осыншама арттыруға алып келмейтіндігін растауға тиіс. Жүктемелерді (кернеулерді) анықтауды жүргізу қажет.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, оларды:
1) қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің пайдалану диапазонындағы жердегі жағдайларды және ең жоғары бұруы мүмкін (рұқсат етілетін) бұрыштың жылдамдықтарына айналу бұрыштары мен ұшақты басқару кезінде ауалық бұрам элементінің тербелісті жүктемесінің сипаты мен деңгейі;
2) тексерілетін ұшақтың ұшуы және қозғалтқыш жұмыстарының барлық режимдеріндегі және ол сондай-ақ қозғалтқышты ажырату және іске қосу кезінде ауалық бұрам элементінің тербелісті жүктемесінің сипаты мен деңгейі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде ауалық бұрам элементінің тербелісті жүктемесінің деңгейіне мынадай факторлардың әсері бағалануы тиіс:
1) жердегі желді жағдайлар;
2) тексерілетін және қатар орналасқан ауалық бұрамның олардың айналу жазықтықтары жабылған немесе осы ауалық бұрамдар жақын орналасқан жағдайдағы жұмыс режимдерінің үйлесуі.
1677. Тербелісті жүктемені анықтауға арналған тексеруге ауалық бұрамның қанаттары, сондай-ақ валдары, корпусы және тізбесі ауалық бұрамның осы үлгісінің ұшу сынағының нәтижелерінің негізінде анықталуы тиісті басқа элементтер мен баламалы конструкциясы бар ауалық бұрамның бабына келтіру тәжірибесі жатады.
Ауалық бұрам МҚЖ және оның тиімділігін табиғи мұз қату жағдайларында тексеру.
Ұшақтағы ауалық бұрамды жұмыс жағдайларында тексеру жүйелердің текшелік сынақтарын оның ұшу сынақтарын есептеудің нәтижелерін растауға және олардың жиынтығын ұшақтың РОП сәйкес мұз қату жағдайларындағы пайдалану кезінде олардың жиынтығын көрсетуге тиіс, мұндай жағдайда, ауалық бұрамның жұмысын бұзушылық және қалдық мұз түзудің қозғалтқышпен ұшақтың ұшу пайдалану сипаттамаларына және олардың конструкциясына беріктігіне әсерінің қауіпті салдарының туындауы мүмкін емес.
Тексеруді мұз қату жағдайларында бақылайтын жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізген жөн. Сынақтар ұшақтың барлық қозғалтқыштарының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ қозғалтқышты ажыратқан кезінде пайдалану үшін ұсынылғандарға сәйкес келетін жылдамдықтарда ұшу биіктігінің диапазонындағы бағдарламамен белгіленген сынақтар жүргізуі тиіс. Сонымен бірге қозғалтқыштың пайдалану диапазоны қабылдаған жұмысының әртүрлі режимдеріндегі олардың өзгерісі:
1) ауалық бұрам МҚЖ-тың жұмыс қабілеттілігі (жылытылатын элементтердің жылулық жай-күйі, жылыту жүйесінің өлшемдері және т.б. МҚЖ-тың үлгісіне қарай) және оны басқару мен бақылау құралдарын пайдалану ерекшеліктері;
2) МҚЖ жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері;
3) мұз қату жағдайларындағы МҚЖ тиімділігі, қалдық мұз түзудің ауалық бұрам мен қозғалтқыштың бірлескен жұмысына әсері;
4) ауалық бұрамның ағу тетігі мен қалақтарынан мұз бөлігін алу мүмкіндігі және олардың қозғалтқыш пен ұшақтың элементтеріне түсу салдарлары бағалануы тиіс.
1678. Сынақтар кезінде МҚЖ қосу ұзақтығының кідірісі 1 минут, мұз қату жағдайларында тексеріліп әрбір отырған режимдегі ұшу ұзақтығының ауалық бұрамының ағу тетігі мен қалақтарынан мұздың бір бөлігін алудың мүмкін болатын салдарларына әсері бағалануы тиіс.
1679. Ұшақты ұшақ үшін ауалық бұрамның қол жетімсіз теріс бұрамынан қорғаудың қамтамасыз етілгендігін тексеру.
Ауалық бұрамын пайдалану жағдайларын ұшақта тексеру:
1) ауалық бүрамның қол жетімсіз теріс тартымынан қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі мен кедергіден қорғалғыштығы;
2) жүйелердің ұшу-пайдалану сипаттамаларын техникалық құжаттамасының деректеріне сәйкестігі;
3) қуатты қондырғының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ қозғалтқыштың істен шығулары мен ауалық бұрамның реттеу және басқару жүйелеріндегі істен шығулар кезінде ұшақ үшін қол жетімсіз теріс тартымның туындауының мүмкін болмауы;
4) қорғанғыштық жүйелерді бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі расталуға тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) ауалық бұрам қалақтарын флюгирлеу жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, теріс тартым шектеулері, қалақтардың осы жүйелер жұмысқа кірісуге тиісті режимдерінде қуатты қондырғыны қалыпты жұмысы кезіндегі және қозғалтқыш пен ауалық бұрамды реттеу мен басқару жүйелерінің істен шығулары кезіндегі аралық жағдайын шектеу бағалануы тиіс. Сонымен бірге, ұшудың өлшемдері (режимдері) бойынша жүйелердің сенімді жұмыс істеп кету шекаралары, анықталуға тікелей немесе жанама тәсілмен ауалық бұрам қалақтарының көтерудің аралық және ең аз бұрыштары тіректеріндегі жағдайы кезінде ауалық бұрамның авторотация режиміндегі қуатты қондырғы шартының өзгеруі (егер ұшуда ең аз бұрышты пайдалану РП-да көзделген болса) бағалануы тиіс;
2) жүйенің жұмысқа кірісуі көзделмеген қозғалтқыштың қалыпты жұмысы режимдерінде оның жұмыс істеп кетуін болдырмайтын автоматты флюгирленетін жүйе датчиктерінің жұмыс істеп кету өлшемдері бойынша қорлардың жеткіліктілігі;
3) ұшақ үшін қол жетімді теріс тартымның авторотациясы кезіндегі шамасын ескере отырып, ауалық бұрамның қалақтарын орнатудың аралық бұрышын таңдаудың дұрыстығы, қозғалтқыштың орнықты жұмысының қамтамасыз етілгендігі, сондай-ақ аз газды ұшу және аз газды жердегі екінші айналымға кету жағдайларындағы мүмкіндік уақытының техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкестігі;
4) ауалық бұрамның қол жетімсіз теріс тартымының пайда болуынан ұшақты корғаудың қамтамасыз етілгенді, қорғалатын жүйелердің жұмыс істеп кетуінің орнықтылыққа әсері ұшақтың басқарылымы мен ұшу сипаттамалары, сондай-ақ аралық бұрыштық тіректері бар ауалық бұрамдар қалақтарының алыну сәйкессіздігінің ұшақтың жүгіруі кезіндегі орнықтылығы мен басқарылымдығына әсері;
5) ауалық бұрамның қорғанғыштық жүйелері бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде атмосфералық ауа температурасының оның өзгеріс диапазонына әсерін, егер осы әсер елеулі деп күтілетін болса, бағалаған жөн.
1680. Ауалық бұрамның кері қимылдайтын жұмыс режимін және оның ұшақтық сипаттамасына әсерін тексеру.