3) мәлімдеген режимдегі КГТҚ отынының келтірілген шығыны;
4) ең жоғарғы ұзақ режимдегі май қысымы;
5) майларды айдау (айналым шығыны); егер май құйған бак КГТҚ ажырамас бөлігі болса, онда айдауды бақылау сынақтарының 4-бөлігін орындау кезінде өлшеу керек;
6) майдың орташа сағаттық шығыны.
1557. Өткізу және бақылау сынақтарын сәйкестендірген кезде сынақтардың кемітілген бағдарламасы мыналарды:
1) КГТҚ жұмыс істеуін;
2) берілген техникалық шарттар шамаларының және сипаттарына сәйкес КГТҚ жүйеге келтіруді реттеу мен тексеруді;
3) КГТҚ негізгі деректердің техникалық жағдайлардағы берілген сәйкестігін растауды;
4) КГТҚ қабылдауды қамтуға тиіс.
232. Өткізу сынақтары
1558. Өткізу сынақтары бағдарламасы 30-кестесінде көрсетілген жұмыстар мен тексерулердің түрлерін қарастыруы керек.
30-кесте
Бөлік | Жұмыстың сағ-минут ұзақтығы | КГТҚ жұмысының режимі |
1 | - | Жіберу үшін (олардың бірі суық) |
2 | - | Нұсқалған бағдарламаға сәйкес КГТҚ жұмыс істеуі |
3 | - | КГТҚ жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексерулер (мысалы, отынның ағуының жоқтығын тексеру және т.б) |
4 | 0-05 | Бос жүру |
5 | 0-30 | Ең жоғарғы ұзақ режим |
6 | 0-05 | Ең жоғарғы режим |
7 | - | Аралық режим |
8 | - | Ең жоғарғы ұзақ режимінен бос жүруге дейінгі және кері жүктеменің үш өзгеруі. Режимнің төмен түсуі кезіндегі іріктеуді тоқтату 0,5-1 с ішінде жүзеге асады. |
1-ескерту. 5-бөліктегі сынақтардың ұзақтығын қысқартуға, егер ол лайықты деп танылса, рұқсат беріледі.
2-ескерту. Егер ең жоғарғы режимде КГТҚ үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда осы режимдегі жұмыс уақыты жол берілген техникалық шарттарға сәйкес келуі керек.
1559. Өткізу сынақтардан кейін КГТҚ бөлшектерінің жағдайын тексеру үшін бөлшектенуі керек. КГТҚ ақауын тапқаннан кейін жинау және бақылау сынақтарына арналған текшеге орнату керек. Егер ақауын табуға жеткілікті деп танылса, қысқартылған көлемде (тораптық) бөлшектеуге жол беріледі.
1560. Өткізу сынақтарының көлемін қысқартқан кезде сыналатын агрегаттардың жетелеген жүктемесімен КГТҚ (процент) саны анықталады. Сыналатын КГТҚ бұл сан бірте-бірте агрегаттардың жетелеген жүктемесімен сынақтардың мүлдем жоғалуына дейін азаяды.
233. Бақылау сынақтары
1561. Бақылау сынақтарының бағдарламасы 31-кестеде көрсетілген тексеру түрлерін қарастыруы керек.
31-кесте
Бөлік | Жұмыстың сағ-минут ұзақтығы | КГТҚ жұмысының режимі |
1 | - | КГТҚ орнатылған және пайдалануда пайдаланылатын ұшыруға арналған құрылғылары арқылы үш ұшыру (олардың бірі суық) |
2 | - | Бағдарламада нұсқалған КГТҚ жұмыс істеуіне сәйкес |
3 | - | КГТҚ жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексерулер (мысалы, отынның ағып кетуі жоғын тексеру және т.б) |
4 | 0-15 | Ең жоғарғы ұзақ режим |
5 | - | Бос жүру режимінен ең жоғарғы дейін және ең жоғарғы режимінен бос жүру режиміне дейінгі жүктеменің үш өзгерісі. Ең жоғарғы режимнен бос жүруге ауаны іріктеуді тоқтатудың жалғасымдылығы 0,5-1 с ішінде жүзеге асады |
6 | 0-05 | Ең жоғарғы ұзақ режим Ең жоғарғы режимдерден бос жүруге дейінгі диапозонында КГТҚ сипатын анықтау. |
7 | - | Жүктеме азайған кезінде кем дегенде 4 нүкте, ал көбейтілген кезде кем дегенде 5 нүкте алынуы керек |
1-ескерту. 1 бөлімдегі сынақ жалғасушылығын азайту, егер орынды деп танылса жол беріледі.
2-ескерту. Жұмыс ұзақтығы 6-бөлімдегі берілген режим үшін, егер ол кем дегенде 5 минут болса, техникалық жағдайлары бойынша рұқсат етілген үздіксіз жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
234. Қосымша сынақтар
1562. Кезеңдік (комиссиялық) және технологиялық сынақтарды енгізетін қосымша текшелік сынақтар, сериялық және жөндеулік КГТҚ тап болуы керек.
Комиссиялық сынақтар шығарылатын өнім сапасының тұрақтылығын тексеруі қажет.
Технологиялық сынақтар мыналарды тексеруі керек:
1) сериялық және жөндеулік КГТҚ жетілдіру үшін енгізілген құралымдық және технологиялық өзгерістер;
2) жөндеулік КГТҚ шекті тозулар мен саңылаулар кестесі;
3) КГТҚ жөндеуге арналған топтық жиынтықтың құрамы.
1563. КГТҚ сериялық өндіріс үшін газдинамикалық орнықтылық қорының тұрақтылығын бақылау әдісі пысықталуы керек және тексерудің кезеңділігі бекітілуі тиіс.
1564. Белгілі бір кезең уақытында шығарылған, техникалық құжаттамамен бекітілген партиялардан еркін таңдап алынған бір КГТҚ, комиссиялық сынақтан 150-сағаттық текшелік сынақтардың бағдарламасы бойынша сәтті өтуге тиіс.
235. Ресурстардың өсуі
1565. Жалпы талаптар.
Сериялық КГТҚ белгіленген ресурстың өсуі жүзеге асуы керек.
Күрделі жөндеуге дейінгі және сериялық КГТҚ жөндеу аралық ресурсының ресурстық өсуі, барлық КГТҚ берілген модификация немесе берілген сериялардың модификация парктері үшін жүргізілуі керек.
Қажет болған жағдайда сынақ айналымындағы ресурстардың өсуін (белгіленген бірінші күрделі, жөндеу аралық жөндеуге дейін) растаған кезде КГТҚ парктерінің іс жүзіндегі пайдалануы туралы жиналған деректерге сәйкестігін нақтылауды енгізу керек.
1566. КГТҚ берілген ресурсының өсуі.
КГТҚ уақытша берілген ресурсының өсуі баламалы-айналым сынақтарымен расталады.
КГТҚ уақытша берілген ресурсының бөлшегі мен торабының өсуі олардың баламалы-циклдық сынақтары негізінде жүргізіледі. Бұл сынақтарды жүргізген кезде пайдалануда алдын ала істеген жұмысы бар бөлшектер мен торабтарды пайдалану ұсынылады.
Пайдалануда Л/э істеген жұмысы бар бөлшектер мен торабтардың баламалы-айналым сынақтарын жүргізген кезде, уақытша берілген ресурс мына формула бойынша анықталады
Ni=Ny + Ne$ ,
n ne
мұнда nэ - материалдар қасиетінің ыдырауын және пайдалану шарттарын ескеретін қосалқы коэффициенті, ny = ny+2
ny
(бірақ кем дегенде 1,2);
nэ-Nэ пайдаланудағы сәтті істеп өтеген, пайдалану айналымдарының, берілген бөлшектер мен тораптар даналарының саны;
nи - 9.5.4.1.5 бойынша nи байланысты қабылданады;
nи - $ сәйкес коэффиценті кезінде ұқсас-айналыс сынақтарынан сәтті өткен берілген бөлшектер мен торабтар даналарының саны;
Nи - берілген бөлшектер мен тораптардың ұқсас-айналыс сынақтары кезінде істеп өтеген айналым саны;
- бойынша қабылданады.
1567. Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурстардың өсуі.
Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі өскен ресурстар екі КГТҚ ұқсас-айналыс сынақтарымен расталады.
Ресурстардың өсуі кезінде КГТҚ парктерін пайдалану нәтижелері туралы және жұмыс істеген ресурстар шегінде жөндеу кезіндегі КГТҚ ақаулығы туралы мәліметтер ескерілуі керек. Қосымша диагностикалық ақпараттар алу үшін істелген жұмыстың әр 150-300 сағат сайын ең көп істелген жұмысы бар КГТҚ ішінен 1-2 КГТҚ бөлшектеу және ақаулығын табу жүргізу ұсынылады. Аталған КГТҚ есебінен басқа себептермен қолданыстан шығарылған КГТҚ пайдалануға рұқсат етіледі.
Баламалы-айналыс сынақтар өскен ресурстарға байланысты сынақтар айналымының саны бойынша артығымен жүргізіледі. 1000 сағат ресурстары кезінде артығы 20% қабылданады, айналым сынақтарының саны бойынша үлкен ресурстары кезінде көбейтілген істелген жұмысқа белгіленген ресурсқа байланысты 200 сағатқа сәйкес болуы керек.
Сағатта және пайдалану айналымында КГТҚ іс жүзіндегі істелген жұмыстың толық сынағымен бұрын пайдалануда жұмыс істеген белгіленген немесе оның бөлшегі сынақтар айналымының қажетті мөлшерге дейін жөндеу арқылы сынақтар өткізілуі мүмкін.
Сынақтан сәтті өткен КГТҚ, бөлшектеусіз ресурстарды әрі қарай өсіру мақсатында сынақтарды жалғастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
КГТҚ бір сынақ қолдану бағдарламасы бойынша, бірақ артығымен жүргізілуі мүмкін
1568. Жөндеу аралық ресурстарды орнату.
Жөндеу аралық ресурстар КГТҚ белгіленген ресурстар шегінде орнатылады.
Әр жөндеу аралық ресурстарды орнатуда мына жұмыстар жүргізіледі:
1) шығарушы зауытындағы бір жөндеулік КГТҚ баламалы-айналыс сынағы;
2) келісілген бағдарлама бойынша жөндеу зауытындағы бір жөндеулік КГТҚ сынағы;
3) алдыңғы ресурсқа КГТҚ паркін пайдалану тәжірибесін қорытындылау.
236. Ауа винттері
1569. 10-бөлімде екіден кем емес қадамдық газтрубиналық қозғалтқыш санымен барлық салмақ санаттарындағы ұшақтар қадамын өзгертетін ауалық бұрамдарға қойылатын талаптар айтылған. Бұл талаптарды орындау пайдаланудағы күтілетін жағдайлардағы ауалық бұрамның ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады.
1570. Ауалық бұрамның 10-бөлімдегі талаптарға текшелік және ұшу сынақтарын есептеу нәтижесінің негізінде, сонымен қатар пайдалану тәжірибесінің негізінде сәйкес келуі белгіленуге тиіс:
1) «ұшақта орнатқанға дейін» ауалық бұрамын - талаптар көлемінде серификаттау кезінде;
2) ұшақты - талаптар көлемінде серификаттау кезінде. Бұл кезеңде қанағаттандыратын «ұшаққа орнатқанға дейін» сертификаттаған кезде ауалық бұрамның ұшу сынақтарының оң нәтижелері сертификатталған деп есептеледі;
3) сериялық шығарылатын және жөндеулік ауалық бұрамдарын талаптар көлемінде бақылау кезінде.
1571. Техникалық құжаттамаларда ауалық бұрамына Техникалық пайдалану жөніндегі басқарма (ТБ), негізгі мағлұматтар және пайдаланудағы күтілетін жағдайлар ұсынылуы керек. Көрсетілген деректер ауалық бұрамның оны сынаған, сертификаттаған және пайдаланған кездегі ресми мәртебесін құрайды.
Пайдаланудағы күтілетін жағдайлар, орташаланған ұшу айналымдарын қоса алғанда (ұшу айналымдар) ауалық бұрамның 10-бөлімнің талаптарына сәйкес келуін растайтын, ауалық бұрамдарын және оның бөлшектеріне сынақтар жүргізу бағдарламаларын жасаудағы негіз болуға тиіс.
1572. Ауа винтінде дайын бұйымдарды пайдалану жұмыстарының шарттарын ескеріп осы бұйымдарды құрастырушылармен келісілуі керек.
1573. Ауавинті:
1) агрегаттармен, жүйелермен және датчиктермен;
2) пайдалануда және техникалық қызмет көрсетуде қажетті техникалық құжаттама жиынтықтарымен;
3) техникалық пайдалану бойынша басқару (ТБ) және ауалық бұрамның техникалық қызмет көрсету регламенті (ТР) қарастырған борттық құралдар, бейімдегіштер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бақылау-өлшегіш және диагностикалық аппаратуралар жиынтықтарымен;
4) қосалқы агрегаттар, бөлшектер мен ТР сәйкес техникалық қызмет көрсетуге қажетті жұмсалған материалдар жиынтықтарымен сертификатталуға тиіс.
1574. Ауалық винт - қозғағышты айналдыратын және ұшақты қозғауға қажетті тартқышты алуға арналған қалақты қозғалтқыш;
өзгертілген қадамның ауа винті - қалақтары жұмыс уақытында автоматты түрде немесе қолмен басқару арқылы өз өсінен айнала алатын және қажетті бұрышта орнығатын ауа винті;
ауа винтінің втулкасы - қалақтарды қозғалтқыш валдарымен (редукторлармен) біріктіретін ауа винтінің бөлігі;
қадамды орталыққа келтіретін ауыртпалық - ауа винтінің қадамдарының үлкейтілуі арқылы тарқатылуын болдырмауға арналған қорғаушы құрылғы;
қадамды орталыққа келтіретін орнықтырғыш - ауалық бұрам қадамдарының орнықтырылуы арқылы тарқатылуын болдырмауға арналған қорғаушы құрылғы;
ауа винтін реттеуші - ауалық бұрамның қадамын басқаратын және айналымының берілген жиілікті автоматты түрде қолдаушы қозғалтқыш агрегат;
реттеу жүйесі мен ауалық бұрамды басқару - қалақтарды қондырғанда бұрышы өзгерілген ауалық бұрамның айналым жиілігін реттеуге арналған жүйе;
флюгерлеу жүйесі - ауалық бұрамның қалақтарын флюгерлік жағдай мен автоматты қолмен қосылатын түрге өткізуге арналған жүйе;
ауалық бұрамның қуаты - ауалық бұрамды айналдыруға қозғалтқыштың жұмсалатын қуаты;
ауалық бұрамның теріс тарту күші - ұшақ қозғалысының қарама-қарсы бағытындағы ауалық бұрамның тарту күші;
ауалық бұрамның кері қимылдайтын жұмыс режимі - айналдырғанда қуатты жұмсаған кезде теріс тарту күші пайда болатын ауалық бұрамның жұмыс режимі;
тәжірбиелі ауалық бұрам - мемлекеттік сынақтардан өтпей қалған ауалық бұрам.
Ескерту. Мемлекеттік сынақ - ауалық бұрамның жарамдылығы туралы куәлікті ресімдеуге арналған "ұшаққа орнатқанға дейінгі" ауалық бұрамның сертификатталуын анықтайтын Нормативті-мехникалық құжаттамалары мен Ұшудың жарамдылық Нормаларының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссиялар орындайтын тәжірибелі ауалық бұрамның сынағы.
Сериялық ауалық бұрам - сериялық өндірісте жасалатын және негізгі деректерге, өлшемдерге, құрылымдарға сәйкес келетін, ауалық бұрамдары материалдарына қолданылатын, мемлекеттік сынақтардан өткен және Жарамдылығы туралы куәлігін алған ауалық бұрам.
Модификацияланған ауалық бұрам - сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына айтарлықтай әсер ететін өзгертілген құрылымдардың сериялық ауалық бұрамының дамуы болып табылатын ауалық бұрам.
Жөндеуші ауалық бұрам - жөндеу аралық ресурсқа дейінгі шекте әрі қарай пайдалануды қамтамасыз ететін жағдайға дейін жөнделген сериялық ауалық бұрам.
Қатерлі зардаптармен ауалық бұрамның істен шығуы - апаттық жағдайға әкеп соқтыратын істен шығу. Қатерлі істен шығуларға жататындар:
1) ауалық бұрам қалақтарының басқа бөліктерінің үзілуіне әкеп соқтыратын бұзылу;
2) жол берілмейтін теріс тартым күшіне әкеп соқтыратын істен шығу.
Ауалық бұрамды пайдаланудағы күтілетін жағдайлар төменде берілген өлшемдерді (режимдерді), жәй-күйі, өлшемі мен сыртқы ортаның және пайдалану факторларының ауалық бұрамына әсерін, оның ішінде ұшу айналымы ішінде бұл сипаттамалардың уақыт бойынша өзгеруін (маңызды деп саналатын) қосады. Ұшу айналымы күтілетін белгіленген режимдерді және ауалық бұрам жұмысының ауысу процесін, жерде қозғағыштарды ұшырудан бастап, ұшақты қондырғанға дейінгіні қоса, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізген көздегі, бір ұшу айналымына жататын барлық режимдерді өзіне қосу керек.
Ұшу өлшемдері (режимдері):
1) ұшу биіктігі;
2) ұшу жылдамдығы (М саны);
3) жазықтықтағы ауалық бұрам осінің иілу бұрышы;
4) жүктелім.
Сыртқы ортаның ауа винтіне әсер етулері мен жағдайының өлшемдері:
1) барометрлік қысым, температура және атмосфералық ауаның ылғалдылығы;
2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
3) мұз қату.
Пайдалану факторлар:
1) ауалық бұрамның ресурстары (сағат, ұшу айналымында), қызмет көрсету мерзімі (күнтізбелік уақыт);
2) ауалық бұрамның жұмыс істеу режимі (қозғағыштың қуаты), бір ұшу айналымында осы режимдерге шығудың саны мен салдары және рұқсат етілген үздіксіз және белгілі бір режимдегі ауалық бұрам жұмысының жалпы ұзақтығы (оның ішінде авторотация және кері қимылдайтын режимдерде), сонымен қатар ауысым процесіндегі мәліметтер;
3) ұшу бейінінің сипаттамасы;
4) қолданылатын жұмыстық және техникалық сұйықтар, қоспаларды пайдалану;
5) әуе агрегаттары жұмыстық сұйықтықтарының температурасы;
6) агрегаттардың энергияқорегінің өлшемі;
7) ауалық бұрамды басқару агрегаттары орнатылған жерлердегі ортаның температурасы;
8) жабулар, ВПП түрі мен жәй-күйі және ұшақ тұрағының орыны;
9) ауалық бұрамға техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі және түрі;
10) пайдаланудағы ауалық бұрам бөлшектерінің механикалық және тоттану зақымдарының шамасы;
11) қозғағыштағы (ұшақтағы) ауалық бұрам жинақтаудың ерекшеліктері.
істелген жұмыс - ұшу айналымының ұшу циклдарының саны сағатпен көрсетілген және т.б. ұшуда және жердегі жағдайларда ауалық бұрамды пайдаланудың ұзақтығы.
ауа винтінің (бөлшектерінің) тағайындалған ресурсы - оның (олардың) жағдайына тәуелсіз пайдалану тоқтатылуы тиіс ауалық бұрамның жалпы істелген жұмысы.
Ескерту. Ауалық бұрамның белгіленген ресурсы шегінде регламенттелген жөндеу жұмысы, соның ішінде кейбір бөлшектерді күрделі және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ауалық бұрамның белгіленген ресурсы шегінде олардың регламенттенген қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Ауалық бұрамның (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының мағынасы оның бастапқы мағынасынан бастап техникалық құжаттамаларда берілгенге дейін бір ізді көбейеді. Ауалық бұрамның белгіленген ресурсы уақытша негізгі бөлшектердің уақытша белгіленген ресурсы шегінде, міндетті түрдегі ауыстыру регламенттенген жөндеу жұмысы немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде қарастырылмайды. Ауалық бұрамның уақытша белгіленген ресурстың өсуіне қарай оны пайдалану жалғасуы мүмкін.
Негізгі бөлшектер - бұзылуы немесе бұзылу салдары ұшақ үшін қатерлі зардаптарға әкелуі мүмкін бөлшектер.
Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі қатерлі зардабы бар ауалық бұрамның және прототиптерін пайдалану дәлелдемесін ескере отырып істен шығуларды талдау негізінде анықталады.
Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ауалық бұрамның ресурсы - пайдалану басынан бірінші күрделі жөндеуге дейін бекітілген істелген жұмыс.
Ескерту. Сериялық өндіріс және бірінші күрделі жұмысқа дейінгі ресурстарды пайдалану процесінде оның ауалық бұрамына бастапқы мағынасынан берілген техникалық құжаттамаларға дейінгі көбеюіне жатады. Бірінші күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстарында өткізуге РТ көзделген локальді жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстырумен қалыптастырушы жұмыстарға жол беріледі
орталандырылған ұшу айналымы (ұшу айналымы) - ұшақтағы жұмысы шарттарын сипаттайтын ауалық бұрам және басқа өлшемдер жұмыс режимдерінің уақыт бойынша өзгеріс. Пайдаланудағы ауалық бұрамның жұмысының іс жүзіндегі жағдайлары туралы деректерді пайдаланумен үлгілік ұшу айналыстарын талдау, топтау және орталықтандыру арқылы ұшу айналымы алынады.
сынақ айналымы - пайдалануда айналымдарды пайдалануға байланысты жиілікті ескере отырып ұшу айналымында жиналған зақымдарын толық және тез жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ететін текшелік сынақтар кезінде ауалық бұрам жұмысы жұмыстары режимінің уақыты бойынша өзгеріс.
белгіленген режим - уақытында (ауалық бұрамға техникалық құжаттамада көрсетілген шекте өлшемнің өзгерістеріне жол беріледі) өлшемі өзгермейтін ауалық бұрамның жұмысы.
ауыспалы процесс - ауалық бұрам өлшемдері уақытындағы орнатылатын екі режимнің арасындағы (ұшыру, тоқтату т.т) өзгеру процесі.
237. Ауа винтінің конструкциясы
1575. Жүйелері және агрегаттарымен ауалық бұрам белгіленген ресурс ішінде және апаттық жағдайға соқтыратын қатерлі зардапты істен шығуға қызмет көрсету мерзімі пайдаланудың күтілген жағдайында ауалық бұрамның бір сағат істелген жұмысы барысында нақты мүмкін емес жағдай деп бағаланатындай жобаланып жасалуы керек. Бұл талаптың орындалуын растау пайдаланудың ұзақ мерзімі ішінде шын мәндегі құрылымның нақты схемасын құрылымның беріктігіне статистикалық баға материалдарын талдау және де берілген құрылымның сынақтарының нәтижелерінің негізінде жүргізілу керек.
1576. Ауалық бұрамның дәлелдеме тарихын және оның прототипін немесе баламалы пайдалану тәжірибесін ескере отырып ауалық бұрамның іс жүзінде істен шығуының себептері мен салдарына талдау жүргізілуі керек. Қатерлі зардапты болатын істен шығулар бойынша ауалық бұрамның жасалу технологиялары және техникалық қызмет көрсету құжаттамалары көрсетілу керек, арнайы шаралар қарастырылған:
1) осындай істен шығуларды болдырмау;
2) қатерлі зардаптарға соқтыратын ауалық бұрамның ақауларын және зақымдарын өз уақытында тауып, жою.
1577. Ауалық бұрам, оның агрегаттары мен жүйелері былайша жобаланып, жасалуы керек:
1) ТБ және ТР сәйкес пайдалануда қарау, техникалық қызмет көрсету мүмкіншіліктерімен қамтамасыз етілуі;
2) ауа винтін қозғағышқа орнату және оның агрегаттарын өзгерту және басқару қиын болмауы.
1578. Ауалық бұрам қадамының өзгеру механизмінің конструкциясы пайдаланудың күтілетін жағдайында реттеу және басқару жүйелерімен берілген қалақтарының кез-келген жағдайға өткізуді қамтамасыз ету керек.
1579. Ауалық бұрам қалағының жағдайы өзгерген қадам тетігінің тіреуімен тіркелуге тиіс:
1) қалақтардың флюгерлік жағдайындағы бұрыштың механикалық тіреуіші (Фф.п);
2) қалақтарды орнатудағы аралық бұрышының механикалық немесе гидравиликалық тіреуіші (Ф.п.у);
3) қалақтарды орнатудағы ең аз бұрышының механикалық немесе гидравиликалық тіреуіші (Фmin);
4) кері қимылдайтын ауалық бұрам үшін қалақтарды орнатудағы кері қимылдайтын бұрыштың механикалық тіреуіші (Фрев)
Ескерту. 1. Ауалық бұрам өзгеріс қадамының тетігінде тетіктік және гидравликалық тіреуішін бірлесіп пайдалануға жол беріледі.
2. Ауалық бұрам өзгеріс қадамының механизмін аталған тармақта талап етілген қалақ тіреуінің бекіткіш сенімділігін төмендетпейтін жағдайда механикалық және гидравликалық тіреуіштермен жабдықтандыруға жол беріледі.
1580. Ауалық бұрамның конструкциясында жер режиміндегі кіші газдан ұшуға дейінгі диапазонда, сонымен қатар ұшу режимінің күрт өзгерген кезінде қозғағыштың кез-келген жүмыс режимінің өзгерісі кезінде рұқсат етілген мәнінен жоғарлаған айналым жиілігінің артуынан қорғау қарастырылуы керек.
1581. Ұшудағы өшірілген қозғағыш және ауалық бұрам қалақтарының флюгерлік жағдайы кезінде ауалық бұрамның жұмыс бағытында 0,5 с-1 көп емес жиілікте айналуына жол беріледі.
1582. Ауалық бұрамның бөлшектері және оның агрегаттарының қатерлі зардаптарға әкеп соқтыратын істен шығуы, техникалық құжаттаманы қолдана алатындай, олардың жасалуы туралы хабарлар алатындай таңбалануы керек. Бұл бөлшектерді жасаудағы техникалық құжаттамалар оларды бақылаудағы көтеріңкі көлемін қарастыруға тиіс.
1583. Ауалық бұрамның конструкциясы техникалық құжаттамаларға сәйкес статистикалық теңгеру мүмкіндігіне жол беруге тиіс.
1584. Ұшақта және осы түрдегі қозғағышта орнатуға арналған әуе бұрамдарының және олардың агрегаттарының өзара ауысымдылығын қамтамасыз ету керек. Агрегаттарды ауыстырған кезде РП сәйкес ауалық бұрамдардың агрегаттарын реттеуге рұқсат етіледі.
1585. Ауалық бұрамның және оның агрегаттарының консервациясы және консервацияланбауы олардың жекелеген бөлшектеуін (қалақтарды демонтаждаудан басқа) талап етуі керек.
1586. Ауалық бұрамды техникалық құжаттамаға сәйкес тасымалдау оның жұмыс қабілеттілігін төмендетпеуге тиіс.
238. Беріктік
1587. Ауалық бұрам бөлшектеріндегі статистикалық және динамикалық кернеуі жасау материалдарында және технологияларында қолданылатын аталған ерекше конструкциясы кезінде пайдалану тәжірибесін және сынақ есептерінің нәтижелерін ескеріп белгіленген мәнін арттыруға тиіс емес.
1588. РП және РҚ-да пайдалануда туындауы мүмкін ауалық бұрамның жол берілген зақымдары көрсетілуі керек. Жол берілген зақымдардың көлемдері осы сияқты конструкциясындағы ауалық бұрамды пайдалану сынақтары мен тәжірибелерінің есептері негізінде белгіленуі қажет.
1589. Ауалық бұрамның статистикалық беріктілігі талаптарды қанағаттандыруы керек.
1590. Ауалық бұрамның флаттерден қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.
1591. Ауалық бұрам конструкциясының беріктігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.
239. Материалдар
1592. Ауалық бұрамдар мен оның агрегаттарын жасауда қолданылатын барлық материалдар қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес болуға, қалыпты және техникалық жағдайлар ресурс ішіндегі құрылымдағы олардың жұмысының нақты жағдайларын, сонымен қатар қызметтер және сақталу мерзімдеріне сәйкестігін ескере отырып таңдап алынуы керек.
Мұның болуы мүмкін барлық жерде тоттануға қарсы жеткілікті және тозуға төзімді қасиеттерге ие материалдар қолданылады.
Материалдарды таңдау негіздемесі ауалық бұрам жөніндегі техникалық құжаттамаға енгізілуі тиіс.
1593. Ауалық бұрам материалдарының құрылымның қауіпсіздігіне байланысты беріктігінен бастап және көнеруге қарсы тұруының есептік сипаттамасы жасауда қолданылатын жартылай фабрикатты қасиеттерін бағалау мүмкіндігінің нәтижелеріне негізделуі керек.
240. Технология
1594. Ауалық бұрам және оның агрегаттары 1575-тарау талаптарын канағаттандыруы керек.
1595. Ауалық бұрамның қалақтарын оларды жасау мен жөндеу процесінде түзетуді нақты ауалық бұрамның техникалық құжаттамаларында көрсетілген жол берілген деформацияларымен Нормаларымен сәйкес жүргізілуі керек.
1596. Қажет болған жағдайда ауалық бұрамның көбірек жүктелген бөлшектерінің (қалақтар, корпус, стакандар) беріктік дәрежесін арттыру үшін тиісті технологиялық нұсқамалар бойынша бетіндегі беріктікке тап болуға тиіс.