Тексеру КГТҚ конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтерімен КГТҚ мұз қатуға қарсы жүйесін ұшуда пайдалану жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігін және соңғысының өлшемдерге қол жетімсіз әсер етпейтіндігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат берілетін жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн.
Ұшу сынақтары 11000 м қоса алғанға дейінгі немесе КГТҚ пайдаланудың ең жоғары биіктігіне дейін ұшудың әр түрлілілік биіктерінде, оны пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес ұшу жылдамдығының пайдаланудағы күтілетін диапазонын қамти отырып, өткізілуі тиіс. Аз газды немесе бос жүріс режимінен ең жоғары режимге дейінгі диапазондағы әр түрлі режимдерде жүргізілетін сынақтар кезінде:
1) МҚЖ жұмыс қабілеттілігі (мысалы, жылытатын элементтердің жылу жағдайын сипаттайтын өлшемдер, жылыту жүйесінің өлшемдері бойынша және т.б.), КГТҚ конструкциясына кіретін МҚЖ басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
2) МҚЖ жұмысының КГТҚ өлшемдеріне әсері бағалануы тиіс.
1537. КГТҚ жұмысын ұшуларда үлгілік бейін бойынша тексеру. КГТҚ текшелік ресурстық сынақтардың режимдерін таңдау шынайлылығын растау үшін кем дегенде 50 пайдалану циклдарының көлемі мен пайдаланудың күтілетін жағдайларында үлгілік бейіндер бойынша тексеру ұшуларда жүргізілуі тиіс.
229. КГТҚ-ның ұшақты сертификаттау кезіндегі сынақтары
1538. КГТҚ ұшақты сертификаттау кезіндегі ұшу сынақтарынан мынадай тексерулер бойынша қанағаттанарлықпен өтуі тиіс:
1) 1531-тармаққа сәйкес бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі КГТҚ;
2) КГТҚ реттеу жүйелері;
3) КГТҚ іске қосу;
4) ұшақты топтастыру жағдайларында КГТҚ элементтерінің тербелісті сипаттамалары;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйелері;
6) КГТҚ (МҚЖ) мұз қатуға қарсы жүйелер және оның табиғи мұз қату жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігі;
7) КГТҚ газдинамикалық орнықтылық қорларының жеткіліктігі;
8) қадамдық ГТҚ және КГТҚ шығатын газдардың КГТҚ-ға кіру мүмкіндігі және түсу салдарлары;
9) ұшақтағы КГТҚ пайдалану циклының өлшемдері;
10) КГТҚ пайдалану технологиясы.
1539. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын немесе олардан өткен КГТҚ конструкциясы және осы түр үлгісінің негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін КГТҚ тап болуы тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексеріліп отырған сипаттамаларға елеулі ықпал етпейтін сол үлгідегі басқа КГТҚ-да жүргізілуі мүмкін.
1540. Сынақтар КГТҚ тағайындалған сол бір үлгідегі ұшаққа жүргізілуі тиіс. Сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшпа зертханада, егер онда көмекші қуатты қондырғы (КҚҚ) элементтерінің, сондай-ақ КГТҚ байланысты немесе оған КГТҚ тағайындалған ұшақтың элементтері мен жүйелерінің жұмысы әсер ететін конструкциясы мен топтамасы жеткілікті түрде толық (тексерілген сипаттамаларға қатысты) ұдайы өндірілген болса, орындауға рұқсат беріледі.
1541. Сынақтар кезінде КГТҚ байланысты ұшақтың функционалдық жүйелерінің жұмысындағы болуы мүмкін ауытқуларға әсері, егер осы әсерді елеулі деп есептеу негіз болса, бағалаған жөн.
1542. КГТҚ тағайындалған ұшақты сертификаттау кезінде және оның ресурсы бірінші күрделі жөндеуге дейін «ұшаққа орнатылғанға дейін» КГТҚ сертификаттау кезінде белгіленгенмен салыстыру кезінде сынақтардың осы уақытына алып келген нақты көлеміне сәйкес көбейтілуі мүмкін.
Бұл ретте, сынақ циклына ұшу сынақтарының деректерінен сәйкес нақтылаулар енгізілуі мүмкін. Белгіленген алғашқы ресурстың бірінші жөндеуге дейінгі растауында ұшақта КГТҚ пайдалану сынақтары жүргізілуі тиіс. Екі КГТҚ сынақтарының барысында бірінші күрделі жөндеуге дейінгі алғашқы ресурстың кем дегенде жартысын олардың біреуінің кейіннен ақауын табу арқылы ұшақта аяқтауы тиіс.
Егер басқа КГТҚ-ның ұшудағы істелген жұмысы ұшақты сертификаттау сәтінде белгіленген бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсынан кем болса, онда ол баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша немесе кейіннен бөлшектеу мен ақауларын табу арқылы белгіленген ресурсқа тең жалпы істелген жұмысқа дейінгі пайдалану бағдарламасы бойынша текшедегі сынақтарға тап болуы тиіс.
230. КГТҚ ұшу сынақтары
1543. Бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі КГТҚ жұмысын тексеру.
Жұмыстың белгіленген режимдеріне КГТҚ және оны ұшақта пайдалану жағдайларындағы, қозғалтқыштың барынша еңкеюі мен оның роторына гироскопиялық-жүктеме жасайтын ұшу режимдерін қоса алғанда, ауыспалы процестер кезінде КГТҚ тексеру:
1) КГТҚ және оның отын және май жүйелерінің жұмыс орнықтылығы мен өлшемдерінің техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігі;
2) КГТҚ жұмысын бақылау құралдарының пайдаланудағы және ауа мен электр қуаттарын таңдап алу агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі расталуы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) КГТҚ және оның отын мен май жүйелерінің РП регламенттелген белгіленген режимдердің негізінде, КГТҚ реттеу мен басқару бағдарламалары үшін тән белгіленген аралық режимдеріне, аз газды режимнен бос жүріс режиміне дейін өту кезіндегі ауыспалы процестер кезінде және әр түрлі қабылдағыштарды жекелей және рұқсат етілген бір мезгілде қосу кезіндегі ауа мен электр қуатын таңдап алуды қосу және ажырату кезінде жер жағдайлардағы жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) барлық үлгілік режимдерде және КГТҚ пайдалануға РҰП рұқсат етілген ұшу кезеңдерінде КГТҚ және оның отын мен май жүйелері жұмыстарының сипаты мен өлшемдері, оның ішінде:
әр түрлі биіктіктерде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазоны қамтылған КГТҚ пайдаланудың күтілетін ең жоғары биіктігін қоса алғанда, деңгейлес белгіленген ұшуда бағалануы тиіс. Сонымен бірге, КГТҚ жұмысы белгіленген режимдерде және ауыспалы процестерде тексерілуі тиіс;
ұшақтың шекті - қол жетімді өлшемдермен, атап айтқанда, жүктемелердің ең жоғары қол жетімді шамасы кезінде ең жоғары қол жетімді кренді оң және сол вираждармен; оң және теріс жүктемелер "дөңестер" мен "сырғанаулар" ең жоғары қол жетімді шамамен және ең жоғары болуы мүмкін немесе қол жетімді ұзақтықпен туындайтын іс-әрекетпен; биіктікті алумен және ұшақ тангажының оң және теріс бұрыштарымен пайдалануда күтілетін ең жоғары төмендеумен маневрлер орындау кезінде бағалануы тиіс. Сынақтар КГТҚ режимдерінің осы жағдайларында барлық қолданғандарды қамтуы тиіс;
3) қозғалтқыштың ұшуда пайдалану жұмыстарын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) КГТҚ конструкциясына кіретін ауаны және электр қуатын таңдап алу агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ жұмысының сипаты мен өлшеміне жердегі жел жағдайлары атмосфералық ауаның температурасы мен қысымының әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
1544. КГТҚ реттеу жүйесін тексеру.
Пайдалану жағдайында КГТҚ ұшақта тексеру КГТҚ реттеу жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, реттеу сапасы мен жүйенің басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының талаптарына және техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) КГТҚ жұмысының белгіленген режимдерінде реттеудің функционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы реттелетін және шектелетін өлшемдерді ұстап тұрудың орнықтылығы мен дәлдігі;
2) ауыспалы процестерді реттеудің берілген бағдарламаларымен [іске қосу кезінде және бос жүру (аз газды) режимінен жұмыс режиміне және кері режимге өтуі], осы процестер кезінде реттелетін және шектелетін өлшемдердің ең жоғары шамасы мен ауытқулар ұзақтығы өлшемдерін ұстап тұрудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) электрондық блоктар жүйесінің оған ұшақтың басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлік магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезіндегі ықпалы жағдайындағы кедергіден қорғалғыштығы;
4) қолда бар өзін өзі бақылайтын жүйе мен оның жұмысын пайдалану кезінде бақылайтын құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде мынадай факторлардың жүйе жұмысының сипаттамаларына әсер етуі (егер ол елеулі болып көрінсе) бағалануы тиіс:
1) әрбір функционалдық кіші жүйелердің жұмысы саласындағы ұшу биіктігі мен жылдамдығының өзгеруі;
2) ұшақтың кеңістіктегі және ұшудың динамикалық факторларындағы (сатылас жылдамды, жүктелімдер) жағдайы;
3) реттеу агрегаттарын қоршаған ортаның температурасы.
1545. КГТҚ іске қосуды тексеру.
Пайдалану жағдайларында КГТҚ ұшақта тексеру талаптарына және пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы жерде және ұшуда КГТҚ суықтай және ыстықтай іске қосудың техникалық кұжаттамасының деректеріне сәйкес өрт қауіпсіздігін және қамтамасыз етілгендігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, олардың:
1) КГТҚ өлшемдері мен жердегі суықтай және ыстықтай іске қосу жағдайындағы іске қосу жүйелері;
2) ауа жинағыштың ашық және жабық жармалары жағдайында ұшудағы КГТҚ ротациясы режиміндегі айналу бағыты мен жиілігі;
3) КГТҚ өлшемдері мен оның ұшудағы іске қосу жағдайында, оның ішінде оның жұмысындағы ұзақ жылдық үзілістен кейін үлгілік крейсерлік ұшу ішінде авариялық энергия көздерінен іске қосу кезіндегі іске қосу жүйелері;
4) КГТҚ іске қосу кезінде, оның ішінде РП сәйкес орындалатын қайталап іске қосу кезінде пайдаланудың өрт қауіпсіздігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ іске қосу қасиеттеріне мынадай факторлардың әсер етуі бағалануы тиіс:
1) жердегі іске қосулар кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) КГТҚ ажырату сәттері мен оның келесі іске қосылуының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы;
3) іске қосу құрылғысының іске қосу кезіндегі және энергия қорегінің өлшемдеріндегі КГТҚ басқару мен реттеу аппаратураларының реттеудегі техникалық жағдайларымен жол берілетін ауытқулары.
1546. Ұшақтық топтастыру жағдайларындағы КГТҚ элементтерінің тербелісті сипаттамаларын тексеру.
Тексерудің текшелік жағдайларда тербелістік деңгеймен салыстырғанда ұшулардағы пайдалану жағдайларында КГТҚ корпустары мен агрегаттарының тербелістерін қол жетімсіз көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттамасының сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ КГТҚ тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс кабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, оларды:
1) КГТҚ тексерілетін жағдайлар мен режимдердегі КГТҚ корпустары мен агрегаттарының тербелісті сипаты мен деңгейі, сондай-ақ ажыратылған КГТҚ корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
2) КГТҚ тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды КГТҚ қалыпты жұмысы кезінде осы өлшемнің ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін тербелістердің ең жоғары деңгейінің авариялық белгі берушінің істелген жұмыс өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ-ның тербелісті сипаттамаларына мынадай факторлардың әсер етуі (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қадамдық қозғалтқыштардың жұмысы.
КГТҚ корпустарының сипаты мен тербеліс деңгейін тексеруді оның ұшаққа бекітілетін тораптарының орналасу қуыстарында және пайдаланудағы тербелістің борттық бақылауына арналған орындарда орындаған жен.
Тербелісі тексерілуге тиісті КГТҚ агрегаттарының тізбесі сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді.
1547. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесін тексеру.
Жұмыс жағдайларында КГТҚ ұшақта тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің және кедергіден корғалғыштығының және оның басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының талаптарына және техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және КГТҚ жұмысы өлшемдерінің, оның істелген жұмыс имитациясы кезіндегі өзгеруі. Имитация белгіленген режимдерде және жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температурасымен КГТҚ ауыспалы процестері кезінде орындалуы тиіс;
2) жүйенің электр блоктарының оларға үшақтың басқа функционалдық жүйелерінің ықпалы кезіндегі және жердегі қызмет көрсету құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлік магниттік сәуле шығару және т.б. куат көздерін қосу кезіндегі кедергіден қорғалғыштығы;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшақта (турбинаның қызып кетуінен қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеп кетуін болдырмау үшін) КГТҚ қалыпты жұмысы кезінде болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларын өтеуге талап етілетін істелген жұмыс жүйесінің елшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) пайдаланудағы жүйенің жұмысын бақылау құралдарының, егер ол бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
1548. КГТҚ мұз қатуға қарсы жүйенің (МҚЖ) және табиғи мұз қату жағдайларындағы оның жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Жұмыс жағдайларында КГТҚ ұшақта тексеру сынақтардың және жүйенің ұшу сынақтарының есеп айырысу нәтижелерін және олармен жиынтығын ескерілген жағдайларда ұшақтың РеП сәйкес МҚЖ пайдалану кезінде көрсетуді, КГТҚ жұмысында бұрмалаушылықтардың туындауы мүмкін еместігін растауы тиіс.
Ескерту. Табиғи мұз қату жағдайларында ұшақты пайдалану кезінде КГТҚ жұмыс қабілеттілігін бағалау бойынша сынақтардың, егер КГТҚ МҚЖ қолданылмайтын жағдайда, жүргізілгені жөн.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен "құрғақ" ауада және мұз қатуды бақылау жағдайларында жүргізген жөн. Сынақтардың КГТҚ қолданылатын диапазонға сәйкес келетін жылдамдықтардағы ұшу биіктіктерін диапазонда белгіленген бағдарламамен жүргізілуі қажет.
Сынақтар КГТҚ қолданылатын диапазонға сәйкес ұшу жылдамдығының биіктік диапозонының белгіленген бағдарламасында жүргізілуі тиіс.
Сынақтармен:
1) МҚЖ КГТҚ жұмыс қабілеттілігінің сипаттамалары (мысалы, МҚЖ түріне байланысты жылытатын элементтердің жылу жағдайы, жылыту жүйесінің өлшемі және т.б. және МҚЖ-тың қолданылатын ерекшеліктері;
2) МҚЖ жұмысының КГТҚ өлшемдеріне әсері бағалануы керек.
3) мұз қату жағдайындағы МҚЖ тиімділігі, КГТҚ жұмысына қалған тұз түзудің әсері.
Сынақтар кезінде 1 минут ұзақтықта МҚЖ косылуының кешігуі КГТҚ жұмысына әсері, сонымен қатар мұз қату жағдайында және РеП сәйкес анықталған ұшу ұзақтығының әсері бағалануы керек.
1549. КГТҚ орнықтылық қорлардың газдинамикалық жеткіліктілігін тексеру.
КГТҚ ұшақта пайдалану жағдайындағы ұшақты пайдалануда барлық күтілетін жағдайларла КГТҚ берілген түріндегі орнықты жұмыс жамауына кепілдік беретін орнықтылығының газдинамикалық қордың жеткілікті болуын тексеруді растау керек.
КГТҚ орнықтылығының газдинамикалық қоры бойынша дағдарысты деп танылған пайдалану режимі жағдайындағы жер бетіндегі және ұшу сынақтарына тексеру жүргізу керек. Қордың жеткілікті екенін расталған кезде төмендегі әдістердің бірі пайдаланылуы мүмкін:
1) КГТҚ орнықтылығының газдинамикалық қоры әдейі кішірейтілген, мысал, құралым элементтерінің, басқару бағдарламаларының езгеруі, сыртқы әсердің көбеюі есебінде бір данасының орнықты жұмыс істеуін көрсету. Қосалқының азаюы сынақ кезінде тікелей қайта өндірілмейтін (мысалы, КГТҚ жасағанға және реттеуге шартты рұқсат қордың шашылуы, ресурстарды қайта өндірілгеннен қордың азаюы) барлық берілген КГТҚ түрі үшін факторлардың әсеріне еліктеу керек. Қосалқыны әдейі азайтудағы көлемі сынақ бағдарламасымен бекітілуі керек;
2) дұрыс жамалған және реттелген, жеткілікті деп танылған КГТҚ көп мөлшердегі орнықты жұмысын көрсету.
Сынақ жағдайын таңдаған кезде мына факторлар КГТҚ орнықтылығының газдинамикасына (егер ол маңызды деп күтілсе) әсері есептелуі керек КГТҚ:
1) КГТҚ режимдерімен шартталған диапазонында жұмыс режимдерінің, оны басқару жүйесін және атмосфералық ауа температурасын реттеуге рұқсат беруінің өзгеруі;
2) (сынақ кезінде алынатын жасанды ауа ағынын пайдалану мүмкін) жердегі желді жағдай;
3) қозғалтқышқа кіре берісіндегі ауа ағыны өлшемінің деңгейі және ұшу жағдайымен шарттасқан және пайдаланудағы күтілетін жағдайлардағы мүмкіншіліктері мен рұқсат етілуіндегі ұшақ маневрлерімен оның тепе-теңсіздігі.
Сынақ тек дағдарыс жағдайларын және КГТҚ орнықтылығының газдинамикалық қордың жеткіліктілігіне көз жетерлік дәлел алынбаса текшелік сынақ кезінде пайдалану режимдерін тексеруге жол береді.
КГТҚ шығуына ГТД және КГТҚ қадамдық жұту газдарының мүмкіндіктерін және салдарын тексеру.
1550. Тексеру ұшақта мүмкін болатын КГТҚ шығуына ГТД және КГТҚ қадамдық жұту газдарының тиюі, жұмыс орынқтылығының бұзылуын және соңғы шамаларының бұзылуына жол бермейтіндігін көрсету керек.
Тексеруді орнында жұмыс кезінде немесе ұшақты басқарғандағы жер бетіндегі сынақта жүргізу керек, мұндағы мыналар бағалануы керек:
1) козғалтқыштардың КГТҚ шығуының әр түрлі режиміне жұмыс істеп тұрудан жұту газдардың тию мүмкіндігі;
2) оның кіретін жеріне жұту газдардың тиюі кезіндегі КГТҚ жұмысының сипаты мен өлшемі;
3) КГТҚ кіретін орындағы жұту газдар тиетін жерде режиміндегі ұшақты кондиционерлеу жүйесі үшін КГТҚ алынатын ауаның тазалығы. Бұл жағдайда ауа тазалығын бағалау жүргізілуі керек.
Сынақ кезінде келесі факторлардың сипаттамалары анықталатындарға әсері бағалануы керек:
1) желді жағдайларды пайдалануда рұксат етілген диапазонында желдің бағыты мен жылдамдығы;
2) қадамдық ГДҚ және КГТҚ жұмыстарының режимі. Тексеруді қадамдық ГДҚ жұмыс істеп тұрған кезінде, сол сияқты жұмыс істемей тұрған кезінде жүргізу керек. Кіретін жерге жұту газдарды тиген кездегі КГТҚ жұмысының сипатын жұмыс режимінде, сол сияқты оны ұшырған кездегідей бағалау керек.
1551. Ұшақта КГТҚ қолданылатын циклінің шамаларын тексеру.
КГТҚ жұмыс режимінің ұзақтылығы және берілген түрдегі ұшақта баламалы-циклдік сынақтар мен пайдалану бағдарламасы бойынша сынақтардың сыналатын циклдерді анықтау мақсатында КГТҚ күтілетін пайдалану жағдайларындағы қайталануын пайдалану циклінің шамалары анықталуы тиіс. Көлемі ұшу сынақтарының бағдарламасымен анықталады.
1552. КГТҚ пайдаланушылық технологиялығын тексеру.
Тексеру ұшақта пайдалану жағдайларында КГТҚ, олардың бөлшектеріне, тораптары мен РЭ және РО КГТҚ нұсқауларға сәйкес жүйелер агрегаттарына техникалық қызмет көрсету мен ауыстыруда ыңғайлы, қауіпсіз және бақылаулы қарау мүмкіндігінің қамтамасыз етілгендігін көрсету керек.
РО нұсқалған тұрақ жағдайында және басқа жағдайда ұшақта тікелей өткізу қажет болатын тексеру кезінде мыналарды бағалау керек:
1) КГТҚ бөлшектеріне, тораптарына, агрегаттарына, механикалық бұзылуды байқайтын құралдарға техникалық қызмет көрсету мен ауыстыруда ыңғайлы, қауіпсіз және бақылаулы қарауды талаптарына және РЭ мен РО нұсқауларына сәйкес қамтамасыз ету;
2) консервациялау және консервациядан алу рәсімдерін қамтамасыз ету;
3) КГТҚ роторының (роторларының) баяу айналымының ыңғайлылығы мен қамтамасыз етілуі;
4) гидрожетектерді тексеру мен басқаруды қамтамасыз ету. Тексеруді ұшақты пайдалануда әртүрлі климаттық жағдайларда жүргізген жөн.
231. КГТҚ сериялық және жөндеулік сынақтар
1553. КГТҚ сериялық және жөндеулі бағдарламалармен нұсқалған өткізу және бақылау текшелік сынақтар мен іріктеулерге, қажет болған жағдайда тағы да қосымша сынақтарға тап болады. Қажет болған жағдайда жөндеуді КГТҚ сынаған кезде нұсқалған өткізу және бақылау бағдарламаларынан айырмашылығы бар сынақтардың әдістері мен шарттары көзделуі мүмкін.
КГТҚ белшектелгеннен қейін бөлшектер жағдайларын тексеру мен сынақтар және іріктеулер мөлшері, егер құраманың, сапаның және жасап шығаруды бақылаудың кемелдігі, сонымен қатар жөндеуаралық ресурстар ішінде КГТҚ жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін сынақтардың әдістері көрсетілсе, қысқартылуы мүмкін.
1-ескерту. КГТҚ кез келген сынақтар немесе іріктеулер мөлшерін кеміту пайдалануда немесе оның құралымында едәуір өзгерістер енгізген кезде КГТҚ жұмыс қабілеттілігінің нашарлауы кезінде қайта қаралуы мүмкін.
2-ескерту. КГТҚ жөндеулік сынағының көлемі сериялық КГТҚ сынағы көлемінен айырмашылығы болуы мүмкін.
3-ескерту. Өндіріс кезінде КГТҚ аз сериялы сынақтары мен іріктеулер саны КГТҚ берілген мөлшеріндегі сынақтардың оң нәтиже негізінде емес, қолдануда берілген КГТҚ түрінің жалпы істелген жұмыс негізінде кемітілуі мүмкін.
1554. КГТҚ жөндеулік және сериялық сынақтар өткізу мен бақылау деп бөлу керек.
Өткізу сынақтардың мақсаты:
1) КГТҚ жасау және жинау сапасының техникалық шарттарына сәйкес тексеру;
2) КГТҚ жиынтығындағы бөлшектер мен агрегаттарын жұмыс істетуді жүргізу;
3) КГТҚ негізгі берілгендерінің берілген техникалық шарттармен сәйкестігін растау.
Бақылау сынақтарының мақсаты:
1) КГТҚ қайта жинау (өткізу сынақтан кейінгі) сапасының техникалық шарттарына сәйкестігін тексеру;
2) КГТҚ жиынтығындағы бөлшектер мен агрегаттарын жұмыс істетуді жүргізу;
3) КГТҚ басқару мен реттеуін, шамалары мен сипаттарының берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;
4) КГТҚ негізгі айтылғандармен берілген техникалық шарттарға оның қабылдағышына сәйкестігін ресми түрде растау болып табылады.
Ескерту. Тиісті негіздеме жағдайында өткізу және бақылау сынақтары бірлесуі мүмкін.
1555. Сынақтар жалпы талаптарға сәйкес өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламасында берілген бірізділікпен, сонымен қатар келесі қосымша ережелермен жүргізілуі керек:
1) КГТҚ шығу өлшемдерін статистикалық жағдайда өлшеу (электрлік қуатындағы алынатын ауаның өлшемдер) қабылданған түрдегі сынақ текшесінде жүргізілуі керек;
2) сынақтар кірудегі майдың ең жоғарғы температурада КГТҚ жұмысын енгізу керек. Осыған сәйкес режимге кірудегі майдың ең жоғарғы температурасы мен осы температураның көлеміндегі жұмыс уақыты сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Мұндай сынақтарды, егер бар материалдар қажеттілігінің жоқ екенін дәлелдесе, өткізуге болады;
3) егер өткізу сынақтарының процесінде кез келген негізгі бөлшек пен торапты ауыстыру қажет болса, бұл сынақтар немесе оның бір бөлігі сәйкес көлемде қайталануы тиіс. Егер өткізу сынақтарының процесінде кез келген көмекші құрал мен бөлшектің элементтерін ауыстыру қажет болса, онда мұндай ауыстыру тек қолданыстағы сериялық өндіріс құжаттамасына сәйкес КГТҚ басқа данасында сынақтан өткен элемент пен бөлшекке рұқсат етіледі;
4) КГТҚ орнатылған барлық агрегат жетектері, өткізу сынақ кезінде текшелік агрегаттармен немесе арнаулы жабдықтармен қабылданған әдіспен, жүктеме сәтінде пайдалану көлеміне сәйкес келумен жүктелуі керек;
5) өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламалары оған арнап ауа таңдау үшін белгіленген КГТҚ көздеу керек. Сынақтар КГТҚ белгіленген қосылған ауа тартқыштар мен жүйелер қызметінің және реттеу агрегаттары қанағаттанғандықпен КГДҚ жұмысының сенімді екенін көрсету керек;
6) егер басқасы сынақтар бағдарламасымен белгіленбеген болса, шығатын КГТҚ жабдығы үшін белгіленген сынақтар өткізу көзделу керек;
7) барлық сынақтар кезінде КГДҚ түрі үшін расталған отын, май пайдаланылуы керек.
1556. КГДҚ жұмысына ортақ баға беруге қосымша және оның сипатын анықтау үшін келесі мәлімдердің көлемдерінің мағынасын қамтамасыз ету керек:
1) ең жоғарғы және ең төменгі режимдердегі келтірілген газдың температурасы. Бұл температуралар расталған ең жоғарғы мөлшерден аспауы керек. Барлық өлшенген газ температурасының мөлшері сынақтардан алынған орташа температурадан ауытқу шегінде болуы керек;
2) келтірілген ең жоғарғы және ең жоғарғы ұзақ режимдегі қуатты мөлшерлер. Бұл мөлшерлер КГТҚ берілген түріне мемлекеттік сынақтар негізінде белгіленген және сәйкес шегінде болуы керек;