Ең жоғары | 12-30 |
Ең жоғары ұзақ | 75-00 |
Ең жоғары ұзақтың 75% | 12-30 |
Ең жоғары ұзақтың 50% | 12-30 |
Ең жоғары ұзақтың 25% | 12-30 |
Бос жүріс және (немесе) аз газ | 25-00 |
Іске қосулар | 175 |
Жүктеменің өзгерісі | 300 |
Ескерту. Егер КГТҚ-ның ең жоғары режимі жоқ болса немесе техникалық құжаттама бойынша ол үшін қол жетімді үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда 9.1-кестеде осы режимде көзделген істелген жұмыс тиісінше толық немесе ішінара ең жоғары ұзақ режимге арналған істелген жұмысқа ауыстырылады.
29-кесте
Бөлік | Кезеңнің сағаттағы- минуттағы ұзақ бөлігі | Жұмыс жағдайлары |
1 | 3-45 | Әрбір кезеңде 1 сағат 15 минуттан 3 цикл бар, олар: а) ең жоғары режимдегі 5 минуттық жұмыстан; б) бос жүріс немесе аз газдағы 5 минуттық жұмыстан; в) ең жоғары ұзақ режимдегі 1 сағаттық жұмыстан; г) бос жүріс немесе аз газдағы 5 минуттық жұмыстан тұрады. |
2 | 2-15 | Әрбір кезеңде 45 минуттан 3 цикл бар, олар: а) ең жоғары режимдегі 5 минуттық жұмыстан; б) бос жүріс немесе аз газды 5 минуттық жұмыстан; в) 75%-тік ең жоғары режимге арналған бірінші 22-15 циклдағы 30 минуттық жұмыстан; жұмыстың екінші циклында 50%; ал үшінші циклында 25% ең жоғары ұзақ режимнен; г) бос жүрістегі немесе аз газдағы 5 минуттық жұмыстан тұрады. |
1512. 150-сағаттық сынақтарды 25 алты сағаттық кезеңдерде өткізген жөн. Әрбір кезең (1-ден 25-ке дейін ретпен нөмірленген), әдеттегідей, КГТҚ ажыратпастан жүргізілуі және 29-кестеде көрсетілген бөліктерден тұруы тиіс.
Ескерту. 1. Ең жоғары режимнің 75, 50 және 25% режимдеріндегі жұмыс кезінде ауаны және электр қуатын таңдап алу шамасы сынақтар бағдарламасымен айқындалуы тиіс.
2. Егер КГТҚ-ның ең жоғары режимі болмаса, онда 9.2-кестеде ол үшін бөлінген уақыт ең жоғары ұзақ режимде жетілдіріледі.
3. Егер КГТҚ ең жоғары режимдегі жұмыс ұзақтығы 5 минуттан кем болса, онда 9.2-кестеде осы режим үшін бөлінген уақыттың қалған бөлігі ең жоғары ұзақ режимде пысықталады.
1513. Өлшемдердің өлшенуі 150-сағаттық сынақтар барысында жүргізілуі тиіс:
1) ұзақтығы 10 минуттан кем режимдер үшін - осы режимдегі соңғы 2 минуттық жұмысқа бір өлшем;
2) ұзақтығы 10 минуттан көп режимдер үшін бірінші өлшемді әрбір режимдегі 8-10 минуттық жұмыс арқылы қалған өлшемдер - режим аяғында немесе осы режимдегі КГТҚ жұмысын әрбір 15 минут арқылы орындаған жөн.
1514. Егер кез келген кезеңдердің жетілдірілген уақыты ішінде КГТҚ қосылған болса, онда бұл кезең, егер бұл қажет деп танылса, қайталануы тиіс.
Ескерту. Егер КГТҚ ажырату текшелік жабдықтың істен шығуынан туындаса, онда үздіксіз кезең істен шығу жойылғаннан кейін жалғастырылуы мүмкін.
1515. КГТҚ жұмысы бос жүріс режимінен ең жоғары ұзақ және кері режимге өту кезінде, техникалық құжаттамада ескерілген уақыт ішінде, сондай-ақ 0,5-1,0 с ішінде ауаны таңдап алуды кенет тоқтаған кезде тексерілуі тиіс.
Тексеру кезінде газ температурасының ең жоғары мәні («тастанды») мен турбиналық компрессор роторының (еркін турбина, егер ол болса) айналу жиілігін тіркеген жөн. Ауаны таңдап алу тез тоқтатылған жағдайда, қалқанның толық жабылған уақытын, турбиналық компрессор (еркін турбина) роторының айналу жиілігінің төмендеу («түсіп кету») шамасын өлшеген жөн.
Сынақтардың хаттамаларында құралдарды өлшеу үшін қолданылатын үлгісі мен дәлдігі көрсетілуі тиіс.
1516. 150-сағаттық сынақтар ішінде бос жүру режимінен ең жоғары режимге дейін жүктеменің 150 өзгерісі және бос жүріс режимінен ең жоғары ұзақ және кері режимге дейін (немесе ең жоғары ұзақ режимнен) жүктеменің 150 өзгерісі және ең жоғарыдан бос жүріс режиміне дейін кері өзгерістер жүргізілуі тиіс.
КГТҚ жүктемесі өзгерген жағдайда, оның жұмыс сипатын атап өту қажет (жатық, помпажсыз және т.б.).
1517. 150-сағаттық сынақтар кезіндегі ҚГТҚ 175 іске қосулар, оның 25-і бос жүріс, 125-і ыстықтай және 25-і жалған орындалуы тиіс.
Іске қосулар кезеңдер арасындағы мөлшермен тең аралықтар арқылы, сондай-ақ 150-сағаттық сынақтар басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. КГТҚ-ның аз газ немесе бос жүріс режиміне шығу уақыты тіркелуі тиіс.
1518. Барлық 150-сағаттық сынақтардың кезеңдері мәлімделген қысымға сәйкес келетін майдың қысымы кезінде жүргізілуі тиіс. Бір кезең (мысалы, 22) ең жоғары ұзақ режимде мәлімделген КГТҚ ең жоғары май қысымы жағдайында орындалуы тиіс.
1519. Барлық 150-сағаттық сынақтардың кезеңдерінде КГТҚ ең жоғары және ең жоғары ұзақ режимдерде істелген жұмысы осы режимдерге арналған техникалық құжаттамада көзделген ең жоғары кіретін май температуралары кезінде жүзеге асырылуға тиіс.
Майдың ең жоғары температурасына жету және ұстап тұру әдістері сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
1520. 150-сағаттық сынақтар алдында әрбір 50 сағат арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақтар барысында майды ауыстыру жағдайында оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін май жүйесінен алынған майға толық талдау жүргізілуі тиіс. Майды ішінара талдау үшін (механикалық емес қоспалардың маңызы және жарғыл температурасының ылғалдылығы), сондай-ақ құрамындағы металдарды талдау үшін сынамаларын алу сынақтардың әрбір 20-25 сағаты арқылы жүргізілуі тиіс.
Отынның, оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін толық талдау 150-сағаттық сынақтар алдында және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ 100 сағаттан кейінгі және сынақтар барысында отынның жаңа партиясының түсуі жағдайында жүргізілуі тиіс.
1521. Компрессордан ұшақтың кабиналарын үрлеу және желдету үшін кондиционерлеу жүйесіне алынған ауаны талдау 150-сағаттық сынақтардың басында және 7, 13, 17 және 25 кезеңдерінің аяғында жүргізілуі тиіс.
1522. 150-сағаттық сынақтар барысында КГТҚ орнатылған агрегаттардың жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі расталуға тиіс.
1523. Егер КГТҚ конструкциясында КГТҚ МҚЖ-ға ауаны жекелеп таңдап алу және оның ауа жинағышы көзделген болса, онда КГТҚ МҚЖ-ы 150-сағаттық сынақтардың барлық ұзындығының кем дегенде 25% ішінде, олардың 10%-і ішінде - ең жоғары ұзақ режимге, 10%-і аралық режимдерге және 5%-і бос жүріс (аз газ) режиміне қосылуға тиіс.
1524. 150-сағаттық сынақтар барысында ҚГТҚ және оның агрегаттарына қызмет көрсету РҚ-ға сәйкес жүргізілуге тиіс. РҚ-да көзделген регламенті жұмыс борттық жиынтыққа кіретін құралдарға ғана жүргізілуі тиіс.
Ескерту. Борттық аспап жиынтығының және қосалқы бөлшектердің даралық жиынтығын қанағаттанарлығын және жеткіліктілігін түпкілікті бағалау ұшақтағы КГТҚ пайдалану сынақтарының негізінде жүргізілуі тиіс.
1525. 150-сағаттық сынақтар аяқталғаннан кейін мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:
1) КГТҚ сипаттамаларын қайталап анықтау және оның негізгі өлшемдерін өлшеу;
2) КГТҚ текшеден алу және КГТҚ пен оның агрегаттарын сырттай қарау;
3) КГТҚ агрегаттарды алу, олардың сипаттамаларын тексеру мен бөлшектеу;
4) тозуын, крипін, деформациясын, тартуын және т.б. анықтау мақсатында КГТҚ ақауларын табу арқылы және бөлшектерін микрометриялық өлшеу мен бөлшектеу;
5) Бөлшектердің ақауларына ведомость жасау;
6) бақылау өлшеу аппаратуралары мен құралдарын баламалауды бақылау тексеру;
7) 150-сағаттық сынақтардың нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және акт жасау.
226. КГТҚ ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтар
1526. Ресурстың алғашқы мақсатын белгілеу жөніндегі сынақтар.
КГТҚ-ның алғашқы тағайындалған ресурсын белгілеу үшін тораптар мен негізгі бөлшектерге және тұтастай КГТҚ баламалы-циклдық сынақтар (БЦС) жүргізіледі.
Тораптар мен бөлшектердің сынақтары, негізінен, КГТҚ толық көлемдегі жүйесінде жүргізіледі. Мұндай жағдайда, олар тұтастай КГТҚ баламалы-циклдық сынақтармен бірлесуі мүмкін. Толық көлемді КГТҚ жұмысының жағдайларына сәйкес келетін аз циклды қажу бойынша жүктемені сақтау жағдайы кезінде автономды қондырғылардағы КГТҚ-ның жекелеген бөлшектеріне сынақтар жүргізуге рұқсат беріледі.
Баламалы-циклдік сынақтар сынақтық циклдарды бірнеше рет орындау жолымен өткізілуге тиіс. Баламалы-циклдық сынақтарға арналған сынақ циклдарын пайдалану циклының негізінде қалыптасуы тиіс, онда мынадай талаптар ескеріледі:
1) сыналып отырған циклдағы барынша жүктемеленген режимдерде істелген жұмыстың жиынтық уақыты қозғалтқыштың ыстық бөлігінің барынша жүктемеленген бөлшегінің пайдалану циклындағы істелген жұмыс уақытының ұзақ беріктігі бойынша баламалы болуы тиіс;
2) ауыспалы процестердің саны пайдалану циклындағы олардың санына тең болуы тиіс;
3) режимдердің жұмысы саласындағы, аз газды және бос жүріс режимдерін қоса алғанда, қозғалтқыштың динамикалық беріктігін растау үшін бірнеше диапазондарға бөлінеді және әрбір диапазонда пайдалану циклындағы 1 сағаттық істелген жұмысқа кем дегенде 1 минут есебінен істелген жұмыс қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілген сынақтар бірлесіп жүргізілуі мүмкін.
Аз кернеулі ұзақ стационарлық режимдердегі істелген жұмыстарды болдырмауға және ауыспалы процестердің бөлігін оларды барынша жүктемеленген режимдерге баламалы келтіру жолымен (тиісінше ұзақ беріктік және аз циклды қажу бойынша) рұқсат беріледі.
Жеткілікті техникалық негіздемелер болған жағдайда, осы қозғалтқыш үшін аз циклды қажу және ұзақ беріктік бойынша дағдарысты жекелеген бөлшектердің сынақтық циклдарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
КГТҚ бөлшектеріне баламалы-циклдық сынақтар жүргізген кезде, оларды қарауға, КГТҚ ішінара және толық бөлшектеуге, бөлшектерді ауыстырғанда ақау табылса, жөндеу пысықтамалары кезінде көзделген орындауға рұқсат беріледі. Қараудың саны олардың арасындағы уақыт сияқты реттелмейді, бөлшектердің барлық ауысуы, сағаттарға және сынақтық циклдардағы олардың істелген жұмысы (жалпы және режимдер бойынша) сынақтар бойынша есепке тіркелуі тиіс.
Қозғалтқыштың Nи тораптары мен бөлшектерінің эксперименталды тексерілген ұзақ тұрақтылығы іс жүзінде баламалы-циклдық сынақтардың ұзақ нәтижелерімен өткізілген шектердің сағаттардағы және сынақ циклдарындағы істелген жұмысы бойынша белгіленеді.
Негізгі бөлшектер мен тораптар үшін алғашқы тағайындалған ресурстың Nн пайдаланылған циклдарында мынадай формула бойынша айқындалады:
Ni=Ne$
ne
мұндағы $ - осы бөлшектердің немесе тораптың ұзақ беріктігі әсері ескерілген аз циклды қажудан зақымдануының жинақталуы бойынша сынақтық және пайдалану циклдарының сәйкес келу коэффициенті; nи-nи;бөлшектің сынақтан өткен даналарының саны кезінде қолданылған ұзақ тұрақтылығы бойынша қордың коэффициенті;
nи=1-nи=3,0;
nи=2-nи=2,5;
nи>3-nи=2,0;
Қор эксперименталды тексерілген ұзақ тұрақтылықтың Nи ең аз мәніне қатысы бойынша алынады.
КГТҚ-ның (сағаттардағы және циклдардағы) алғашқы тағайындалған ресурсты 1 КГТҚ-ның 1,2 сынақ циклдарының саны бойынша қоры бар баламалы-циклдық сынақтар негізінде белгіленеді.
Сынақ циклдары қалыптасады КГТҚ алғашқы тағайындалған ресурсты сәйкес белгіленген айырбастауға жатпайтын негізгі бөлшектердің алғаш тағайындалған ресурстарының ең аз мәніне тең болуы тиіс.
КГТҚ алғашқы тағайындалған ресурсын белгілеу бойынша жүргізілген сынақтардың барысында сағаттардағы немесе циклдардағы алғашқы ресурс КГТҚ үшін белгіленгеннен кем КГТҚ бөлшектерін ауыстыру көзделуі тиіс.
1527. КГТҚ-ның бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсын белгілеу жөніндегі сынақтар.
КГТҚ-ның бірінші күрделі жөндеуге дейінгі алғашқы ресурсын белгілеу үшін (сағаттардағы және пайдалану циклдарындағы) КГТҚ-ның үш текшелік сынақтары: біреуі - пайдалану бағдарламасы бойынша, екеуі - баламалы-циклдар бағдарламасы бойынша өткізілуі тиіс.
Ескерту. Баламалы-циклдық сынақтар үшін КГТҚ ретінде ұшу сынақтарына сәйкес КГТҚ пайдалануға рұқсат беріледі. Егер оның ұшудағы істелген жұмысы белгіленген алғашқы ресурстарынан кем болса, онда ол белгіленетін ресурсқа тең жалпы істелген жұмысқа дейін текшелік баламалы-циклды сынақтарға тап болуы тиіс.
КГТҚ-ның текшелік сынақтары пайдалану циклының негізінде қалыптасатын сынақтар циклдарын бірнеше есе орындау жолымен жүргізіледі. Сынақтың алғашқы күрделі жөндеуіне дейінгі алғашқы ресурсын белгілеу үшін ұзақтығы орташа пайдалану циклы кезінде бірінші күрделі жөндеуге дейінгі алғашқы ресурсқа сәйкес келетін пайдалану циклдарының санынан 20%-тен көп сынақтар циклдарының санымен өткізіледі.
Пайдалану бағдарламасы бойынша КГТҚ сынақтары үшін сынау циклдары орташаланған пайдалану циклының барлық белгіленген режимдердің сағаттарында істелген жұмыс және ауыспалы процестер саны толығымен ұдайы өндірілуі тиіс.
Баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша қозғалтқыштың сынақтары алғашқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін баламалы-циклды сынақтар сол бір сынақ циклын пайдаланып жүргізілуі тиіс.
Сынақтардан кейін әрбір қозғалтқышқа бөлшектеу және ақауын табу жүргізілуі тиіс.
Бірінші күрделі жөндеуге дейін бастапқы ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар, егер оларды жүргізген кезде роторлық бөлшектердің бұзылулары, сондай-ақ пайдалану жағдайларында қауіпті салдарлармен істен шығуға алып келуі мүмкін басқа негізгі бөлшектердің істен шығулары мен ақаулары болмаса, табысты ретіндей біліктендіріледі.
227. КГТҚ ұшу сынақтарына қойылатын жалпы талаптар
1528. «Ұшаққа орнатылғанға дейін» сертификаттау кезінде КГТҚ ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуі тиіс, олар мынадай тексерулерді қамтиды:
1) бос жүріс және жүктеме режимдеріндегі КГТҚ өлшемдері мен орнықтылығы;
2) оның қалыпты жұмысы және істен шығулардың имитациясы кезінде КГТҚ реттеу жүйесінің сипаттамалары;
3) КГТҚ іске қосу қасиеттері;
4) КГТҚ тербеліс корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
6) КГТҚ (МҚЖ) мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі;
7) үлгілік бейін бойынша ұшулардағы КГТҚ жұмысы.
1529. Сынақтарға мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын КГТҚ осы түрінің үлгісіне конструкциясы мен негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін КГТҚ тап болуы тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексерілген сипаттамаларға елеулі әсер етпейтін сол бір үлгідегі басқа КГТҚ жүргізілуі мүмкін.
1530. Сынақтарды КГТҚ тағайындалған сол бір үлгідегі ұшақта, не КГТҚ (ұшпа зертханаларда) сынақтары үшін арнайы жабдықталған басқа үлгідегі ұшақта орындауға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, КГТҚ жұмысына әсер ететін ұшақтың элементтері мен жүйелерінің конструкциясы осы элементтерге тәуелді (мысалы, біртектілік емес деңгейі және ауаның толық қысымының кіре берістегі отын қысымы мен температурасының, КГТҚ орналасу бөлігіндегі орташа температурасының, агрегаттардың электр қорек өлшемдерінің ысырабы) КГТҚ пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұдайы өзгерісін қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитаторларды пайдалануға рұқсат беріледі.
228. КГТҚ ұшу сынақтары
1531. КГТҚ жұмысының өлшемдері мен орнықтылығын бос жүріс пен жүктеме режимдерінде тексеру.
КГТҚ белгіленген бос жүріс және жүктеме режимдерінде, сондай-ақ жүктемені КГТҚ қосу жағдайындағы ауыспалы процестер кезінде, оның ұшудағы пайдалану жағдайында тексеру:
1) жұмыстық орнықтылығын және КГТҚ пен оның жылу және май жүйелерінің техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкестігін;
2) КГТҚ пайдаланудағы жұмысын бақылау құралдары мен оның конструкциясына кіретін ауа мен электр қуатын таңдап алу агрегаттарының жұмыс қабілеттігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) РП регламенттелген, негізгі белгіленген режимдердегі КГТҚ реттеу мен басқару бағдарламасы үшін тән белгіленген аралық режимдердегі аз газды режимнен бос жүріс режиміне дейін өту кезіндегі ауыспалы процестер жағдайында және әртүрлі қабылдағыштарды жекелеп және рұқсат етілген бір мезгілде қосу кезіндегі ауаны, электр қуатын таңдап алуларды қосу және ажырату кезінде жердегі жағдайларда КГТҚ және оның жылу мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) барлық үлгілік режимдердегі және РП пайдалануға рұқсат берген ұшу кезеңдердегі КГТҚ және оның отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері, оның ішінде:
- әр түрлі биіктіктерде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазоны қамтылған КГТҚ пайдаланудың күтілетін ең жоғары биіктігін қоса, деңгейлес белгіленген ұшуда бағалануы тиіс. Бұл ретте, КГТҚ жұмысы белгіленген режимдер мен ауыспалы процестерде тексерілуі тиіс;
- «вираж», «сырғанау» және «дөңестер» үлгісіндегі ұшақтың (ұшпа зертхананың) ең жоғары шама бойынша, оң және теріс қалыпты және бүйірлік жүктемелер іс-әрекетінің ұзақтығы, сондай-ақ биіктікті алған және тангаж бойынша КГТҚ пайдалану кезінде оң және теріс бұрыштарымен пайдалануда күтілетін ең жоғары төмендеулер жағдайындағы маневрлер кезінде бағалануы тиіс. Сынақтар КГТҚ режимдерінің осы жағдайларында барлық қолданғандарды қамтуы тиіс;
3) оның конструкциясына кіретін КГТҚ жұмысын бақылау құралдарын пайдалану жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігі;
4) КГТҚ конструкциясына кіретін ауаны және электр қуатын таңдап алу агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ жұмысының сипаты мен өлшемдеріне жердегі жел жағдайларының, атмосфералық ауа температуралары мен қысымдарының әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
1532. КГТҚ реттеу жүйесінің сипаттамаларын оның қалыпты жұмысы мен істен шығу имитациясы кезіндегі тексеру.
КГТҚ ұшудағы пайдалану жағдайларында тексеру КГТҚ жүйесі жұмыс қабілеттілігінің, реттеу сапасының және басқа жүйенің ұшуда пайдалану сипаттамаларының талаптарына және техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкестігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) КГТҚ жұмысының белгіленген режимдерінде реттеудің функционалдық кіші жүйелері әрқайсысының жұмыс аймағындағы реттелетін және шектелетін өлшемдерді ұстап тұруының орнықтылығы мен дәлдігі;
2) ауыспалы процестерді реттеудің берілген бағдарламаларымен [іске қосу кезінде және бос жүру (аз газды) режимінен жұмыс режиміне және кері режимге өтуі], осы процестер кезінде реттелетін және шектелетін өлшемдердің ең жоғары шамасы мен ауытқулар ұзақтығы өлшемдерін ұстап тұрудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) қосарласуы резервтік кіші жүйелермен (егер олар көзделсе) реттеуге автоматты түрде өтуін көздейтін реттеудің негізгі кіші жүйелерінің сондай істен шығуларының имитациясы кезінде ауыспалы процестер мен КГТҚ кейінгі жұмысының сипаты мен өлшемдері;
4) электрондық блоктар жүйесінің оған ұшақтың басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электромагниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезіндегі ықпалы жағдайындағы кедергіден қорғалғыштығы;
5) осы жүйенің конструкциясына кіретін қолда бар өзін өзі бақылайтын жүйе мен оның жұмысын пайдалану кезінде бақылайтын құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде мынадай факторлардың жүйе жұмысының сипаттамаларына әсер етуі (егер ол елеулі болып көрінсе) бағалануға тиіс:
1) әрбір функционалдық кіші жүйелердің жұмысы саласындағы ұшу биіктігі мен жылдамдығының өзгеруі;
2) ұшақтың кеңістіктегі және ұшудың динамикалық факторларындағы (сатылас жылдамдық, жүктелімдер) жағдайы;
3) реттеу агрегаттарын қоршаған ортаның температурасы.
1533. КГТҚ іске қосу қасиеттерін тексеру.
КГТҚ ұшуда пайдалану жағдайында тексеру өрт қауіпсіздігін және жерде КГТҚ суықтай және ыстықтай іске қосу мен пайдаланудың күтілетін жағдайларында іске қосудың талаптарына және техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкес қамтамасыз етілгендігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, олардың:
1) КГТҚ өлшемдері мен жердегі суықтай және ыстықтай іске қосу кезіндегі іске қосу жүйелері;
2) ауа жинағыштың ашық және жабық жармалары жағдайында ұшудағы КГТҚ авторотациясы режиміндегі айналу бағыты мен жиілігі;
3) КГТҚ өлшемдері мен оның ұшуда іске қосу кезіндегі, оның ішінде оның жұмысындағы ұзақ жылдық үзілістен кейін үлгілік крейсерлік ұшу ішіндегі авариялық энергия көздерінен іске қосу жағдайындағы іске қосу жүйелері;
4) КГТҚ іске қосу кезінде, оның ішінде РП сәйкес орындайтын қайталап іске қосулар кезінде пайдаланудың өрт қауіпсіздігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ іске қосу қасиеттеріне мынадай факторлардың әсер етуі бағалануға тиіс:
1) жердегі іске қосулар кезіндегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) КГТҚ ажырату сәттері мен оның келесі іске қосуының басталуы арасындағы ұзақ үзіліс;
3) іске қосу құрылғысының іске қосу кезіндегі және энергия қорегінің өлшемдеріндегі КГТҚ басқару мен реттеу аппаратураларының реттеудегі техникалық жағдайларымен жол берілетін ауытқулары.
1534. КГТҚ корпустары мен агрегаттарының тербелістер деңгейін тексеру.
Тексеру тербелістік жағдайларды тербелістік деңгеймен салыстырған ұшуларды пайдалану жағдайларында КГТҚ корпустары мен агрегаттарының тербелістерін қол жетімсіз көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ КГТҚ тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) КГТҚ тексерілетін жағдайлар мен режимдердегі КГТҚ корпустары мен агрегаттары тербелістерінің сипаты мен деңгейі;
2) КГТҚ тербелістердің бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды КГТҚ-ның қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін тербелістердің ең жоғары деңгейінің авариялық белгі берушінің жұмыс істеп кетуінің өлшемі бойынша қордың жеткіліктігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде КГТҚ жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымының тербелісті сипаттамасына әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануға тиіс.
КГТҚ корпустары тербелістерінің сипаты мен деңгейін тексеруді оның ұшаққа бекітілген тораптарының орналасу жазықтықтарында және тербелістерді пайдалануда борттық бақылауға алынған орындарда жүргізген жөн.
Тербелісі тексерілуге тиісті КГТҚ агрегаттарының тізбесі текшелік сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді. Әдетте, бұл тербелістерді туындатуы мүмкін агрегаттар болуы тиіс.
1535. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін тексеру.
КГТҚ ұшуда пайдаланудың жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігін, кедергіден қорғалғыштығының және тиімділігінің талаптарына және техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін көрсету қажет.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және КГТҚ жұмысы өлшемдерінің, оның жұмыс істеп кетуі имитациясы кезіндегі өзгеруі. Имитация белгіленген режимдер мен жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температурасы бар КГТҚ ауыспалы процестері кезінде орындалуы тиіс;
2) жүйенің электр блоктарының оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелерінің ықпалы кезіндегі және жердегі қызмет көрсету құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлі магниттік сәуле шығару және т.б. қуат көздерін қосу кезіндегі кедергіден қорғалғыштығы;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшақта (турбинаның қызып кетуінен қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеп кетуін болдырмау үшін) КГТҚ қалыпты жұмысы кезінде болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларын өтеуге талап етілетін істелген жұмыс жүйесінің өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) КГТҚ өлшемдерінің болжамды өзгерісінің имитациясы кезіндегі жүйенің жұмысына кірісуді туындататын, оның істен шығу жағдайындағы жүйе жұмысының тиімділігі. Тексеру жағдайын арнайы талдаумен белгілеген жөн;
5) пайдаланудағы жүйенің жұмысын бақылау құралдарының, егер ол бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
1536. КГТҚ мұз қатуға қарсы жүйенің (МҚЖ) жұмыс қабілеттілігін тексеру.